Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Теңіз және әлемдік мұхит микрофлорасы



6. Теңіз және әлемдік мұхит микрофлорасы

Дүние жүзілік мұхит және құрлық бөлігіндегі теңіздерден тұрады. Дүние жүзілік мұхит суы микроорганизмдердің арнайы ортасы болып табылады. Ол судың тұзды құрамы, төменгі температура, жоғарғы қысым, органикалық заттардың аз концентрациясымен байланысты.

Дүние жүзілік мұхиттың ашық аудандарында микробтардың жалпы саны мұхит қабатында 1 мл – де бірнеше мыңнан жүз мыңға дейін жетеді, ал өте терең аймақтарда 1 мл – де жүз және онға жейін төмендейді.

Теңіздерді микроорганизмдердің саны көлдердегі сияқты жағадан тереңдікке алыстаған сайын төмендейді. Жағалық аймақта микроорганизмдердің саны ашық теңізбен салыстырғанда жоғары болады.

Теңіз суының органикалық заттардың құрамына азотты қосылыстар, көмірсу, органикалық қышқылдар, липидтер, витаминдер және т.б. органикалық заттар кіреді. Олар суда өлген өсімдік, жануарлар, және бактерия организмдеренің ыдырау деңгейімен жиналады.

 Теңіздер мен мұхиттарды күкірттісутекпен байытудың негізгі себебі, сульфатредукциялаушы бактерияларболып табылады.Тионды бактериялар күкірттің минералды тотықсыздандырылған қосылыстарының немесе бос күкірттің тотығуы нәтижесінде энергия алады. Элементарлы күкірт күкірттісутектің, тиосульфаттың немесе сульфиттің тотығуының аралық өнімі болып табылады және де клетка сыртында жинақталады.

 

7. Галофильді микроорганизмдер, олардың алуантүрлілігі, физиологиялық биохимиялық ерекшеліктері және олардың қоректену орталары

Галофильды микроорганизмдер бұл теңіз суында жоғарғы деңгейде дами алатын микроорганизмдер түрі, олар судың жоғарғы концентрациялы тұздылығна бейімделген, тұз концентрациясы 2 ден 30 % дейін болғында дами алады.   Галофильды микроорганизмдер, олардың әртүрлілігі және өндірісте қолданылуы. Галофильді прокариоттардың әртүрлілігі және мекен ету орталары. Галофильды микроорганизмдердің физиолого-биохимиялық ерекшеліктері. Органикалық заттардың микроорганизмдермен деструкциялануы және өнімділігі. Микробтық ортада трофикалық байланыстардың алуантүрлілігі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.