Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тұщы су микрофлорасы. Ауыз суының микрофлорасы.



5. Тұщы су микрофлорасы. Ауыз суының микрофлорасы.

Микроорганизмдердің саны судың шығу тегіне байланысты. Шығу тегі бойынша табиғи тұщы сулар үш негізгі топтарға бөлінеді: атмосфералық (жауын шашын); жерасты (минеральды сулар және артезиан сулары); жер үсті немесе континентиальды, олардың өзі табиғи (өзен, көл, батпақ) және жасанды (каналдар, суқоймалары, көлшіктер, тоғандар).  Жаңбырлы сумикроорганизмдерге кедей келеді, олар ауадағы шаң тозаңдарды ұстай отырып микроорганизмдерге байиды. Сондықтан қалалық аймақтардың жаңбырлы сулары ауылдық жаңбырлы сулармен салыстырғанда микроорганизмдерге бай келеді.

Сутоғандарындағы барлық микроорагнизмдер қауымдастығы «микробиальды планктон» деген терминмен анықталады. Суда үнемі мекен етеін микроорганизмдерге жатады: Azotobacter, Nitrobacter, Micrococcus, Pseudomonas, Proteus, Spirillum және т.б. Сутоғандар микрофлорасын 2 топ құрайды: аутохтонды (судың өзінде бұрннан мекендеуші) және аллохтонды (ластанған кезде срттан түсетін) микроорганизмдер. Аутохтонды микрофлора – суда үнемі менкен етіп, көбейетін микроорганизмдер қаумдастығы. Аллохтонды микрофлора – суға кенеттен түсіп, онда қысқа уақыт қана сақталатын микроорганизмдер қауымдастығы.

Ауыз суы да өндірісте қолданылатын сулар сияқты барлық санитарлы-гигиеналық көрсеткіштерге сай болуы керек. Ауыз су — органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек; түсі 200-тан төмен, мөлдірлігі 30 см-ден артық; лайлығы 2 мг/л-ден аз, кермектілігі 7 – 100 ммоль болуы керек. Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордың ауыз судағы мөлшері 0,7 – 1,5 мг/л-ден төмен болуы – флюороз және кариес, темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі – анемия, бордың аз болуы асқазан, никельдің кем болуы – көз ауруларына шалдықтырады. Ауыз судың температурасы 8 – 150С аралығында, минералдығы 1 г/л-ге дейін болуы тиіс. Ауыз суға сондай-ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 л судағы ішек таяқшаларының саны (коли-индекс) бойынша т.б. талаптар қойылады.Ауыз суында бөгде дәм, иіс, суға тән емес бояу болмау керек және қаттылығы 18-20° аспау керек.

Ауыз су үлгісін алу үшін сыйымдылығы 0,5—1 л. кішкетай шыны сауыт (склянки) қолданылады

Краннан су үлгісін алу үшін, алдын ала отпен жанған, спирт жағылған мақта тампонымен күйдіреді. Содан кейін суды ашып, 10 мин.түсіреді. Суды үлкен бөтелкеге стерилдік ережелерін сақтап құяды.

Ауыз суы жақсы болып саналады, егер бактериялар саны 1 мл — 100 аспаса; күмәнды— 100-150; ластанған —  1 мл-де 500 немесе одан да көп бактерия болса.

Титрлеу әдістің негізі: белгілі көлемдегі суды сұйық ортаға отырғызғаннан кейін бактерияны жинақтауға негізделген, содан кейін оны дифференциальды-диагностикалық ортаға егеді де, колонияларды дақылдық және биохимиялық тесттер бойынша идентификациялайды.

 Егілетін судың көлемі зерттелетін объектінің қасиетіне байланысты, бірақ міндетті түрде 2-3, кей жағдайларда рет қайталап егеді.   



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.