Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ежелгі Месопотамия мен Иранның мәдениеті



Ежелгі Месопотамия мен Иранның мәдениеті

Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мемлекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып тұрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ. Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдени Шумер – аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон мәдениетінің негізін қалаушылар болып саналады.

Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат тарихындағы алғашқы «алтын ғасыр туралы» поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар «Месопотамия – архивтер отаны» деп тегіннен-тегін атамағанын атап өткіміз келеді, өйткені мұнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер – ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының тұңғыш күнтізбегін жасағанда осы шумерліктер.

Дүние жүзінде алғашқы жазуды ойлап табу да осы дарынды халықтың үлесіне тиген. Шумерлер сына жазуын ойлап табумен қатар, оның жетілген оқулықтарын, грамматикасынг жасады.

Қос өзеннің байырғы тұрғындары – шумерлердің діни наным-сенімдері де, мифологиясы да жан-жақты дамыған. өз құдайларын «діңгір-тәңір» деп атаған шумерлер әлемінің жаралуының басын «Ан-Ки» деп білген. «Аны» аспан, «Киі» - жер, демек олар көк иесіне «Ан» деген, ал жер иесіне «Ки» деген атақ берген.

Қазіргі заман мәдениетінде шумер-вавилондық математика мен астрономия өз ізін қалдырды. Оған дәлел ретінде күні бүгінге дейін шеңберді 360 градусқа, сағатты 60 минутқа, ал минутты секундқа бөлген шумерлік есептеу жүйесін қолданатынымызды айтсақ та жеткілікті сияқты.

Шумер – Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вавилон болды. Б.з.д. II мыңжылдықтың ортасында Хаммурапии патшаның тұсында (б.з.д. 1792-1750 ж. патшалық құрған) Вавилон қаласы бүкіл Шумер және Аккад облыстарын өзінің қол астына біріктірді. Хаммурапидың кезінде екі метрлік тас діңгекке сыналып жазылған атақты заңдар жинағы өмірге келді. Кейінгі ғасырларда Вавилонның қуаты мен саяси маңызы адамдардың ең ежелгі және ұлы мәдениеттердің бірін гүлдендіріп, одан әрі дамыту ассириялықтардың үлесіне тиді.

Ассирияның алдыңғы Азиядағы үстемдігі тым ұзаққа созылған жоқ, б.з.д. VI ғ. Вавилон мен Ассирияның орнын қуатты Иран империясы басты.

  Иран өркениетінің тірегі – зороастризм діні болды. Ол мемлекеттік дін болғандықтан мемлекет тарапынан үлкен қолдау тапты. Зороастризм тек қана діни наным-сенім жүйесі ғана емес, сонымен қатар философиялық, дүниетанымдық жүйе болып табылады. Зороастризм ежелгі заманның философиялық жүйелерінің қалыптасуына, христиан және ислам діндеріндегі жорамалдық ілімдерге де зор әсер етті.

Зороастризм дінінің негізін қалаушы Заратуштраның өмірі мен ілімі туралы ғылымда әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Ғалымдардың айтуынша, Заратуштра грекше «Зороастр» деген сөз ежелгі Иранның сөзінен шыққан «түйелі адам», «түйе жетектеген адам» деген мағына береді. Зороастризмнің қасиетті кітабы - әдеби және мәдени жәдігер «Авеста». Б.з.б. IV ғ. Александр Македонский жаулап алғаннан кейін Иран дәл Египет сияқты эллинистік мәдениетінің арнасына қосылды.

 

 8-Тақырып: Антикалық Грекия мәдениеті. 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.