Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Судың патогенді микроорганиздермен ластануы.



10. Судың патогенді микроорганиздермен ластануы.

Загрязнение водоемов патогенными микроорганизмами и распространение возбудителей инфекционных болезней через воду

Сутоғандарының бактериалд ластануының негізгі көзі- тұрмстық және өндірістік сулар болып табылады. Қала канализациясның ақаба қалдық суларның 1 мл-де миллиардттаған микроб клеикалары кездеседі. Тұрмыстық сулар микрофлорас негізінен адамның және жануарлардың ішек құрылысынан бөлінетін сапрофитті микроорганизмдер, және адам денесі мен басқа да заттар жуындыларынан бөлінетін микробтар.

Ауру адамдар мен жануарлардан суға патогенді микробтар, соның ішінде ішек инфекцияларын тудыратын (холерлы вибрион, дизентерия таяқшасы және іш сүзегі тасқшасы, сальмонеллалар, патогенды эшерихиялар); зооантропонозды аурулар қоздрғыштары (сібір жарасы бацилласы, туберкулез бактериясы, бруцеллез , туляремия бактериялары). Онмен қоса сутоғандарның пастереллалармен, стрептококкокпен, патогенді анаэробтармен, полиомиелит вирустарымен, гепатит, ящур вирустармен ластану ықтимал.

 

11. Сапробтылық. Биоценоз - сулардың сапробтылығын анықтайтын индикатор ретінде.

Сутоғандараның органикалық заттармен ластану деңгейі сапробтылық деп аталады. Сутоғандары органикалық заттармен ластану деңгейіне байланысты, полисапробты (өте қатты ластану аймағы), α мезосапробты және β мезосапробты (орташа ластану аймақтары), және олигосапробты (таза су аймағы) болып бөлінеді.

Сапробтылық шкаласы бойынша 3 аймақ анықталған: полисабробты, мезосапробты, олигосапробты.

Полисапробты аймақта (өте ластанған аймақ) органикалық заттар саны өте көп, тез ыдырайды да микроорганизмдер оларды тез қабылдайды. Полисапробтық аймақта оттегі жоқ. Микробтар өте көп (анаэробтық бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер), олар тез шірітіп ашытады. Осы бактериялар әсерінен күрделі органикалық заттар қарапайым заттарға ауысқанда аммиак, күкірт сутегі, индол, скатол, метан, көмірқышылы т.б. бөледі. 1 мл суда бактериялардың саны миллионнан асады.

Мезосапробтық аймақта (сәл ластанған аймақ) қышқылдану және нитрификация процесі басым. Құрамында азоты бар қоспалар аммиакқа дейін ыдырайды, олар қышқылданғанда нитритке, нитратқа ауысады. Микробтардың саны көп - 1 мл суда мыңдап өлшенеді. Ең алдымен нитрифицирленген бактериялар - грам(-) таяқшалар, кокктар. Олар облигатты аэробтар. Сонымен қатар, судағы Clostrіdіum туыстастығына кіретін анаэробтар, Pseudomonas, Mycobacterіum, Flavobacterіum туыстастықтарына кіретін бактериялар, Streptomyces және Candіda т.б. көмірсутегілері бар қоспалардың минерализациясына қатысады - целлюлоза, клетчатка, лигнин т.б.

Олигосапробтық аймақ (таза су аймағы) өздігімен тазарту процесі аяқталуымен сипатталады. 1 мл суда бактериялар саны 10-нан 1000 дейін. Бұл судың қалыпты флорасы.

 Әр түрлі микроорганизмдер, сонын ішінде патогенді микробтарда полисапробтық аймақта көп болады, бірақ жаймендеп қырыла бастайды, мезосапробтық аймақта олар азаяды, ал олигосапробтық аймақта кездеспейді. Өзеннің суында 24 сағатта микробтардың 50%, 48 сағаттан соң - 25-10%, 72 сағаттан соң - 10-1%. Су қоймаларының өздігімен тазартуына (биологиялық тазарту) көптеген факторлар әсер етеді. 1. Таза сумен араластыру, сондықтан ағып жатқан суда өздігімен тазару тұрып қалған су қоймаларына қарағанда жиі өтеді. 2. Судың температурасы. Жазғы мезгілде микроорганизмдер активті түрде көбейеді. Қысқы айларда өздігімен тазару бәсендейді, бактериялар көбеюі тек ағын жерде өтеді, қырылу қарқыны төмендейді, су қоймаларында көптеген бактериялар жазға қарағанда ұзақ сақталады. Сондықтан су қоймаларының санитарлық жағдайы қыста нашар, сонымен қатар төмен температурада энтеробактериялар, ішектік инфекциялар қоздырғыштары сақталады. 1шектік инфекциялар су арқылы таралуы жиі қыста байқалады. Зауыттардың қалдық су құрамындағы химиялық заттар - беткейлік-белсенді заттар (ПАВ-ББЗ) және мұнай өнімдері ПДК 10 есе асатын болса энтеробактериялар көбеюіне, ұзақ сақталуына ықпал тигізеді, су қойманың эпидемиялық қауіптілігін күшейтеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.