Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Пневмококтың таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз.



Стрептококты инфекция кезінде микробиологиялық тексеруге алынатын клиникалық материалдарды атаңыз және алу уақытын негіздеп жазыңыз. Бактериологиялық диагностикасының кезеңдерін сипаттаңыз.

 Зертханалық диагноз қою үшін экспресс әдіс, бактериология және серологиялық әдістер қолданады, ал пневмококтық инфекцияға күмәнданғанда қосып бактериоскопиялық пен биологиялық әдістер жүргізу қажет.

Жеделдетілген әдіс: ИФТ, КоАР, ПТР.

Стрептококкты инфекцияларды зерттеу үшiн материалдарды көмей және мұрын кiлегейi, зәр, қақырық, қан сарысуын алады. Бактериоскопиялық зерттеуде жағынды дайындап, Грам әдісімен бояйды да микроскоп арқылы көреді.

Бактериологиялық зерттеуде материалды ілмекпен қанды агары бар Петри шынысына егеді, келесі күні өскен колонияларға сипаттама береді. Ол жердегі гемолизге сипаттама береді. Бактериологиялық зерттеудiң қорытынды этапы болып, бөлiп алынған таза дақылдың антигендiк қасиетiнің анықталуы болып саналады. Берiлген белгi бойынша стрептококтар А,В,С,Д серотоптарға бөлiнедi. Зерттелiнетiн дақылдың және А, В, С және Д сарысудан бөлiп алынған полисахаридтi С преципитиногенмен преципитация реакциясын жүргізеді. Стрептококкты инфекцияның кейбiр назологиялық формаларында комплимент байланыстыру реакциясы және преципитация реакциясы арқылы, аурудың қанындағы арнайы антигендi анықтайды. О-стрептолизинге антидененiң пайда болуынан ревматизмның диагнозын анықтаймыз. Бұл реакция науқас адамның қан сарысуында арнайы антиденелердiң түзiлуi нәтижесiнде, О-стрептолизиннің эритроциттердi ыдыратып жiберуiне негiзделген.        

Серологиялық әдіс созылмалы инфекциялық процесс кезінде немесе науқас антибиотиктермен емделгенде қоздырғыш бөлінуі қиындаған жағдайда қолданылады. КБР қанда стрептококтық антигенді және токсиндерге спецификалық стрептококтық антиденелерді (көбінде стрептолизин О немесе стрептокиназа) табу мақсатында қояды. Сонымен бірге серологиялық реакциялардың көмегімен тасымалдаушыларда анықтайды.

 

 

Сіреспе кезінде микробиологиялық тексеруге алынатын клиникалық материалдарды атаңыз және алу уақытын негіздеп жазыңыз. Бактериологиялық диагностикасының кезеңдерін сипаттаңыз.

 

Сіреспеге зертханалық диагноз қоюдың принципі - қоздырғышты оның токсинін табу.

  Экспресс-талдау ретінде - сіреспе таяқшасын табу үшін жағындылар мен таңбалы-жағындыларды ақ микроскопта қарайды, ИФР-ны қолдануға болады. Зертханалық диагноз қоюдың негізгі әдістері: бактериологиялық, биологиялық. Микробиологиялық тек клиникалық диагнозды дәлелдейді. Сіреспе кезіндегі бактериологиялық әдіс мақсаты: таңу заттарының, параентеральді енгізілетін дәрмектердің стерильділігін тексеру, қоршаған ортаның топырақтың, ауаның) ластану дәрежесін, сирек жағдайларда клиникалық диагнозды растау үшін қажет. Себіндіні байтылған сұйық қоректік орталары бар (0,03% теогликоль немесе 0,08% цистеин қышқылы қосылған ет немесе бауыр сорпасы) екі пробиркаларға жасайды, 37°С-та, 18-24 сағат инкубациялайды. Бөлініп алынған таза дақылдың идентификациясын ферментативтік берілгендерге сәйкес жүргізеді. Сіреспе диагнозын қою кезінде биологиялыц сынаманы қолдану мақсаты - зерттеу затынан ксинді табу. Экзотоксинді тауып идентификациялауға мүмкіндік беретін реакция - сіреспеге қарсы эксикалық сарысумен тышқандарға қойылатын бейтараптау реакциясы.

