|
||||||
Вибриондардың биохимиялық қасиеттерi және антигендiк құрылымы.Тырысқақ қоздырғышының таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз. Таксономиясы Тырысқақ – Vibrio cholerae-ның 01 және 0139 топтары шақыратын аса қауiптi инфекциялаларға жатады.Тырысқақтың 7 пандемиясы белгілі. Соңғысы әлі күнге дейін жүріп жатыр деп есептеледі. Тырысқақ вибрионын 19-шы ғасырдың ортасында Р. Кох ашқан. Ауру аш ішектің токсикалық жарақатталуымен, су-тұзының алмасуының бұзылуымен және жоғарғы летальдығымен сипатталынатын ауру. Vibrio туысының жіктелуі, морфологиясы және дақылдық қасиеттерi. Vibrio cholerae тырысқақтың қоздарғышы, Vibrio туыстығана, Vibrionaceae тұқымдасына жатады. Оның 4 туысы бар, туысының 25 - ке жуық түрi бар. Бұл спора, капсула түзбейтiн, қысқа, иiлген немесе тiк, грам терiс таяқшалар, диаметрi 0,5 және ұзындығы 1,5-3,0 мкм қозғалады-монотрих. Вибриондар аэробтар және факультативтi анаэробтар болады. Тырысқақтың вибрионы қоректiк ортаны талғамайды. Ол 0,5-1% бар 1% сiлтiлi пептон суында жақсы және жылдам көбейедi. Өскенде 6-8 сағаттан соң нәзiк сұр түстi пленка түзедi, шайқағанда оңай бузылып, ыдыстың түбiне лайланып шөгедi. Сiлтiлi ЕПА-да жылтыр шыны сияқты мөлдiр, көгiлдiр дақтары бар, диск тәрiздi қоймалжың консистенциялы колония түзедi. Вибриондардың биохимиялық қасиеттерi және антигендiк құрылымы. Вибриондар көмiрсуларды газсыз, қышқыл түзе отырып ферменттейдi, оксидаза ”оң”, индол түзедi, желатиндi ыдыратады, күкiртсутек түзбейдi, нитраттарды нитриттерге айналдырады. Хейберг ортасын, маннозаны сахарозаны және арабинозаны ферменттеу қабiлетiне қарай барлық вибриондарды 8 топқа бөледі. Тырысқақ вибрионы бiрiншi топқа жатады және сахароза мен маннозаны ферменттеп, арабинозаны ферменттемейдi. Тырысқақ және тырысқақ тәрiздi вибриондар (01-топқа жатпайтын) жалпы Н-антигенге ие, бiрақ 0-антиген бойынша 139 0-серотопқа бөлiнедi. Тырысқақ вибрионы 01-топқа жатады. Ол жалпы А антигені және типоспецификалық В және С антигенi бойнша 3 серотипке бөлiнген; Vibrio cholerae–серотип 0гава /АВ/, Инаба /АС/, Гикошима /АВС/. Тырысқақ вибрионы диссоциация кезiнде 0R-антигенге ие. Түрi 4 биотопка бөлiнген: Vibrio cholerae, Vibrio eltor, Vibrio proteus, Vibrio albensis. Vibrio eltor-дан Vibrio cholerae-дан ерекшелiтi гемолитикалық әсер етушi қабiлетi бар. Вибриондардың патогендiк факторлары. Vibrio cholerae–ның патогендiк факторлары: 1. Қозғалғыштығы. 2. Хемотаксис. Осы қасиетiнiң көмегiмен вибрион шырышты қабаттан өтiп, эпителиальды жасушалармен әрекеттеседi. 3. Адгезия және колонизация. 4. Ферменттер: муциназа, протеаза, нейраминадаза, лецитиназа және т.б. Олар адгезиялануға және колонизациялануға жағдай жасайды. Сондай-ақ шырыштың құрамына кiретiн заттарды бұзады. 5. Патогендiлiктiң негiзгi факторы экзотоксин – холероген. 6. Капилярлалардың өткiзгiштiн жоғарылататың фактор. 7. ST, LT, SLT-типiндегi экзотоксиндер. 8. Эндотоксин – липополисахарид, ол күштi эндотоксиндiк қасиетке ие және организмнiң жалпы интоксикациясы мен құсуды туғызады. 9. Тырысқақ вибрионаның резистенттiлiгi және эпидемиологиясы. Тырысқақ вибрионы төменгi температураға төзiмдi. Мұзда-1 ай, суда-бiрнеше апта, топырақта-3 айға дейiн, жаңа нәжiсте-3 тәулiк сақталынады. Ал 100оС–да бiрден өледi. Дезинфицирлеушi заттардың әсерiнен 5-15 мин. жойылады. Инфекцияның көзi – тырысқақпен ауырған адам немесе ауру тасымалдаушы адам, сондай-ақ залалданған су. Берiлу жолы: су, тағам, тұрмыстық контактылық.
| ||||||
|
||||||
|