|
|||
Тақырып. Кеңестік Қазақстан мәдениеті..№19.Тақырып. Кеңестік Қазақстан мәдениеті.. 1.Кеңес дәуіріндегі қазақ мәдениетінің тағдыры. 2.Тоталитарлық-әкімшілік жүйе және ұлттық мәдениет. 3.Мәдени саясаттың қарама-қайшылықтары. Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ,онда тоталитарлық тжүйеде ұлттық негізөдерді жойып жіберуге бағытталғанбольшевиктік шараларды ескеру керек. Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізөілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс»,»Манас», «Ер Сайын», «Шора батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тыйым салынды. Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі – домбыраны феодализмге апарып тіркеу. Әрине, ширек ғаксырға созылған бүкіл осы кезөеңді тек қара бояумен суреттеуден аулақпыз. Қазақстанда кеңес өкіметі жылдарында мәдени салада едәуір жетістіктер де болды. Партия саясатын түсіну үшін де елге «көзөі ашық», сауатты азөаматтар керек еді. Ресей сияқты бұрын негізөінен сауатсызө империяда халыққа білім беру жүйесі бірталай табыстарға жетті. Әр бір Одақтық республика өзө Ғылым Академияларына, мемлекттік университеттеріне, институттарына ие болды. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттықопера, балет,драма, симфониялар пайда борлып, ауқымы кеңи түсті. Қазөақ бұлбылы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара, кәсіпқой сахна жұлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов т.б өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді. ХІХ ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазөба әдебиеті де Кеңес өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұқтар Әуезов, Сәбит МҰқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында халықтың көзңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер суреттей білді. Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп білуге бағытталған біршама әрекеттер жасалды. Бұл ретте қазақ эпасының негізінде көрермендерге ұсынылған «Қыз-Жібек», Айман-Шолпан», Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қалқаман-Мамыр» сияқты опера, көркем фильм, балеттерін атап өтуге болады. Тарихи ескерткештерді қорғау, сақтау, Қазақстан тарихын көрсету мақсатында республикада көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. 80-жылдарда республикада 47 мұражай, оның ішінде 29 өлкетану, 5 тарихи-мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4 өнертану, 1 этнографиялық музей жұмыс істеді. Алайда тоталитарлық жүйе Қазақстан халықтарының мәдениетінің толысуына ынталы емес еді. Мұны, әсіресе мәдениеттің өзөегі тіл мен дінге байланысты көруге болады». Феодализм мен алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтарымен күресуді» желеу еткен Орталық 20-жылдардан бастап мешіт пен медресе мүлкін тәркілеп, діни өкілдерді қуғынға ұшыратты. Ондаған түрік халықтары алдымен латын, кейін славян алфавитіне көшірілді. 1920 жылдары билер соты жойылып, дәстүрлік заңдар жарамсыз деп жарияланды. №20.Тақырып. Қазіргі заманғы қазақ мәдениетінің басты проблемалары мен даму бағыттары.
|
|||
|