|
||||||
Ботулизм қоздырғышының таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз.Ботулизм қоздырғышының таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз. Таксономиясы Ботулизм қоздырғышы - C. вotulinum. Бұлар iрi, шеттерi домалақтанған полиморфты таяқшалар, МорфологиясыГрамоң, қозғалғыш (перитрих) капсула түзбейдi, субтерминальды орналасқан овальды споралар түзедi. Глюкоза - қанды агарда пішінсіз, гемолиз зонасымен қоршалған колония түзедi. Бағанадағы агарда колониялар мақта түйiршiгiне ұқсайды. Сұйық ортада басында лайланып кейiн тұнба пайда болады. Ботулизм қоздырғышының биохимиялық қасиеттерi мен антигендiк құрылымы. Ботулизм қоздырғышы 8 типтi токсин түзедi: А. В. С. I. С2, Д. Е. F. G - арнайы антигендiк қасиеттері бойынша ерекшелiндi. 8 қоздырғыштың 8 типi кездеседi, басты белгiсi протеолитикалық қасиетiнiң бар немесе жоқ болуы, яғни казеиiн гидролиздеу және сутекті, күкiрттi сутек түзуi. Ботулизмнiң резистенттiлiгi мен эпидемиологиясы. Ботулизм қоздырғыштың спорасы төменгі жәнге жоғарғы температураға түрақты. құрғатылған түрiнде 10 астам жылдар бойы сақталады. 100 ºС температурада 5 сағатқа дейiн сақталады, бактериоциттi заттарға тұрақты. Ботулизм қоздырғышының патогендiк факторлары. Ботулизм қоздырғышының негiзгi патогендiлiк факторы экзотоксинге байланысты. Олардың антигендiк қасиеттерi бойынша ерекшеленетiн болғандығымен биологиялық активтiлiгi бiрдей. Бұлардың бәрi- бiр нейротоксиннiң варианттары болып табылады. Нейтротоксикалық активтiлiгiнен бөлек қоздырғыштардың әр түрлi типтерi лейкотоксикалық, гемолитикалық , лейцитиндi активтiлiкке ие. Лейкотоксиндерiнiң ерекшелiктерi фагоцитозды лейкоциттердi бұзбай тежейтiндiктерiне байланысты.
| ||||||
|
||||||
|