|
|||
Тақырып. Ортағасырлардағы Батыс мәдениеті.№10.Тақырып. Ортағасырлардағы Батыс мәдениеті. 1. Ортағасырлық мәдениетке дін мен шіркеудің тигізген әсері 2. Ортағасырлық Батыс Еуропа әдебиетінің ерекшелігі 3. Ортағасырлық қалалардың білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі. 4. Ортағасырдағы Батыс Еуропадағы сәулет өнері. 5. Христиандық мәдениет. Ортағасырлар дәуірі тек қана сұрапыл соғыс, қантөгіс, инквизициялық азғын дық кезі болып қойған жоқ, сонымен бірге батырлар аңызының пайда болуы, халық ертегілері мен рыцарлық эпостың, трубадурлар поэзиясының, алып-тұл ғалы соборлардың, керемет миниатюралардың, бұхаралық театрлық көрініс тер мен турнирлер уақыты да болды. Ғылым, білім, өнер салаларында –шіркеу үскемділік етті, солай бола тұра қалалы жерлерде шіркеуден бөлініп шыққан алғашқы діни емес оқу орындары пайда болды, осының негізінде кейін уни верситеттер дүниеге келді (1209ж. Кембридж, 1215ж. – Париж, 1348ж. - Прага және т.бсс). XI ғ бастап еритикалық қозғалыстар басталды. Шіркеулік доктринаға қарап ғылыми-философиялық көзқарастар қалыптасты. Ортағасырлық Батыс Европа мәдениеттің өзгеге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болды. Византиямен салыстырғанда өзіндік тарихи қалыптасу, даму жолы болды. Рим империясы құлағаннан кейін, оның батыс бөлігіне әр-түрлі басқа халық тардың еніп, тұрақтай бастады: готтар, франктар, бургундар, нормандар. Бір кездерде көшпелі және тәнірлік дінді ұстаған бұл халықтар енді жаңа мем лекеттің негізін құрып, хритсиан дінін қабылдады. Антикалық және варвар лық екі мәдениеттің яғни хритсиандық және тәнірлік ілімдердің арасындағы қақтығыс басталды: Готика дәуірі мәдениетінің ерекшеліктері ортағасырлар дағы жаңа және басты кезеңдермен тығыз байланыста болды. Соборлар өте ұзақ уақыт тұрғызылғандықтан сәулетшілер уақыты да алмасып отырды. Мысалға Реймс соборын алуға болады: 1211ж. тұрғызылып, XVғ. соңында аяқталды. Готикалық собордың сыртқы пішіні романдық үлгімен салыстырғанда мүлдем ерекше. Біріншіден, биіктігімен көзге түссе, тағы бір ерекшелігі траксепт (көлденең неф) біртіндеп қысқарып онымен бірге жоғарғы нефтің қиылысына орналасқан алып мұнаралар да қысқарып көз ден ғайып болады. Батыс фасадта жалпы көрінісі фантазияға толы қабырға мүлдем жоқ сияқты әсер қалдырды. Готикалық құрылыс конструкциялаудың белгілі принципіне бағынған жоқ. Ең үздік соборлар – Парижде, Реймсте, Амьенде, Ланде, Страсбургте соғылды Готиканың гүлденуімен қатар миниатюра да дамыды. (“Франция Хроникасының үлкен кітабы”, “Менесс“ қолжазбасы, Германия XIVғ”) Миниатюра ортағасыр адамының толық образын жасады. XVғ бастап готика сәулеті азаматтық тұрғыдан көріне бастайды. Замоктар біртін деп сарай ларға (дворецке) айналды. «Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет Италияда қайта өрлеу дәуірінде пайда болды. Бубондық сүзек («Қара өлім») сияқты эпидемиялардың салдарынан халық жаппай қырғынға ұшырап отырды. Бірақ, дәл осындай кезеңде де мәдениет ұдайы даму үстінде болды. Христиандық сана - ортағасырлық, ділдің (менталитеттің) негізі.Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі – мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқа руында. Христиандық ілімнің негізі – Иссус Христостың тірілгеніне, о дүниеде гілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне сену болып саналды. Батыс Еуропада қалалардың көп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храм дық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Ғылым. XI - XII ғ. бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XI ғ. Италияда Болон университеті ашылды. XII ғ. Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады. Англияда Оксфорд университеті (1167 ж.), ал одан кейін іле-шала Кембридж университеті (1209 ж.) – ортағасырлық білім ордаларына айналды. Фрациядағы алғашқы және ең ірі оқу орны –– Париж университеті (1160 ж.). Ортағасырлық Еуропаның ғылыми мәдениетінде алхимия ерекше орынға ие болды. Орта ғасырлық мәдениеттің басты элементі - әдебиет болды. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлық эпостар ерекше қанат жайды. «Старшая Эдда» эпосы –– баға жетпес әдеби туынды XII ғ. бұл елдерде латын жазуының пайда болуы кезеңінде жазылған. XIII ғ. Ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі –– Робин Гуд жайындағы балладалар. Францияда қала мәдениеті XI - XII ғ. туындады. Қаланың халық көп жиналатын аландарында актерлер, акробаттар, аң үйретушілер, музыканттар және әншілер жаппай өнер көрсететін. Театр өнері Англияда да қанат жайды. Ең бастысы театр қойылымдары XIII ғ. бастап ағылшын тілінде жүргізіле бастады. Батыс Еуропа елдеріне қарағанда Шығыс Еуропа елдері Византиямен тығыз мәдени байланыстар орнатуға ерекше мүмкіндіктер алды.
|
|||
|