Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып. Қайта өрлеу мәдениеті.



№12.Тақырып. Қайта өрлеу мәдениеті.

1. Қайта өрлеу мәдениетінің негізгі сипаттары: гумманизм, неоплатонизм, саяси утопиялы.

2. Ренессанс – жалпы еуропалық мәдени құбылыс. 

3. Итальян қайта өрлеуіндегі поэзия мен бейнелеу өнерінің ролі.

4. Солтүстік Қайта өрлеу өнері: Нидерланды, Германия, Испания, Англия.

Батыс Еуропада қайта өрлеу орта ғасырдан жаңа заманға, феодалдық қоғамнан буржуазиялық қоғамға өтумен ерекшеленеді. Капитал жинақтаудың алғашқы кезеңі осы тұсқа сәйкес келеді. Алғашқы өнеркәсіп орындары мануфактура негізінде пайда бола бастады, Банк ісі дамып, халықаралық сауда қатынастары өркендей бастады. Жаратылыстану ғылымында ғылыми жаңалықтар ашыла бастады. Егер қайта өрлеу дәуірі зиялылар бағыты болса, ал реформация діни бағытта болды. Қайта өрлеу идеялары негізінен тек қана қоғамның жоғарғы қабатында қалыптасты. Қайта өрлеу мәдениеті бұқаралық және географиялық жағынан кең болмады.

Батыс Еуропа елдеріндегі Ренесанс мәдениетіндегі даму қарқыны әртүрлі болды. Шамамен Италияда ХІҮ-ХҮІ ғ. ал басқа елдерде ХҮ-ХҮІ ғ. Оның жалпыевропалық құбылысқа айналып кемелденген шағы ХҮІ ғ. саналады. Ал, ХҮІ ғ. соңғы онжылдықтарында Жоғарғы классикалық Қайта өрлеудің кезеңі басталды. Италиядағы Қайта өрлеу жеке адамның мақсаттары мен ұғынуының қорытындысы іспеттес болды. Қайта өрлеу мәдениеті Италияның барлық қалаларын дерлік қамтыды, әйтсе де оның орталығы брлып Флоренция қала берді.

Қайта өрлеу» терминін алғашқы рет қолданған белгілі суретші Джорджо Вазари (1512-1574) еді., бірақ ол антикалық дәуірдің қайта тууы деген мағынада берген. Әрі қарай, негізінен ХҮІІІ ғ. басиап Италиядағы Қайта өрлеу дәуірі деп басымырақ сипаттала бастады. Алайда ХІҮ-ХҮ ғ ғ. мәдениетін бұлай түсінудің басы осы дәуірдің өзінен басталады.

Гуманизм идеялық қозғалыс ретінде көпестердің айналасындағы, тирандар сарайындағы пікірлес адамдарды қамтыды, жоғарғы діни ұйым-папа канцеляриясынан орын тапты, саясаткердің қуатты қаруына айналды, бұқара халықтың арасында кеңінен етек алды, халық позициясына тереңдеп бойлады, сәулет өнерінің төрінен орын алды, суретшілер мен мүсіншілердің ізденістерін бай материалдар берді. Жаңа зиялылық интеллегенция қалыптасты. Оның өкілдері үйірмелер ұйымдастырды, университетте лекциялар оқыды, мемлекет билеушілерінің жақын кеңесшілері болып қызмет атқарды.

Гуманизм Қайта құру мәдениетінің принципі және кең қоғамдық бағыт ретінде антропоцентристік көзқарасқа негізделді де, барлық идеологиялық өрістерде жаңа орталық-құдыретті және таңғажайып тұлға орталығы қалыптасты.Жаңа көзқарастың негізін орта ғасырдың соңғы, жаңа дәуірдің алғашқы ақыны Данте Алигьери қалады. (1265-1324 ж ж.)

       Қайта өрлеу өнері шын дүниені танып білуге, оның әсемдігін, байлығын, әралуандығын бейнелеуге тырысты. Бұл жөнінен көркем суреттің басқа өнердің түрлеріне қарағанда көбірек мүмкіндіктері болды. Былайша айтқанда, Қайта өрлеу дәуіріндегі тұлғаны танып білуге деген ерекше құлшынысы ең алдымен көркемдік танымның түрлерінен басталды.

Қайта өрлеу суретшілері көптеген принциптерді шешті, қашықтық көріністердің түзу сызықты заңдылықтарын ашты. Қашықтық көріністер теориясын жасаушылар-Брунеллески, Альбертти, Леонардо да Винчи. Қайта өрлеу шеңберлері орта ғасырдың көркем суретіне жоқтың қасы болып кеткен көлемдікке, ырғақтыққа, түрдің айқындылығына көңіл бөле отырып әлемнің нақты заттық болмыстылыған қалпына келтіруге тырысты.

 №13.Тақырып. Жаңа заман мәдениеті.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.