|
|||
Микроорганизмдердің су тоғандарының өзіндік тазалаудағы ролі13. Микроорганизмдердің су тоғандарының өзіндік тазалаудағы ролі Су қоймаларының өздігімен тазаруына қарапайымдылар жағымды қасиет көрсетеді. Олар коллоидтарды, ұсақ қоспаларды жинайды, бактерияларды жояды, ең алдымен патогенді түрлерін де. Бір инфузория 1 сағатта 30 000 бактерияны жояды. Сонымен қатар, бактериялардың паразиттері - бделловибриондар бактериялық клетканың периплазмасына еніп, ішінде көбейеді де оларды жояды. Бделловибриондар энтеробактериялар, псевдомонада, вибриондар тұқымдастығына кіретін патогенді бактерия-ларды жояды. Бделловибриондар қалдық суда, илда, топырақта тіршілік етеді. өте ластанған ашық су қоймаларында, 1 мл суында 1000 бделловибриондар кездеседі. Микробтық ластану азайғанда бделловибриондарда жойылады. Сондықтан таза су қоймаларында олар кездеспейді. Сутоғандарының табиғи өзіндік тазалану жылдамдығы ластанулардың саны мен құрамына, таза сумен араласу деңгейіне, судың ағысының жылдамдығына, оттегіне қаныққандығымен оны пайдалану жылдамдығына, фотосинтез динамикасына, температураға байланысты болады. Сонымен қатар, адсорбция және тұнбалану үрдістеріде маңызды орынды алады. Ластаушы заттар немесе олардың айналым өнімдерінің жарты бөлігі сутоғандарының түбіне тұнбаланып, тұнба шөгінділерінде жиналады. Онда микроорганизмдер қарқынды дамып, ластаушы заттардың толық жойылуына дейін деструкциясы жүреді. Ластаушы заттардың жарты бөлігі әртүрлі организм клеткаларымен аккумуляцияланып, су түбіне тасымалданады.
14. Судың спецификалық ластануы және микроорганизмдердің рөлі. Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды: биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар; химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер; физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар. Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Су ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;өнеркәсіп орындары;ауыл шаруашылығын химияландыру:халық шаруашылығының басқа да салалары. Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.
|
|||
|