|
||||||
Гонококтардың таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз.Гонококтардың таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз. Таксономиясы Гонококкты инфекция - ол адамның жедел және созылмалы жұқпалы ауруы, оны Neisseria gonorrhoeae (гонококктар) шақырады. Neisseria gonorrhoeae (гонококктар) жынысты жолмен жұғып несеп, жыныс жолдарының (гонорея), көз конъюнктивасының (бленорея), басқа да ағзалардың шырышты қабатының іріңді қабынуымен және интоксикациясымен сипатталады. Гонореяның қоздырғышын 1879 жылы Нейссер ашқан. Гонококктардың морфологиялық және дақылдық белгiлерi. Гонококктар тудыратын адамдардағы инфекциялық ауру, ол зәр шығару және жыныс мүшелерiнiң шырышты қабатындағы қабыну процессiмен сипатталады. Қоздырғыш кофе дәнiне ұқсас кокктар, жұп болып орналасады, жасушаның ойық беткейлерi бiр-бiрiне қараған, өлшемi 0,7-1,0 мкм, талшықтары, капсуласы жоқ. Спор түзбейді. ЕПА-да нашар өседi, ал қан сарысуы мен қаны бар қоректiк ортада жақсы көбейедi. Гемолиз тудыртпайды тығыз қоректiк ортада ұсақ, тамшыға ұқсас, жылтыр колония түзедi. Сұйық қоректiк ортада диффузды өсiп беткейлiк қабықша түзедi және бiрнеше күннен кейiн ыдыстың түбiне шөгедi.
| ||||||
Сіреспе қоздырғышының таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз. Таксономиясы Сiреспе қоздырғышы – Cl. tetani, тiке таяқшалар, перитрихтер, споралары домалақ, терминальды орналасқан, капсула түзбейдi, МорфологиясыГрам оң. Китта–Тароцци ортасында бiртегiс лайланып, тұз түзiп, баяу өседi. қанды агарда колоиялалардың мөлшерi 4-6 мм домалақ, жалпақ, шеттерi тегiс емес, жартылай мөлдiр, сұр түстi. Колонияның айналасында – гемолиз зонасы болады. Сiреспе қоздырғыштарының биохимиялық қасиеттерi мен антигендiк құрылымы. Сiреспе қоздырғыштарының сахаролитикалық қасиеттерi болмайды, протеолитикалық қасиеттерi әлсiз. Желатиндi жай гидролиздейдi, сүттi ұйытады, индол түзбейдi, нитратты нитритке дейiн айналдырады. Сiреспе қоздырғышы О- және Н-антигендерiне ие. Н-антигенi бойынша 10-нан аса серовары бөлiп алынған ,бұлалардың бәрi бiрдей экзотоксин түзедi.
| ||||||
|
||||||
|