Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы:  

Күні:

Тәрбиеші:

Білім саласы:  Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Аппликация

Тақырыбы: «Ыдыстағы жеміс-жидектер»

Мақсаты:   Жеміс-жидектер туралы түсініктерін нақтылау, ыдысқа жеміс-жидектерді дұрыс орналастыра білуге үйрету, ұқыпты жұмыс істеуге, жұмысты мұқият орындауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: үлестірмелі материал, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш, желім, қылқалам

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: серуенге шыққанда жеміс ағаштарын бақылау, жеміс-жидектер туралы, олардың қай уақытта пісетіні жайлы әңгімелеп беру.

 

 

Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациалық қозғаушы  Шаттық шеңбері. Шаттанып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден.    Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады.  
Іздену ұйымдасты- рушы  -Балалар, күздің бізге берер сыйы қандай? -Күз мезгілі екенін біз қайдан білеміз? -Қандай жеміс-жидектерді білесіңдер? -Алманың түсі қандай болады? -Пішіні қандай? -Құлпынайдың көлемі қандай? -Бүгін аналарыңа жеміс-жидек сыйлағыларың келе ме? -Сендердің алдарыңда әдемі жеміс-жидек салуға арналған тәрелкелер және жаңа ғана бақтан әкелінген жеміс-жидектер тұр. -Ендеше, балалар, біз сол жеміс-жидектерді тәрелкеге орналастырайық. Мұқият қарап алыңдар, тәрелкеге жеміс- жидектерді бірінен кейін бірін әдемілеп жапсырамыз. Сергіту сәті. Қолыма алдым бір алма, Салдым оны аузыма. Тағы алып құлпынай, Жеп қоямын тосылмай. А.Дамас. Тәрбиеші іс-әрекет барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөледі. Балалардың жасаған жұмыстарын тақтаға орналастырады.   -Күз айы бізге өте мол сыйлық береді. -Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жаңбыр жауады. -Алма, алмұрт, банан, құлпынай, өрік, таңқурай. -Қызыл, сары, жасыл болады. -Дөңгелек. -Құлпынайдың көлемі кішкентай. -Иә, сыйлағымыз келеді. Балалар тәрелкеге, жеміс-жидектерге қарайды. Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды. Тапсырманы тәрбиешінің айтқаны бойынша орындайды. Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтып, қимыл-өозғалыстар жасайды.     Балалар тәрелкелерді жеміс-жидектерге толтырады.  
Рефлексивті коррекциялаушы   Рефлексия. - Балалар, оқу іс-әрекеті барысында нені жапсырдық? - Тәрелкелерінде қандай жеміс-жидектер бар? - Бүгінгі жасаған жұмысымыз сендерге ұнады ма? Осы жасаған жемістеріңді аналарыңа сыйласаңдар болады. Тәрбиеші балаларды мадақтайды.   -Жеміс-жидектерді жапсырдық.   -Тіктөртбұрышқа -Алма, құлпынай, алмұрт, банан, өрік. -Иә. Жеміс-жидектерді жапсыру ұнады.   Балалар қуанады.  

 

Күтілетін нәтиже:

 Білу: жеміс-жидектерді қағаз бетіне дұрыс орналастыруды;

 

 Игеру: күз мезгілінің ерекшеліктерін, жеміс атауларын, жеміс-жидектердің бір-бірінен айырмашылығын;

 

Меңгеру: жапсыру іс-әрекеті арқылы жеміс-жидектерді жапсыруды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.