|
||||||
Менингококтардың таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз.Менингококтардың таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз. Таксономиясы Нейссериялар - Neisseria meningitidis – грам теріс аэробты кокктар Neisseria туыстығы 8 түрден тұрады: Neisseria meningitidis (менингококктар), Neisseria gonorrhoeae (гонококктар), N. flava, N. subflava, N.perflava, N. sicca, N. mucosa, N. flavescens. Адам және сүтқоректілердің шырышты қабатында мекендейді. 7 түрі адамдарда кездеседі, оның 5 түрі адамдардың жоғарғы тыныс жолдарының қалыпты микрофлорасының өкілі болып мекендейді (N. perflava, N. sicca, N. flavescens N. mucosa, N. lactamica). Нейссериялар-аллергиялық аурулардың себебі де болуы мүмкін. Менингококкты инфекциялары - адамдардың жедел жұқпалы ауруы, Neisseria meningitidis ауа-тамшы жолымен жұғып, мұрын жұтқыншақты жарақаттап, ағзада менингококкты септицемия (менингококцемия) ретінде таралып (генерализацияланып), мидың жұмсақ қабықшасының қабынуына алып келеді (менингококкты менингит). Вайхзельбаум 1887 жылы қоздырғышты бөліп алғаннан кейін ғана, ауру бөлек нозологиялық форма ретінде қарастырылды. Менингококктың мофологиясын 1907 жылы Флекснер зерттеді, ал 1899 жылы Ослер қоздырғышты адам қанынан бөліп алып, инфекцияның этиологиясын анықтап дәлелдеді. Менингококктардың морфологиялық және дақылдық қасиеттерi. Neisseria meningitidis – iрiңдi церебральдi менингиттiң қоздырғышы. Менингококктар – грам терiс, шар тәрiздi, диаметрi 0,6-0,8 мкм. Кофе дәнiне ұқсас формалы, жұп болып немесе бейберекет орналасады (көбiне лейкоциттердiң iшiнде). Спорасы мен талшықтары жоқ. Капсуласы бар қатаң аэробтар, қарапайым қоректiк ортада өспейдi. Өсу үшiн сарысу, қан керек. Тығыз қоректiк ортада нәзiк түссiз, өлшемi 2-3 мм колония түзедi. Сарысу сорпасында лайлану тудырады, және ыдыстың түбiне шөгедi. Беткейiнде 2-3 күннен соң қабықша пайда болады.
| ||||||
|
||||||
|