|
|||
Теңіз микроорганизмдерінің физиологиялық топтары8. Теңіз микроорганизмдерінің физиологиялық топтары Галофилдер. Теңіз суындағы 2 ден 30 % дейінгі жоғырғы концентрациялы тұздылықта мекен етіп көбейе алатын микроорганизмдер. Барофилдер – теңіздің терең ойыстары мен терең қабаттарында мекен ететін микроорганизмдер, олар өте жоғары гидростатикалық қысымға ( 50 МПа дейін) төзімді болады.Олардың көпшілігі Pseudomonas, Micrococcus және Bacillus туыстарына жатады.
Фототрофты және фотосинтездеуші бактериялар — тұщы және тұзды суларда кең таралған микроорганизмдер тобы. Әдетте олар күкіртсутек бар орталарда жиналады, кішігірім сулар мен үлкен тереідіктерде де кездеседі. Топырақта фототрофты бактериялар саны аз болады, бірақ су басу кезінде интенсивті түрде кездесуі мүмкін. Фототрофты бактериялардың дамуын бақылау жинақтық дақыл алып және микроскопиялқ зерттеулерге жүгінбей ақ жүргізіледі, себебі олардың көбісі ашық боялған пленкалар түзеді және суасты заттар өсуі мүмкін. Бұндай макроскопиялық түзілімдер күкірт бұлақтарында, лиманаларда, бухталарда, өзендер мен тоғандарда жүреді. Кейде тіпті фототрофты бактериялардың массалық дамуы салдарынан сутоғанындағы судың түсі өзгеріп немесе боялады. Соңғы құбылыс табиғи тұздарында күкіртсутек кездесетін көлдерде жий кездеседі. Барлық деректерге сүйенсек, пурпурлы және жасыл бактериялар- қазіргі кезде кездесетін фотосинтездеуші бактериялардың ең көнесі. Басқа фототрофтардан оларға прокариоттарға жататын соңғы кезде көк-жасыл бактериялар немесе цианобактериялар деп аталып жүрген көк-жасыл балдырлар жатады. Келесі атауларды енгізу де ұсынылған:: Rhodobacteria (пурпурлы бактериялар), Chlorobacteria (жасыл бактериялар) және Cyanobacteria (көк-жасыл бактериялар). Бірақ тек пурпурл және жасл бактериялар ғана фотосинтезді оттегін бөлмей іске асырады. Онымен қоса олар, басқа фотосинтездеуші формалардан, көк-жасыл балдырлардан хлорофиллдер құрамы мен басқа пигменттер құрамымен ерекшеленеді. Фототрофты эукариотты микроорганизмдерге микробалдырлар жатады. Микроскопиялық балдырларды кез келген су экожүйесінің ең маңызды кешендердің біріне жатады, және антропогенді қысымға қарсы алғашқы рольды ойнайды.
|
|||
|