|
||||||
Шигеллалардың таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз.Шигеллалардың таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз. Таксономиясы 1898 жылы К.Шиг толық зерттеген. Дизентерияның қоздырғыштарына Shigella туысына жататын бактериялар жатады, бұған 40-тан астам серотиптер кіреді. МорфологиясыОлар қысқа, қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін таяқшалар. Тығыз қоректік ортада тегіс және бұдыр колониялар түзеді. Колониялары домалақ, дөңес, тегіс, жартылай мөлдір. R–сұр, жалпақ, беттері бұдыр, шеттері тегіс емес, сұйық ортада біртегіс лайланады, S–колонияларда шеттері тегіс формасында сұйық орта мөлдір болады. Антигендік құрылысының ерекшеліктері мен биохимиялық қасиеттеріне байланысты шигеллалар 4 түрге бөлінеді: S. dysenteriae /А серотобы/ , S. flexneri /B серотобы/, S. boydii /C серотобы/, S. sonnei /D серотобы/. Глюкоза және басқа көмірсуларды қышқылға дейін ыдыратады. (кейбір биотоптарынан басқа) лактозаны ферменттейді (Зоннедан басқа) желатинді ыдыратпайды, индол түзуі тұрақсыз. Шигеллаларда спецификасы бойынша туыстық, тұқымдастық, топты спецификалық, типті спецификалық әртүрлі О-антигендер және К-антигендер бөлінген. Шигеллалар қоршаған ортада тұрақты, сепкен нәжісте 4-5 ай, топырақтарда 3-4 ай, суда 0,5-3 айға дейін сақталады. 60°С температурада 15-20 минутта өледі. Дизенфектанттарға сезімтал. Инфекцияның көзі (адам, су) тек қана адам. Залалдану жолдары – фекальды – оральды жолдар. /S. flexneri – су арқылы, S. sonnei – алиментарлы жолмен/. Шигеллалардың негізгі патогенді факторларын 3 топқа бөлуге болады. 1. Адгезиялық және колонизациялық факторлар, оны қамтамасыз ететіндер кірпікшелер, сыртқы мембрананың ақуызы және липополисахаридтер. 2. Екінші топқа инвазия факторы жатады. Шигеллалардың энтероциттерге еніп көбеюін және цитотоксикалық, энтеротоксикалық эффект көрсетеді. 3. Эндотоксин және экзотоксин кіреді. Экзотоксиннің 2 түрі. Шига және шигатәрізді (SLT–I және SLT-II). Шигатәрізді экзотоксиндер немесе энтеротоксиндер аденилатциклазаның активтігін тежейді. Шига немесе нейротоксиндер цитотоксикалық әсер береді.
| ||||||
|
||||||
|