Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.



оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы:  

Күні:

Тәрбиеші:

Білім саласы:  Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Аппликация

Тақырыбы: «Кесені әшекейлейміз»

Мақсаты: Сәндік өнер туралы білімдерін нақтылау, ыдысты әшекейлей білуді үйрету, ою-өрнектерді ажырата білуді үйрету, мәнерлілік элементтеріне тәрбиелеу.

Керекті құралдар: үлестірмелі материал, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш, қуыршақ Динара

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: қазақтың ұлттық ою-өрнектері бейнеленген сурет бойынша әңгімелеп беру. Өрнек түрлерімен таныстыру.

 

Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациалық қозғаушы  Шаттық шеңбері.  Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз. Үйге қонақ келгенде: «Сәлеметсіз бе!»-деп, Амандасып аламыз.     Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс –әрекетін қайталайды.  
Іздену ұйымдасты- рушы -Балалар, біреу есік қаққан сияқты, ашамыз ба? Балалар, бұл біздің Динара апайымыз ғой. Динара апай: -Балалар, меніңиүйдегі қуыршақтарымның кеселері бар, бірақ онша әдемі емес. Сол кеселерді безендіруге көмектесесіңдер ме? -Енді, балалар, мына суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар? -Қандай оюмен безендірілген? -Балалар, қызғалдақ-гүлдің түрі ғана емес, төресі. Қызғалдақ-жан сүйсіндірер сұлулықтың, көз сүйсінер сүйіспеншіліктің белгісі. Қызғалдақ- бірлік пен ынтымақтың, достықтың нышаны. Ендеше, қуыршақтың кеселерін қызғалдақ гүлімен әшекейлейік. -Балалар, қызғалдақтың түсі қандай болады, ал жапырағының түсі қандай? Жұмысымызды бастайық: алдымен кесенің төменгі жағына қызғалдақтың жапырағын жапсырамыз, сол жапырақтың жоғарғы бөлігіне қызғалдақты жапсырамыз. Осылайша қызғалдақ пен оның жапырағын рет-ретімен қойып жапсырамыз. Кесеміз өте әдемі болды. Сергіту сәті. Салақ болсаң жасыңнан, Шыбын кетпес қасыңнан. Таза болсаң жасыңнан, Сабын қалмас қасыңнан. Жалқау болсаңжасыңнан, Ұйқы қалмас қасыңнан. Еңбек сүйсең, табылар Бар жақсылық басыңнан.   Тәрбиеші мен Динара апай балалармен жеке жұмыс өткізеді. Балалардың жасаған жұмыстарын талдайды. Динара апай: «Балалар, сендерге үлкен рақмет. Енді қуыршақтарым қуанатын болды. Сендер өнерлі екенсіңдер»-, деп балалармен қоштасады.     Балалар есік жаққа қарайды.   -Көмектесеміз.   -Кесені. -Қызғалдақ гүліне ұқсайды.   Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.     -Қызғалдақтар қызыл сары, ақ түсті болады. Жапырағы жасыл түсті.   Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдап, оның көрсеткені бойынша алдарындағы кесені қызғалдақ оюымен безендіреді.     Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимылмен көрсетеді.     Жұмысты жалғастырады.   Балалар Динара апаймен қоштасады.      
Рефлексивті коррекциялаушы   Рефлексия. -Балалар, біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде не істедік? Қандай әсер алдыңдар? Қызғалдақтың түсі қандай болады екен? Кесені әдемі, безендіргендерің үшін мен сендерге жұлдызша дайындадым.     - Кесені қызғалдақ гүлдерімен безендірдік. Қызғалдақтың түсі қызыл болады екен. Өте қызық болды. Балалар жұлдыз алғандарына қуанады.  

 

Күтілетін нәтиже:

 Білу: кеңістікті бағдарлай отырып, қызғалдақтарды рет-ретімен жапсыруды;

 

 Игеру:жұмысты ұқыпты, реттілікпен жасауды;

 

Меңгеру:жапсыру іс-әрекеттерінде көркемдік талғамды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.