|
||||||
Стрептококтардың таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз.Стрептококтардың таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз. Таксономиясы Стрептококтарды алғашқы болып адамның тінінен, тілме қабынуынан және жарақат инфекциясынан Бильрот (1874) септицемиялар мен іріңді жарақаттардан Пастер, (1879) және Огстон (1881) анықтаған; таза дақылын (1883) Фелейзен және (1884) Розенбах бөліп алған болатын.Streptococcus pneumoniae - ны (1881) жылы Пастер бөліп алған. Стрептококктардың морфологиялық және дақылдық қасиеттері. Патогенді стрептококктардың патоген емес стрептококктардан айырмашылығы қанды агарда гемолиз береді, және фибролинолитикалық белсенділікке ие. МорфологиясыСтрептококктар - грам оң, спора түзбейдi, қозғалмайтың, жұптасып орналасқан, тiзбек құрайтын, шар тәріздес микроорганизмдер. Стрептококктардың көпшілігі аэробтарға және факультативті анаэробтардың қатарына жатады, бірақ арасында қатаң анаэробты түрі де болады. Организімнен бөлініп шыққан стрептококктар жасанды қоректік ортаға біртіндеп үйрене бастайды. Қоректі ортаға қан сарысуын, болмаса қан қосқанда көбеюі жақсарады. Стрептококктар келесі токсиндерді бөліп шығарады (гемолизин, лейкоцидин, фибринолизин). Диффузды фактор ұлпа арасындығы кеңістіктен бактериялардың өтіуіне жәрдем береді. Гемолиздiң сипаттамасы бойынша стрептококтар 3- топқа бөлiнедi:
Стрептококтар глюкоза, сарысу, қан бар қоректiк орталарда көбейедi. Түссiз колония түзедi, қан агарында колония түрiне байланысты былайша бөлiнедi: а) Ь-гемолитикалық колония айналасында мөлдiр гемолиз ошағы бар, б) в-гемолитикалық колония айналасында жұқа жасыл ошақ пайда болады, в) гемолитикалық емес - орта өзгермейдi. Сұйық орталарда табақша түбiнде өсiм бередi, ортасы мөлдiр күйде қалады. Дезинфектантардің ерiтiндiсінде 15 минутта жойылады. Кейбір стрептококктарда қиылысқан әрекеттесуші-антигендер (ҚӘА) анықталған. Олар адамның ағзасындағы миокардтың бұлшық еттің талшықтарымен, бүйрек ұлпасымен және басқа ағзалармен әрекеттеседі, (ҚӘА) иммунопатологиялық жағдайлалардың себептері болуы мүмкін.
| ||||||
|
||||||
|