Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ластанған су экожүйесін биоремедиациялауда микробалдырларды қолдану



15. Ластанған су экожүйесін биоремедиациялауда микробалдырларды қолдану

Су экожүйелерін зерттеуде ерекше орынды микробалдырлар алады. Себебі бұл ағзалардың кейбір топтары эволюция үдерісінде белгілі бір экологиялық факторларға бейімделеді, суқоймаларда микробалдырлардың белгілі бір систематикалық топтары өкілдерінің болуы немесе болмауы бойынша суқоймалардың ластану дәрежесі, олардағы поллютанттардың токсикалығы туралы айтуға болады, және сәйкесінше суқоймалардың ремедиациясы үшін қажетті жолдар мен құралдарды жасау. Ағын сулардың тазалану дәрежесі мен жағдайын индикациялаудың биологиялық әдісі осы принципке негізделген, бұл әдіс микробалдырлардың түрлік құрамы және сандық дамуы бойынша зерттелетін суқойма суының химиялық құрамын айтуға мүмкіндік береді.

Бір сөзбен айтқанда, фототрофты микроорганизмдерді қолданудың негізгі артықшылығының бірі олардың көбеюінің жоғары жылдамдығы, бұл зертханалық жағдайларда көптеген ұрпақ бойы клеткалық популяцияны бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, микробалдырлардың фотосинететикалық аппараты әртүрлі ластаушы заттарға сезімтал болып келеді және олардың әсеріне бірінші болып жауап қайтарады . Фототрофты микроорганизмдер клеткаларының пигменттік аппаратының фотосинтетикалық активтілігінің өзгеруі фототрофты микроорганизмдердің жалпы физиологиялық күйінің көрсеткіші бола алады, бұдан шығатыны олардың тіршілік ету ортасының күйін де сипаттай алады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.