Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Стафилококтардың таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз.



 

   

Стафилококтардың таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз.

Таксономиясы Стафилококтар  (Staphуlococcus туыстығы)- Micrococcacеae тұқымдастығына, Staphilococcus туыстастығына жатады, бактериялардың 31 түрі бар. Соның ішінде адам патологиясында роль атқаратын:

S. aureus - алтын түсті 

S. epidermidis - эпидермальды

S. saprоphуticus - сапрофитті.

Стафилококктарды 1880 ж. Л. Пастер мен бір-біріне қатыссыз Огстон ашты. 1884 ж. Розенбах толықтай сипаттап анықтаманы берді.

МорфологиясыСтафилококктар грам оң, шар тәрізді жасушалар, диаметрі 0,5-1,5 мкм, қалыпты жағдайда жұғындыда жүзімнің шоғыры тәрізді орналасады, талшықтары болмайды, спора түзбейді, S.аureus-тің көптеген штаммдары капсула түзеді. Жасуша қабырғасының негізгі компоненті пептидогликан, рибитихой және глицеринтейхой қышқылы болып табылады .

 Негізгі қоректік орталары сары-уызды тұзды агар, қоректік ортада крем түсті бұлыңғыр дөңгелек сары түсті колониялар түзеді.

Колониялардың түсі липохром пигментінің барлығымен түсіндіріледі, оның түсінің сары түске енуі оттегі бар қанды, көмірсутегі, болмаса сүтті қоректік орталарда байқалады.

Қанды агарда колониялар гемолиз зонасын түзеді.

Қалыпты жағдайда 15% NaCl қатысуымен 45°С-да өседі.

Пигмент түзу түріне қарай бөлінеді:

1. Staphуlococcus aureus – алтын түсті пигмент.

2. Staphуlococcus albus – ақ түсті пигмент.

3. Staphуlococcus citreus – лимон сары түсті пигмент.

Адамдарда жиі патогенді – қасиетін көрсететін стафилококк түрі бұл алтын-сары түсті стафилококк.

Патогенділік белгісі болып магнитті ыдыратуы, гемотоксин, некротоксиннің барлығы патогенділік көрсеткіші болып табылады.

Стафилококктар бізді қоршаған ортада, ауада, шаңда, адам терісінде ауыз мұрын қуысында, жарақаттарда кездеседі.

 

 


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.