Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы:  

Күні:

Тәрбиеші:

Білім саласы:  Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Аппликация

Тақырыбы: «Әжеме арналған түрлі түсті моншақ»

Мақсаты: түстер туралы түсініктерін нақтылау, моншақтар туралы, халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Жапсыру дағдыларын қалыптастыру, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.   

Керекті құралдар: үлестірмелі материал, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: халықаралық әйелдер мерекесі туралы әңгімелесу, өлеңдер жаттату, моншақтардың түрлерін көрсету.

 

Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациалық қозғаушы  Шаттық шеңбері.    Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз. Қонақтарды көргенде, «Сәлеметсіздер ме!» -деп, сәлемдесіп аламыз. -Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.     Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің  іс-әрекетін қайталайды.  
Іздену ұйымдасты- рушы  -Балалар, наурыз айында болатын қандай мерекені білесіңдер? -8 Наурыз кімдердің мерекесі? -Ал сендер әжелеріңе сыйлық жасағыларың келе ме? Олай болса, әжелеріңе арнап моншақ жасайық. -Моншақты неден жасасақ болады? -Дұрыс айтасыңдар, түрлі-түсті дөңгелектерден жасайық. Бізде қызыл, сары, көк, жасыл түстер бар екен. Осы дөңгелектерді түстері бойынша тізбектеп, дөңгелетіп жапсырамыз.   Сергіту сәті. Қос бұрымға тағылған Шашбау сылдыр етеді. Шолпыларың лағылдан, Бір ырғалып өтеді. Сырғаларың селт етсе, Сыңғыр-сыңғыр етеді. Қос білезік, жүзігің Көзді тартып өтеді.   -Балалар, үйдегі әжелерімізді қуанту үшін моншақтарды әдемілеп тізбектеп жапсырайық. Әжелеріміз мереке қарсаңында қуанып қалсын. Тәрбиеші балалармен жеке жұмыс өткізеді. Балалардың жапсырған жұмыстары тақтаға ілініп, талданады.    -8 Наурыз.   -Аналардың, әжелердің мерекесі.   -Иә, келеді.   -Түрлі-түсті дөңгелектерден.   Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.     Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.   Балалар тәрбиешінің айтқаны бойынша тапсырманы орындайды.    
Рефлексивті коррекциялаушы   Рефлексия. - Балалар, біз бүгін немен айналыстық?   Моншақтарды неден жасадық? Моншақтарды кімге арнап жасадық? - Жарайсыңдар, сендер өте әдемі моншақтар жасағандарың үшін рақмет айтамын.         - Әжемізге арнап түрлі түсті дөңгелектерден жапсырып моншақ жасадық.  

 

Күтілетін нәтиже:

 Білу: түрлі түсті дөңгелектерден;

 

 Игеру:    8 Наурыз аналар, әжелер мерекесі екенін;

 

Меңгеру:   дөңгелектерді қолдана отырып желімсіз жапсыруды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.