Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Ежелгі Рим мәдениеті



№ 9 Тақырып: Ежелгі Рим мәдениеті

1. Этрустар мәдениеті.

2.Республика заманындағы Рим мәдениеті.

3. Империя заманындағы Рим мәдениеті.

Дәл осы тұстан бастап қазіргі Италия мемлекетінің жері көне мәдениеттің орталығына айналды. Сөйтіп антика өнерінің жаңа тарауы Ежелгі Рим мәдениеті басталды. Этрустар мәдениеті Апенин түбегіндегі ең көне өркениет болып саналды. Б.з.д. I мың.ж. Орталық және Солтүстік Италия ның жерінде Этрустық мемлекет-қалалар федерациясы құрылды. Этрустардың шыққан тегі мен олардың тіл құпиясы осы уақытқа дейін толық ашылған жоқ. Көптеген ғалымдардың пікірінше, олар Италияға кіші Азиядан б.з.д. IX—VIII ғасырда келген және олардың мәдениеті итальян топырағында гүлдену шегіне жеткен. Этрустар егіншілікті жетік меңгерген. Оған дәлел ретін де олардың жасанды суландыру жүйесіне кеңінен пайдалануы мен батпақты жерлерді құрға тып құнарлы жерге айналдыруын айтсақ та жеткілікті сияқты. Б.з.д. VIII—VI ғ. Этрурия ықпалы Жерорта теңізі өңірінің бүкіл батыс жартысына тарады. Этрустар салған жолдар, көпірлер және қазған каналдар құрылыс техникасының жоғары дамығандығын көрсетгі. Олар туралы Рим тарихшылары таңырқай жазған. Б.з.д. VI ғ. Этрурияның 12 ірі қаласын біріктірген одақ қалыптасты. Этрустар гректер сияқты 12 құдайға табынды және олардың мифологиялық ұғымдарын қабылдады, бірақ өзіндік ерекшеліктермен. Этрустар құдайлар үштігін - Юпитерді, Юнонаны және Минерваны бас құдайлар деп ерекше бағалап, олардың құрметіне үш храм салғыздырды. Этрустар құылғаннан кейін Рим республикасының кезеңі басталды. Б.з.д. IV/-ІІІ ғасырларда Рим этрус калаларымен қоса, бүкіл Апенин түбегін өзіне бағындырды, ал III-I ғғ. соғыстарда римдіктер өздерінің басты бәсекелесі Карфагенді күйретіп, одан соң Грекия мен Шығыс Жерорта теңізі өңіріндегі біраз мемлекеттерді жаулап алды. Бұл жайында грек тарихшысы Полибий жазды. I ғасырда Рим ежелгі дүниенің аса ірі құлиеленуші мемлекетіне айналды. Б.з.д. III ғасырдың аяғынан бастап Римнің әскер басылары жаулап алынған грек қалаларынан өнер шығармаларын кемемен тасып әкетіп жатты. Римнің қоғамдық ғимараттары, храмдары мен алаңдары Мирон, Фидий, Скопас, Поликлет, Лисипп, Пракситель сынды ұлы шеберлердің мүсіндерімен толды. Үздік өнер туындыларының үлгілерін жасауға Рим ақсүйектері қыруар қаржы жұмсады, сөйтіп грек түсіншілерінің ең атақты ескерткіштерінің көшірмелері көптеп дайындала бастады. Б.з.д. III—II ғ. аралығында Рим құрылысшылары сәулет өнерінде берік те су өткізбейтін бетонды алғаш рет пайдаланды. Рим әдебиетіне келетін болсақ, алғашқы кезде гректер рим жазушылары болды, тіпті алғашқы әдеби шығармалардың өздері де грек тілінен латыншаға аударылған. Осы кезеңдегі әлемнің ойшылдарының бірі - қоғам қайраткері, шешен, дарынды заңгер, философияның білгірі, тамаша жазушы – Цицерон болды (б.з.д. 106-43 ж.). Римнің саяси өміріне белсене араласқан, ол осы саясат саласына байланысты «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы» және т.б. ғылыми трактаттар жазды. Ұрпағына мол мұра қалдырған ұлы философ. «Құдайлардың табиғаты туралы», «Көріпкелдік туралы», «Академиктер ілімі туралы», «Тағдыр туралы», «Достық туралы», «Қарттық туралы», «Жамандық пен жақсылық туралы» және т.б. трактаттары. Август заманы - мәдениеттің гүлдену заманы болды. Империя заманында императорлар гладиаторлар шайқасы үшін орасан зор амфитеатрлар салғызды. Солардың ішіндегі ең ірісі Римде салынған Колизей. Антикалық дүние танымдық көзқарастарда кейінгі кезде қалыптасқан негізгі фиолсофиялық ілімдерге тән идеялардың барлығы дерлік орын алды. Ежелгі грек мәдениеті антика өркениетінен анағұрлым кеш пайда болып, ғасырлар бойы өз сәулесін түсіріп келеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.