Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы:  

Күні:

Тәрбиеші:

Білім саласы:  Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Аппликация

Тақырыбы: «Шырша шамдарын жағамыз»

Мақсаты: Жаңа Жыл мерекесі және қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту; мереке ерекшелігін сезіне білуді үйрету, шыршаны безендіре білуді үйрету, шыршаны безендіре білуді үйрету, тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: үлестірмелі материал, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Жаңа Жыл мерекесі жайлы әңгімелесу. Топтағы шыршаны безендіру.

 

Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациалық қозғаушы  Шаттық шеңбері.  Қол алысып, кәне, біз, Достасайық бәріміз, Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу!     Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс –әрекетін қайталайды.  
Іздену ұйымдасты- рушы -Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде болатын қандай мерекелерді білесіңдер? -Жаңа Жылда не істейміз? -Шыршаның түсі қандай болады? -Жаңа Жылда сыйлық алғыларың келе ме? -Олай болса, шыршамызды безендірейік. Шыршаны немен безендірсек болады? Әрине, түрлі түсті дөңгелектермен. Фонға шырша берілген, сол шыршаны түрлі түсті дөңгелектермен безендіреміз. Шыршаны безендіруді төменгі жағынан бастаймыз. Төменгі жағына үш түсті: қызыл, сары, көк дөңгелекті жапсырамыз. Оның жоғарғы жағына: қызыл, сары, оның жоғарғы жағына: қызыл, көк түсті шарларды жапсырамыз. Жоғарғы жағына: сары, көк дөңгелекті жапсырамыз. Шыршамыз әдемі болған сияқты, бірақ бір нәрсе жетіспейді. -Балалар, шыршамызды безендірдік, алайда не жетіспей тұр? -Дұрыс айтасыңдар, жұлдызша. -Жұлдызымыздың түсі қандай? -Ол неше бұрышты? -Жұлдызшаны шыршаның ең жоғарғы жағына жапсырамыз. Міне, Жаңа жылдық дайын болды. Сергіту сәті. Біз кішкентай боламыз, Өсіп-өніп толамыз. Көкке қарап, талпынып, Күнге қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай қалықтап. Біз отырып, бір тұрып, Біз тынығып аламыз.   Балалармен жеке жұмыс өткізеді. -Қыс мезгілі.   -Жаңа жыл мерекесін білеміз.   -Шыршаны безендіреміз. Бір-бірімізге сыйлық сыйлаймыз. Шыршаның түсі жасыл болады.   -Иә, сыйлық алғымыз келеді.   -Түрлі –түсті дөңгелектермен.     Балалар тәрбиешінің іс-әрекетін бақылап, айтқанын мұқият тыңдайды.     -Жұлдызша   -Қызыл. -Бесбұрышты.   Балалар қуанады.   Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап, қимыл - қозғалыстар жасайды.   Жаңа жылдық шыршаны безендіреді. Балалар тақтадағы жұмыстарын тәрбиешімен бірге талдайды.  
Рефлексивті коррекциялаушы   Рефлексия. - Балалар, бүгін біз нені безендіруді үйрендік? -Шыршаны безендіру сендерге ұнады ма? -Шыршаны біз немен безендірдік? Жарайсыңдар, балалар!     -Шыршаны.   -Иә, ұнады.   -Түрлі түсті дөңгелектермен.  

 

Күтілетін нәтиже:

 Білу: кеңістікті бағдарлай отырып, қызғалдақтарды рет-ретімен жапсыруды;

 

 Игеру:жұмысты ұқыпты, реттілікпен жасауды;

 

Меңгеру:жапсыру іс-әрекеттерінде көркемдік талғамды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.