Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы:  

Күні:

Тәрбиеші:

Білім саласы:  Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Аппликация

Тақырыбы: «Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлейміз»

Мақсаты: Жыл басы- Наурыз туралы мағұлмат беру; Наурыз мерекесінің ерекшелігі, ұйымдастырылуы туралы түсініктерін қалыптастыру, сәндік жапсыру дағдыларын қалыптастыру, Наурыз мерекесіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Керекті құралдар: үлестірмелі материал, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Наурыз мерекесі жайлы әңгімелесу.

 

Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациалық қозғаушы  Шаттық шеңбері.    Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз. Қонақтарды көргенде, «Сәлеметсіздер ме!» -деп, сәлемдесіп аламыз. -Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.     Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің  іс-әрекетін орындайды.   Балалар тәрбиешімен сәлемдеседі.  
Іздену ұйымдасты- рушы  -Балалар, наурыз айындағы болатын мерекелерді есімізге түсірейікші. 22 Наурыз қазақ халқының Жаңа Жыл мерекесі- Жыл басы. Бұл күнде әжелеріміз наурыз көже жасап, үй аралап қонаққа барады. Қонақ келгенде жерге кілем төсеп, дастарқан жаяды. Қазақ халқы қонақжай халық. - Бүгін біз Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлеуді үйренеміз. -Балалар, кілемді немен әшекейлесек болады? -Балалар, гүліміз қандай екен? Негізгі бетке қызыл түсті кілем беріледі. Бірінші гүлді кілемнің бір бұрышына жапсырамыз. Ал сабағын, одан сәл төменірек, гүлдің астына жапсырамыз. Осылайша, кілемнің төрт бұрышына төрт гүлді бұрышына төрт гүлді жапсырамыз.   Сергіту сәті. Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Көкке қарап, талпынып, Күнге қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай қалықтап. Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық.   -Балалар, Наурыз мерекесіне арналған кілемімізді безендіріп, әшекейлеп көрейік. Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.      -22 Наурыз- Жыл басы, Наурыз мерекесі.     Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.     -Гүлдермен әшекейлейміз.   -Төртбұрышқа ұқсайды.   -Жасыл.   Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды, қол қимылдарына қарайды.   Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.   Балалар кілемді безендіруге жұмыла кіріседі.  
Рефлексивті коррекциялаушы   Рефлексия. Тәрбиеші балалармен бірге жасалған жұмыстарға баға береді. - Балалар, мерекеге орай, бүгін топты сендердің кілемдеріңмен безендіреміз. Балаларды мадақтайды.     Балалар өз ойларымен бөлісіп, тақтадағы әдемі жасалған жұмыстарды көрсетеді. Қуанышты көңіл күйде топты безендіруге кіріседі.  

 

Күтілетін нәтиже:

 Білу: кілемді жапсыру әдісімен әшекейлеуді;

 

 Игеру:     геометриялық фигураларды, ұлттық мейрамды, салт –дәстүріміздің ерекшеліктерін;

 

Меңгеру:   кілемді гүлмен безендіруді.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.