Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Су микрофлорасы пәні мен мақсаты. Негізгі терминдер.



1.Су микрофлорасы пәні мен мақсаты. Негізгі терминдер.

Экологиялық ғылым болғандықтан, сутоғандарының микрофлорасы судың микробтық қауымдастығын ортамен қарым-қатнасын, биосфераның бір тірі кешені ретінде- биогеоценоздар немесе экожүйелер ретінде қарастырады. Өзінің дамуның алғашқы сатыларында гидробиология көп назарды жеке организмдердің экологиялық зерттеуіне бөлген. Бұндай аутоэкологиялық бағыт қазіргі заманғы гидробиологияда да сақталған болса да, қосалқы орында тұрады. Бірінші орында демэкологиялық және синэкологиялқ зерттеулер, яғни гидробионттар мен гидробиоценоздардың популяцияларын толық жүйе ретінде,білгілі структураға, функцияға және сыртқы ортамен әрекет ете алатын сипатқа ие тірі материяның жоғарғы формалары ретінде қарастырылады. 

 

2. Сутоғандарының классификациясы мен типологиясы. Сутоғандарындағы экологиялық қуыстар. Су микробиологиясының даму тарихы.

Сутоғандарының классификациясы; мұхиттар мен теңіздер, өзендер мен ағындар, суқоймалар мен тоғандар.

Сутоғандарның вертикальды экологиялық зоналары, оның құрылысының негізгі ерекшеліктері: мұхит пен теңіздегі бенталь— супралитораль, литораль, сублитораль ( шельф зонасы), батиаль (материктік бөктер), абиссаль (мұхит арнасы), ультраабиссаль (тереңсулы астаушалар). Пелагиалиядағы сәйкесінше тармақтар— эпипелагиаль, мезопелагяаль, батипелагиаль, абиссапелагиаль.
Сутоғандарының климатикалық зоналары— арктичкалық, бореальды, тропическалық, нотальды и антарктикалық зоналар.

Су бактериялары сутоғандарының негізгі экологиялық қуыстарында таралған – су қабатында (бактериопланктон),  су түбіндегі тұнбалар (бактериобентос), суға енген заттар мен өсімдіктер (бактериофитон), су мен ауа шекарасындағы беттік пленка (бактерионейстон). Су бактерияларның көбісінің мөлшерлері 1 мен 5 мкм араснда болады. Формалары әртүрлі - кокктар, таяқшалар, спириллалар, вибриондар және т.б.

Су микробиологиясның дамуына үлес қосқан ғалымдар: Н.Г. Холодный, С.И. Кузнецов, Г.С. Карзинкин, А.С. Разумов,   Б.Л. Исаченко, А.Е. Крисс, И.Е. Мишустин, И.Н. Мицкевич, М.И. Новожилова, М.Н. Лебедева и О.Г. Миронов.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.