Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Маркетингтік ақпарат: түрлері, қайнар көздері.



Маркетингтік ақпарат: түрлері, қайнар көздері.

Тиімді маркетингтік шаралар үшін талдау, жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау процесстерінде менеджерлерге әртүрлі ақпараттар қажет.

Көбіне маркетингтік ақпаратты бірінші ретті және екінші ретті деп бөледі.

Бірінші ретті ақпарат бұл нақты маркетингтік мәселені шешеу үшін арнайы сырттай зерттеу жүргізу нәтижесінде жиналған мәліметтер.

Екінші ретті ақпарат бұл басқа бір мақсаттар үшін алдын-ала бұрын жиналған мәліметтер. Екінші ретті ақпараттың шығу көздері екіге бөлінеді: ішкі (фирма құжаттары: бюджет, есеп беру, қорлар, бұрынғы зерттеулер және т.б.) және сыртқы

Екінші ретті ақпараттың негізгі сыртқы қайнар көздері:

- ұлттық және халықаралық ұйымдардың жарияланымдары;

- мемлекеттік органдардың министрліктердің және ұйымдардың жарияланымдары;

- сауда кәсіптік палаталардың және бірлестіктердің жарияланымдары;

- статистикалық ақпарат жиыны;

- саладағы фирмалардың және бірлескен кәсіпорындардың есеп берулері мен баспа материалдары;

- кітап, журнал және газеттер;

- оқу орнының, ғылыми-зерттеу, жоба институттарының публикациясы және қоғамдық ғылыми ұйымдардың, симпозиумдардың, конгресс және конференциялардың жарияланған материалдары;

- прайс-парақтар, каталогтар және басқа да фирмалық публикациялар;

- консалтинг ұйымдарының материалдары.

Бірінші ретті ақпараттан арзандық және жылдам жинау жағынан артықшылығы болғанымен, екінші ретті ақпарат толықсыздық, ескерушілік және оның анық сенімділігін бағалау мүмкіндігінің жоқтығымен сипатталады.

Екінші ретті ақпарат негізінде зерттеу жұмысын орындау, көбіне-көп олар алдын орау негізді және жазбаша сипатқа ие, оларды кабинетті деп атайды.

Маркетингтік ақпарат рыногі

Маркетингтік ақпарат рыногін қалыптастыру 60-жылдардың басында басталды. Бастапқыда бұл нарықтың негізгі жабдықтаушылары жаңалықтар қызметі және пресса агенттіктері болып танылды. Кейінірек мұнда банктің ақпараттық қызметтері, әртүрлі ғылыми-техникалық қоғамдар және т.б. қосылды. 70-жылдардың басында ірі ақпараттық қызметтер қалыптастыратын мәліметтер базалары пайда болды. Қазіргі уақытта ақпараттық қызмет рыногі жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасында қалыптасатын ақпаратты сату-сатып алу жөнінде экономикалық, құқықтық, және ұйымдық қатынастардан тұрады. Шет елдерде ақпараттың толық және тиімді шығу көзінің бірі болып мамандар үшін жасалатын мәліметтер базасы танылады (БД). Мәліметтер базасының кәсіби бағытталған рыногына негізгі қатысушылар мыналар болып табылады:

- ақпаратты өндіруші ұйымдар, жинаушы және баспаға беруші ұйымдар (ақпарат агенттіктері БАҚ, баспагерлер, патенттік бюро).

-ақпаратты сатушылар болып мәліметтер базасына ақылай глобалды компьютерлік торап (мысалы, Internet,) және де жеке онлайн қызметі арқылыда қосатын үйымдар танылады.  

Әр түрлі маркетингтік ақпарат жинауда Internet, Intonet, Tymnet, Sprintnet, IBIS, EDCAR. Evnet , және басқалар секілді телекоммуникациялық тораптар өте зор роль атқарады.

Ең танымал және тез дамушы болып Internet танылады Internet көмегімен білімнің әр түрлі салаларынан статьялар, макроэкономикалық мәліметтер, анықтамалар, деректер базасы, бәсекелестер туралы, рыноктар жайында мәліметтер, маркетингтік зерттеулер нәтижесінде және басқада көптеген ақпараттар табуға болады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.