Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы:  

Күні:

Тәрбиеші:

Білім саласы:  Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Аппликация

Тақырыбы: «Көгалда серуендеген балапандар»

Мақсаты: Үй құстары туралы білім беру, балапанның қайдан шығатыны туралы түсініктерді қалыптастыру, желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.   

Керекті құралдар: үлестірмелі материал, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:балапандар туралы, олардың қорегі, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.

Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациалық қозғаушы  Шаттық шеңбері.    Күннің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге Тобасы ғой Ал, кәнекей, бәріміз «Сәлем» дейік үлкенге   Балаларға «Шөжелер» әуені қойылады. -Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған.   Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің  іс-әрекетін қайталайды.   Балалар өлеңді тыңдайды, билейді. -Балапандар туралы айтылған.  
Іздену ұйымдасты- рушы  -Кәне, бәріміз бірге балапанның даусын салып, жүрісін қимылмен көрсетейік. -Балалар, суретке назар аударыңдаршы, не көріп отырсыңдар? -Балапанның түсі қандай болады? -Неше балапан көгалда серуендеп жүр? -Олай болса, біз бүгін сендермен балапандарды жапсыруды үйренеміз. Бізге дайын көк негізгі бет берілген, осы негізгі бетке балапандарды орналастырамыз. Ең бірінші фонға балапанның үлкен бөлігі болып саналады. Одан кейін екінші бөлігі-басын жапсырамыз. -Балалар, қараңдаршы, балапанның басы қандай пішінге ұқсайды екен? Басын жапсырғаннан кейін қанаттарын жапсырамыз.   Сергіту сәті. Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық. Оңға, оңға түзу тұр Солға, солға түзу тұр. Алға қарай бір адым Артқа қарай бір адым Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық.   Жұмыс барысында тәрбиеші балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Балалардың іс-әрекетін бақылайды, балалардың сұрақтарына жауап береді.    Балалар тәрбиешіге қарап, балапанның даусын салып қимылмен көрсетеді. -Балапандарды. -Сары. -Үш балапан.   Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.   -дөңгелекке ұқсайды.   Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтып қимылдар жасайды.     Балалар көрсетілген сурет бойынша және тәрбиешінің нұсқауы бойынша жапсыру жұмыстарын атқарады.  
Рефлексивті коррекциялаушы Рефлексия. -Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма? -Балапан неше бөліктен тұрады? Түсі қандай екен? -Балапандар қайда серуендейді? -Көгалда неше балапан серуенде жүр? -Балалар, бүгін тапсырманы жақсы орындағандарың үшін рахмет.       Балалар өз ойларымен бөліседі, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. -Балапан үш бөліктен тұрады. Түсі сары. -Көгалда серуендейді. -Үш балапан серуенде жүр. Балалар тәрбиешінің айтқан рақметіне қуанады.    

 

Күтілетін нәтиже:

 Білу:  кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;

 

 Игеру:   балапанның жұмыртқадан шығатынын;

 

Меңгеру: балапанның дене мүшелері туралы түсініктерді.  

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.