Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы:  

Күні:

Тәрбиеші:

Білім саласы:  Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Аппликация

Тақырыбы: «Достарыма арналған шарлар»

Мақсаты: Негізгі түстер туралы білімдерін бекіту, бейнелеу іс-әрекетіне баули отырып, мерекелік көңіл күй сыйлай білуді үйрету, бейнелеу іс-әрекетіне қызығушылығын ояту, жолдастыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: үлестірмелі материал, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:  балаларды қорғау күні мерекесі туралы әңгіме өткізу.

Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациалық қозғаушы  Шаттық шеңбері.    Балабақшам, армысың! Сені жақсы көремін! Достарым менің бармысың, Құшақтасып алайық!     Балалар шаттық шеңберін тәрбиешімен бірге орындайды.  
Іздену ұйымдасты- рушы -Балалар, бүгін түлкі, қоян және кірпінің туған күні екен. Олар достарының туған күніне арнап шарларды үрлепті. Бірақ жолда келе жатып шарларын жарып алыпты. -Балалар, сендер түлкі, қоян және кірпіге шарларын үрлеп беруге көмектесесіңдер ме? -Шарлардың пішіні қандай? Түстері ше? Түлкінің қолында 1 қызыл сопақша және 1 дөңгелек сары шар, ал кірпінің қолында 1 жасыл және 1қызыл дөңгелек шар, ал қоянның қолында болса 1 жасыл сопақша және 1 сары дөңгелек шар бар. Енді осы шарларды орындарына жабыстырайық. Түлкі, қоян және кірпі мәз-мейрам болды. Енді олар достарына сыйлықтарын сыйлай алады. Сергіту сәті. Ал, балалар, тұрайық. Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық. Оңға, оңға түзу тұр. Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Жоғары -төмен қарайық. Орнымызды табайық.   Тәрбиеші балалармен жеке жұмыс жүргізеді.      Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.   -Иә, көмектесеміз.     - Сопақша, дөңгелек.   Қызыл, сары, жасыл.   Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.   Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтып, жаттығулар жасайды.   Балалар үлгідегі реттілік бойынша жапсыруды жүзеге асырады.    
Рефлексивті коррекциялаушы Рефлексия.   Тәрбиеші топтық талқылау жүргізеді. Балаларды марапаттайды.    Балалар жұмыстарын аяқтап, жасаған жұмыстарын бір- біріне көмектеседі.  

 

Күтілетін нәтиже:

 Білу:  кеңістікті бағдарлай отырып рет-ретімен орналастыруды;

 

 Игеру:     суреттегі шарларды дұрыс орналастыра білуді, қажетті түстерді үйлестіре алуды;

 

Меңгеру:   желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.