   Сіреспе токсинін анықтаумен қатар домалақ терминалды орналасқан спорасы бар грам оң таяқшалар иса зерггелетін материалда С.іеіапі бар деген қорытынды жасауға болады.

 

 

Грипп кезінде микробиологиялық тексеруге алынатын клиникалық материалдарды атаңыз және алу уақытын негіздеп жазыңыз. Микробиологиялық диагностиканы сипаттаңыз.

Грипп -тыныс алу жолдарын зақымдайтын, дене қызбасымен, жалпы интоксикацияланумен, жүрек- тамыр және нерв жүйелерінің зақымдануымен сипатталатын, вирустар қоздыратын адамдардың жедел жұқпалы ауруы.

 Зерттеу заттары: мұрын-көмей шайындысы, қан, конъюнктива бөліндісі, секциялық материал. Вирус иітамдарын бөліп алу (вирусологиялық әдіс): Тауық эмбрионына жұқтыру; жасуша дақылдарына жұқтыру (адам және иттің эмбрионының бүйрегінен дайындалған біріншілік жасуша дақылдары, тауық эмбрионының фибробласты, ауыспалы жасуша дақылы - МДСК); зертханалық сезімтал жануарларға жұқтыру (ақ тышқандарға). Вирусты индикациялау: Эмбрионның өлуі; ХАҚ (ХАО)-да түйіншек-тандақтар пайда болуы; ЦПӘ (ЦПД), ГАР,ГАдР; Зертханалық жануарлардың өлуі (ағзаларында өзгерістер болуы) бойынша жүргізіледі. Вирусты идентификациялау: ГАТР, БР, КБР, ИФТ, ИФР, молекулалық гибридизациялау әдістері бойынша атқарылады. Серологиялық әдіс (ретроспективті диагноз қою): ГАТР, БР, КБР, ИФТ. Жедел (экспресс) диагноз қою: ГАТР, ИФР, ИФТ, ПТР.

 

Эшерихиоз кезінде микробиологиялық тексеруге алынатын клиникалық материалдарды атаңыз және алу уақытын негіздеп жазыңыз. Бактериологиялық диагностикасының кезеңдерін сипаттаңыз.

Эшерихиоз ауруларының бактериологиялық диагностикасы нәжісті Эндо ортасына егіп, оқшауланған колониялар алумен айқындалады. Дақылды 37°С бір тәулік, яғни келесі күнге дейін термостатта /өсіреді/көбейтеді. Сонан соң қызыл, жылтыр колониядан жұғынды жасайды, Грам әдісі бойынша боялады және шыныда ОВ – сарысу қоспасымен (ол жиі таралған серотобының энтеропатогенді эшерихияларға қарсы антиденемен) қояды. Әрбір табақшаға 10 реттен агглютинация реакциясын жүргізеді. Дұрыс қорытынды бойынша агглютинация мына түрде болады: О26: В6, О55: В5, 0111: В17 және т.б, сосын болжам қорытынды жасайды. Одан кейін агглютинобелді колонияларды таза дақыл алу үшін тығыз қоректік агарға егеді. 3-күні таза дақылдың ОВ-сарысу қоспасымен агглютинация реакциясын анықтайды. Осылардан соң колонияларды қиғаш қоректік ортаға егеді. Айқындалған О-, К-, Н- антигендерге байланысты бөлінген штамның серотипі анықталады. Түрішілік идентификация серологиялықтопты анықтауға, яғни шартты-патогенді ішектаяқшаларды іареягенді таяқшалардан ажыратуға мүмкіндік береді; антибиотикограмма жасалады.

  Өкінішке орай қазіргі кезде біздің елімізде Е.соlі - дің патогенділік факторларын анықтайтын "рапайым, жеңіл әдістер жоқ.

Балалар мен ересектердің ішектік әшерихиозына диагноз қою үшін зерттеу кешені үйымдастырылуы рек. Соңғы кездері энтерогеморагиялық эшерихияларға көп көңіл бөлініп жүр. Бүл қоздырғышты анықтау пін сорбит қосылған және Н7 - сарысуы қосылған қоректік орталар қолданылады, сонымен бірге ПТР - н анықтайды.

    Парентералды эшерихиоздардың қоздырғыштарын анықтау үшін бактериологиялық әдіс жасалынады.

