Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Су экожүйелерінің экологиялық жағдайының биомониторингі. Биоиндикация және биотестілеу



12. Су экожүйелерінің экологиялық жағдайының биомониторингі. Биоиндикация және биотестілеу

Соңғы жылдары су экожүйелерін зерттеу үшін фототрофты микроорганизмдерді пайдаланумен байланысты үш бағыт анықталды:

1. Биоиндикация.

2. Биотестілеу.

3. Биоремедиация.

Биоиндикация суқойманың ластанғанын немесе ластануын онда тіршілік ететін организмдердің функционалдық сипаттамасы мен организмдер құрамдастығының экологиялық сипаттамасы бойынша анықтауды қарастырады, себебі ұзақ уақыт улану нәтижесінде су экожүйелерінде фототрофты микроорганизмдердің түрлік құрамы өзгереді.

Балдырлардың көптігі мен құрамдастықтарының түрлік құрамы негізіндегі биоиндикациялық әдістер су объектісінде өтетін барлық табиғи және антропогендік процестер нәтижесін интегралды бағалайды. Сонымен қатар, балдырлар құрамдастығы бойынша биоиндикация – арзан экспресс-әдіс, ал химиялық анализдер қымбат болып табылады.

Гидробионттарды қолдана биотестілеу ластанып жатқан табиғи сулар токсикалығын бағалау, ағын сулар токсикалығын бақылау, экстракттар, жуындылар мен орталар токсикалығын санитарлы-гигиеналық мақсатта жылдамдатылған бағалау, лабораторлық мақсаттарда химиялық анализ жүргізу үшін қолдануға болады [49]. Қойылған міндеттерге тәуелді бүтіндей биотестілеу жүйесіне және әдістерге талаптар әртүрлі болуы мүмкін.

Индикация мен экожүйені бақылаудың биологиялық әдістері соңғы жылдары әртүрлі бағыттардың ғалымдарын қызықтыруда – биологтарды, экологтарды, химиктерді және т.б. Биотестілеу ретінде әртүрлі организмдер қолданылады – бактериялар, балдырлар, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, дафниялар, моллюскалар, балықтар және басқалар.

Қазіргі уақытта биотестілеу үшін модельді объект ретінде хлорелла және сценедесмус микробалдырлары қолданылады



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.