Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Стрептококтардың таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз.



Стрептококтардың таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз.

Стрептококтарды әртүрлі жүйелер мен ағзалардан бөліп, таза дақылын алған ғалымдар: Билрот (1874 Л.Пастер (1879), Оғстон (1881), Филяйзен (1883), Розенбах (1884). Стрептококтар Strерtососсасеae түқымдастығына, Strерtососсus туыстастығына жатады. 20-дан астам түрі бар. Олардың ішінде адам ағзасының қалыпты микрофлорасына кіретін өкілдері және де адамдарда ауыр түрде өтетін эпидемиялық ауру қоздырғыштары кездеседі.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Strерtососсасеае.

Туыстастығы: Strерtососсus.

Түрі- Str.руоgеnеs, Str.рnеumоnіае, Str.faеса1іs, Str.аgа1асtіае

Морфологиясы. Стрептококтар ұсақ, шар тәрізді жасушалар, тізбектеліп немесе жұптас орналасады, грам оң, спора түзбейді, қозғалмайды (21,22- сурет). Стрептококтардың көптеғен штамдары ғиалурон қышқылынан түратын капсула түзеді. Жасуша қабырғасы ақуыздан, (М-, Т- және К- антигені көмірсудан (топтық спецификалық) және пептидоғликаннан түрады. Олар L-пішініне жеңіл түрде ауысады Стрептококтардың беткейлі фимбрияларында орналасатын негізгі адгезині - липотейхой қышқылы бар

 

Қызамық қоздырғышының таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз.

Қызамық-қысқа мерзімді ,дене қызбасымен ,майда дақты экзантемамен, генерализациялынған лимфа аденопатиямен және жүкті әйелдерде ұрықтың зақымдануымен сипатталынады. Вирустық жедел жұқпалы ауру.

Таксономиясы Тұқымдастығы: TogaviridaeТуыстастығы:     Rubivirus

Морфологиясы:Жетілген вириондар сфера пішінді, Д-60-70нм, геномы- (+) РНК –нын сегменттелмеген малекуласынан тұрады.Суперкапсидінің липидті қабықшасының құрамында тікенекше тәрізді Е1 және Е2 гликопротеидтері бар( жасушамен жанасқанда рецептор қызметін атқарады.) Капсидінің симметриясы куб типті болады.

Антигендері: Қызамық вирусының 2 антигені бар:

1)Ішкі антигені- нуклеокапсидтік КБР- мен анықталады;

2) Сыртқы, суперкапсидтік антиген, БР ,ГАТР- мен анықталады. Серотипі-біреу.

Қызамық вирусы эфирдің, детергенттердің әсеріне сезімтал .Сыртқы ортада тұрақты емес.Қайнатқанда вирус 2 мин-та белсенділігін жояды. Төменгі тем-рада мұздатқанда өзінің белсенділігін сақтайды.Органикалық еріткіштердің, ультракулгін сәуленің, кун сәулесінің, формалиннің әсерінен тез бұзылып жойылады.Инфекция көзі- клиникалық белгілері айқын немесе симптомсыз жұқтырғн адамдар. Вирус ауа тамшылы, трансплацентарлы жолмен, инфицирленген заттармен жанасқанда жұғады.Вирус организмнен сыртқы ортаға мұрын- жұтқыншақ секретімен, несеп және нәжіс арқылы бөлініп шығады.

 

 


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.