 

 

Тырысқақ кезінде микробиологиялық тексеруге алынатын клиникалық материалдарды атаңыз және алу уақытын негіздеп жазыңыз. Бактериологиялық диагностикасының кезеңдерін сипаттаңыз.

Микробиологиялықдиагноз қою. Зерттелінетін материал: құсық, нәжіс, тағамдар, су, өт, секцияль материал. Тасымалдау ортасы ретінде 1% пептонды су, рН 8,2-8,4 қолданады. Алғашқы болжам ретінде бактериоскопиялық әдісті қолдануға болады. Негізінде бактериологиялық әдіс қолданылады, о қоздырғышты идентификациялауға(У.сһо1егае 01 немесе 0139 анықтайды), антибиотиктерге сезімталдығь анықтау, түрішілік идентификацияны жүргізу, биовар және серологиялық варианттарын анықтауға мүмкіншілік береді. Тырысқақ кезінде экспресс-диагноз қою иммундыфлюоресценция, иммундыферментгі талдау, полимеразды тізбекті реакциялар, вибриондарды иммобилизациялау реакциясы көмегімен жүргізіледі.

1кезең. Материалдың 0,5-1 мл мөлшерін 50 - 100 мл 1% пептонды суға, сілтілі агарға және бір элективті-дифференциальды орталарға (СЭДХ, ТСВS) себеді. Себілген пептонды суды 37°С температурада 6-8 сағат, сілтілі агарды 14-16 сағат, СЭДХ 18-20 сағат инкубациялайды.

Тырысқақ ауруына күмәнданған жағдайда науқастың нативті материалымен экспресс және жедел әдістерін қолданылады: антиденелерді флюоресценттеу әдісі, полимеразды тіркеу әдісі, вибриондарды иммобилизациялау реакциясы, жанама гемагглютинациялық реакциясы.

2 кезең - 6 - 8 сағаттан кейін. Жинаушы орта - сілтілі агарға себеді және 5-8 мл екінші жинаушы ортаға себеді.

3 кезең - 12 - 14 сағаттан кейін. Екінші жинаушы ортадан сілтілі агарға себеді. Сілтілі агардағы күмәнді колонияларды зерттейді.

4 кезең - 18 - 24 сағаттан кейін. Тығыз ортадағы тырысқаққа күмәнді колонияларды зерттеп, 1-ші және 2-ші жинаушы орталарға қайта себеді.

Күмәнді колонияларды слайд-агглютинация реакция көмегімен тексереді (1:100 сұйытылған тырысқаққа 01 сары суымен). Оң нәтижелі болса арнайы Инаба және Огава сары суымен (1:50) слайд- агглютинация реакциясын қояды, жағынды дайындап тырысқаққа қарсы флюоресцентті иммундыглобулиндермен оңдейді және Грам әдісімен бояйды. Теріс нәтижеде 0139 және 01 тырысқақ сары суымен слайд-агглютинация реакциясын қояды.

Қалған күмәнді колонияларды (тырысқақтық ОІ және 0139 сары сумен аглютинацияланған және агглютинацияланбаған) таза дақыл алу, оларды идентификациялау және антибиотиктерге сезімталдығын анықгау үшін екі көмірсулы ортаға (лактоза-сахарозалы, глюкоза-сахарозалы, Клиглер) және сілтіл агарға платиналы ілмекпен секторлық әдіспен себеді.

5 кезең - 24 - 36 сағат. Идентификациялау үшін дақылдарды таңдау.

Поликөмірсулы орталарда вибриондарғатән өсуі мен өзгерістері бар дақылдарды алу: екі көмірсулы ортада (лактоза-сахарозалы, глюкоза-сахарозалы және Клиглер) қышқыл ортаға тән түсі өзгерген газ

түзілмеген, күкіртті сутек бар, Клиглер ортасында анықталған. Маннозасахарозалы ортада екі көмірсудың ыдрауынан Рессель ортасының бағаналы жағы боялады, қиғаш болігі күкірт сутегі түзіл-генін көрсетеді Сілтілі агарда өскен дақылдарды индолфенилоксидазаға тексереді. 6кезең 36-48сағаттан кейін. Идентификация нәтижелерін қорытындылайды және альшған тырысқақ вибрионының серотобы мен биоварианты туралы ақырғы нәтижесін береді

 

 

Пневмококтың таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.