Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Су микробиологиясының әдістері



3. Су микробиологиясының әдістері

Су және топырақ үлгілерін алу, осы мақсатта қолданлатн құрылғалар.Судағы жіне топрақтағы бактериялардың санын тура және жанама әдістері арқылы анықтау. Судағы жіне топрақтағы бактериялардың генерациялану уақыты мен бактерияалды массаның өнімділігін анықтау. Бактериялардың жеке физиологиялық топтарының санын анықтау. Ауыз,өндірістік және қалдық суларды зарарсыздандыру.  Сутоғандарының экологиялық жағдайын бағалау әдістері- биоиндикация және  биотестестілеу әдістері.

Үлгілерді сипаттау

Судың мөлдірлігібірнеше факторларға байланысты: лайдың, құмның мөлшері, микроорганизм саны, және химиялық заттардың болуы немесе болмауы.

Судың иісін анықтау үшін пробирканы пробкамен жауып, шайқау керек. Содан кейін пробирканы ашып, иіскейді. Табиғи сулардың иісінің қарқындылығы (интенсивтілігі) 2 баллдан аспауы керек.

Үлгілерді консервациялау

Зерттеуге алынған су үлгілері номерленуі керек, ал документте көрсетілуі керек: су қоймасының аты, оның орналасқан жері; үлгілер алынған жерлердің сипаттамасы (су қоймалары үшін жағадан арақашықтығы және тереңдігі), ластану көздерінің жақындығы, ағыстың жылдамдығы, метеорологиялық жағдайлар (ауаның және судың температурасы, желдің, толқынның болуы; үлгі алынған күні (сағаты, күні, айы, жылы), зерттеу мақсаты. Документке үлгіні алған адам қол қояды және оның қызметі көрсетіледі.

Микроорганизмдер санын анықтау

Микроорганизмдер санын анықтаудң екі жолы: микроскоп астында клеткаларды тура санау және қатты орталарға егіп отырғызғаннан кейін жанама нықтау жолы. Микроорганизмдер санын көбінесе микроскоп астнда тура санау арқылы анықтайды, бұл кезде әдетте тірі және өлі клеткаларды ажыратпайды (Виноградский бойынша). Микроорганимдер клеткасын жарық микроскобы астында сұйық үлгінің белгілі көлемінде санауға да болады ( Тома–Горяев, Петрова–Хаузер камералары).

Микроорагнизмдерді бөліп алу жіне фенотиптік анықтау

Табиғи үлгілерді табақшаларға отырғызу кезінде екі нәтижеге жетуге болады: микроорганизмдерінің таза культураларының жеке колонияларын алу  (бір клетка клондары) және әртүрлі организмдерді фенотиптік анықтауды бастау (колонияларды сипаттау). Кейбір жағдайларды жеке алынған колониялардан анализға пластинкалар негізілуі мүмкін (API-тест, Biolog),олардың нәтижелері бойынша микроорганизм туысын да анықтауға болады.  

 

4. Микроорганизмдердің суда таралуына әсер ететін факторлар

Әртүрлі су қабаттары жарық, химиялық құрамы, оттегі мөлшері, микробты құрамының сапасы бойынша ерекшеленеді. Су қабатында тіршілік ететін организмдер үшін судың тығыздығы үлкен роль атқарады. Судың тығыздығы су қысымымен байланысты болады. Су тереңдігіне байланысты судың қысымыда жоғарлайды.

Төменгі тереңдікте баротолерантты және барофильді организмдер тіршілік етеді. Кіші организмдердің жылжуы кезінде судың тұтқырлығы үлкен әсер етеді. Оны пуаз (пз), сантипуаз (спз) бірлігімен есептейді.

Судың температуралық режимі жылудың күн арқылы түсуімен анықталады

Мұхит жер бетіне түсетін күн сәулесінің 80% жұтады. Температуралық режим судың географиялық орналасуына, тереңдігіне, судың циркуляциялық сипатына байланысты. Жоғары деңгейде орналасқан су тоғандары салқын және термотұрақтылығыда төмен болады. Тереңдікке түскен сайын температурада төмендейді. Судың беткі аймақтарында мезгілді және тәулікті температураның өзгерісі жүреді.

 Судағы температуралық жағдай мезофильді, факультативті және облигатт психрофильді микроорганизмдердің дамуына қолайлы. Термофильді микроорганизмдер мұхиттың кеңейген түбінде не гидротермнің шығу жерінде, ыстық қайнарда, кальдерлі көлдерде кездеседі.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.