Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы:  

Күні:

Тәрбиеші:

Білім саласы:  Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Аппликация

Тақырыбы: «Қоянға арналған баспалдақ»

Мақсаты: Қағаз бетінде бағдарлай білу түсініктерін нақтылау, кеңістікті бағдарлай отырып, заттарды ажырата білуді үйрету, жапсыру дағдыларын қалыптастыру, қызығушылықпен орындауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: үлестірмелі материал, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: қоянның ерекшеліктері туралы әңгімелесу, баспалдақты құрастыру.

Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациалық қозғаушы  Шаттық шеңбері.   Біз балдырған тең басқан! Дос құшағын кеңге ашқан! Тілегіміз әділдік! Ашық болсын кең аспан!      Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің  іс-әрекетін қайталап орындайды.    
Іздену ұйымдасты- рушы  -Балалар, сендер Айдар есімді қоянның сиқырлы екенін білесіңдер ме? Ол барабанда ойнап, одан неше түрлі дыбыстар шығара біледі екен. Бірақ, қоян келе жатқанда алдынан биік тау кездесіпті, сол таудан өту үшін оған баспалдақ қажет болыпты. -Балалар, қоянға баспалдақ жасауға көмектесеміз бе? - Баспалдақты неден жасасақ болады? - Дұрыс айтасыңдар, баспалдақты төртбұрыштан жасайық. Баспалдақты жасау үшін төменнен бастаған жөн. - Төртбұрыштардың түстері қандай? Ол үшін ең астына 4 төртбұрышты тізбектеп қоямыз. Оның үстіне 3тіктөртбұрышты қоямыз. Оның үстіне 2тіктөртбұрышты және оның үстіне 1төртбұрышты қоямыз. - Міне, баспалдағымыз дайын. Қоян қуанатын болды.   Сергіту сәті.  Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Көкке қарап, талпынып, Күнге қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай қалықтап. Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық.   Тәрбиеші балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Балалардың жапсырған жұмыстарын қарастырады.    Балалар таңғалады. Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.     -Иә, көмектесеміз.     -Төртбұрыштан жасаймыз.     -Сары, жасыл, көк, қызыл. Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.     Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.     Балалар тәрбиешінің нұсқауымен жапсыруды жүзеге асырады.  
Рефлексивті коррекциялаушы  Рефлексия: Балалардың жасаған жұмыстарынан алған әсерлері жайлы сұрайды. -Балалар, біз бүгін кімге көмектестік? -Не жасадық? -Сендерге баспалдақ жасаған ұнады ма? Бүгінгі белсенділіктерің үшін көп рақмет.     Балалар өз ойларымен бөліседі.   -Айдар атты қоянға -Баспалдақ жасап бердік. -Өте ұнады. Балалар қуанады.    

 

Күтілетін нәтиже:

 Білу:  кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;

 

 Игеру:      қоянға тән ерекшелікті; жұмыстың орындалу ретін.

 

Меңгеру:    желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.