Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы:  

Күні:

Тәрбиеші:

Білім саласы:  Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Аппликация

Тақырыбы: «Тәрелкедегі қиярлар мен қызанақтар»

Мақсаты: Көкөністер туралы білімдерін арттыру, аппликация дағдыларын қалыптастыру, кеңістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: үлестірмелі материал, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: көкөністер туралы, олардың пайдасы туралы әңгімелеп беру.

 

Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациалық қозғаушы  Шаттық шеңбері. Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз! Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!     Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс –әрекетін қайталайды.  
Іздену ұйымдасты- рушы  -Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі? Қандай белгілеріне қарап күз екенін білеміз? -Көкөністер қай уақытта піседі? -Қандай көкөністерді білесіңдер? -Балалар, қиярдың түсі мен пішіні қандай болады? -Ал қызанақ неге ұқсайды? -Түсі қандай? -Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қызанақтың түсі қызыл және оның түсі қызыл болғандықтан атын қызанақ деп атаған екен. -Балалар сендердің салат жегілерің келе ме? Олай болса, балалар, қазір бір-бірімізге қонаққа барамыз. Кімнің дәмді салат жасайтынын көреміз. -Ендеше, біз тәрелкеге қияр мен қызанақты жапсыруды үйренейік. Алдымен тәрелкені аламыз. -Балалар, тәрелкенің пішіні қандай? Дөңгелек екен, солайма, балалар? Енді тәрелкенің жоғарғы жағына қызанақты жапсырамыз, одан кейін қиярды қызанақтың оң жағына жапсырамыз. Төмеңгі жағына тағы бір қызанақты, қызанақтың сол жағына тағы бір қиярды тағы ортасына жапсырайық және тәрелкенің сол жағына қызанақты жапсырамыз. Салатымыз дәмді болатын сияқты. Сергіту сәті. Бойды сергек тік ұста, Емін –еркін тыныста. Деміңді ішке тез ал да, Оң қолыңды соз алға. Қол ұшына қара да, Үшбұрыш сыз ауада. Сол қол босқа тұрмасын, Шеңбер жасап тынбасын. Тәрбиеші балалармен жеке жұмыс өткізеді. Балаларға қызанақ пен қияр туралы тақпақ оқып береді: Қолыма алып ұстадым, Қызанақ пен қиярды. Жуып-жуып жеп алдым, Дәрумен деп пайдалы.   Тәрбиеші балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп, қорытындалайды.   -Аспанда ұшады.   -Иә. Мен өскенде ұшқыш болғым келеді.   Балалар үлестірмелі материалдағы суретке қарайды. -Суретте аспан, ұшақ, бұлт. Күн бейнеленген.   Балалар педагогті мұқият тыңдап, оның айтуы бойынша жұмысты орындайды.   Өздері дайындаған ұшаққа қызыға қарайды.     Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.     Балалар берілген нұсқау бойынша жапсыруды жүзеге асырады.  
Рефлексивті коррекциялаушы   Рефлексия. Балалар, бүгін қандай көкөністермен таныстық? - Олардың түстері қандай екен? -Балалар, салаттарың дәмді болды ма? Балаларды марапаттайды.     - Қияр және қызанақпен таныстық. -Жасыл және қызыл. -Иә, өте дәмді екен. Балалар жасаған жұмыстарына қызыға қарайды.    

 

Күтілетін нәтиже:

 Білу: кеңістікті бағдарлай отырып, көкөністерді орналастыруды;

 

 Игеру: көкөністердің қай уақытта пісетінін, қияр мен қызанақтың ерекшеліктерін;

 

Меңгеру:желімсіз жапсыру тәсілін.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.