Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Маркетинг зерттеулерінің мәні. Анкеталық сұрау



Тақырыбы: Маркетинг зерттеулерінің мәні. Анкеталық сұрау

Маркетингті зерттеулер - бұл фирма алдында тұрған маркетинг жағдаятына байланысты деректер жиынтығын анықтау, оларды жинау, талдау және нәтижесінен есеп беру.

Кешенді маркетинг зерттеуінің көмегімен келесі мәселелер анықталады: нарық сипаттамасын оның мүмкіндіктерін зерделеу; фирмалар арасында нарық үлесін талдау; бәсекелестер тауарын, жаңа тауарға реакциясын зерттеу; баға саясатын зерттеу.

Зерттеу тереңдігіне байланысты маркетинг зерттеулердің келесі түрлері бар:

1) барлаушы зерттеулер – бөлшектеніп және тереңделіп зерттеудің алдында нарықтың жеке элементтерін зерттеу; негізгі әдісі – экспресс – сауалнама (жазып зерттеу);

2) сипаттаушы зерттеулер – статистика базасы және басқада екінші ақпараттар негізінде; барлаушы ақпараттар сияқты фрагментерлы (кабинеттік зерттеу) болып келеді;

3) талдаушылық зерттеулер – себеп- салдарлы байланыстарды айқындайды, сыртқы және ішкі ортаның салыстырмалы талдауын береді.

Маркетингтік зерттеулер бірегей ғылым талаптарға (шарттарға) бағынады, жалпы талаптарға, әдіснамалық ережелерге (шарттарға) негізделеді және жалпы (ортақ) мақсатты көздейді.

Зерттеу объектілерімен бағыты көп. Ф.Котлер мәліметі бойынша бірінші орында өткізу мүмкіндіктерін, тұтынушылар рекциясын талдау, бәсекелестерді зерттеу және т.б.

Бірақ әлі күнге, маркетингтік зерттеулердің бағыттарының бірегей классификациясы жоқ, ал жеке бағыттардың өзектілігі уақыт аралығында өзгеріп отырады.

Маркетинг зерттеулерінің объектісі болып – микроорта, макроорта және ішкі ортадан тұратын маркетинг ортасы танылады.

Іс жүзінде маркетингтік зерттеулер маркетингтік шешімдердің анықсыздығын төмендету мақсатында мәліметтерді талдау және оларды өңдеу, жинау болып табылады.

Нарықтық зерттеу оның дамуының ұзақ мерзімді тенденцисын болжау үшін қажет. Болжауды жасау-мақсатты құру үшін, стратегияны жасау үшін және фирма іс-әрекетін жоспарлау үшін база болып табылу қажет.

Зерттеудің нәтижелілігі және тиімділігі ғылыми тұрғыдан кешенді, жүйелі және зерттеудің алгоритмінің бар болуын қалайды.

Маркетингтік зерттеудің алгоритмі:

- мәселені анықтау;

- ақпаратты талдау;

- алынған мәліметтерді талдау;

- сәйкес және ұсыныстарды өңдеу;

- ұсыныстарды тарату.

Маркетингтік зерттеулер нәтижесін анықсыздықтың деңгейін төмендету мақсатында және шешім қабылдау тәуекелділігін төмендету мақсатында менеджерлер қолданады.

Маркетингтік зерттеулер сферасы мен түрлері

Жарнама:

- тұтынушылар ынтасын зерттеу;

- жарнама құрамын меңгеру;

- жарнамылық хабарландырудың тиімділігін зерттеу.

Нарық және өткізу :

- фирмалар арасында нарық үлестерінің бөлінуін талдау;

- рынок сипаттарын зерттеу;

- өткізуді талдау;

- өткізуді ынталандыру стратегияларын зерттеу.

Тауарды өңдеу (жасау):

- жаңа тауарға деген реакцияны және оның потенциялын зерттеу;

- бәсекелестер тауарларын зерттеу;

- тауарды тестілеу сынағын өткізу.

Коммерциялық іс-әрекет және оны экономикалық талдау:

- қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжау;

- бағалық саясатарды зерттеу;

- тауар номенклатурасын зерттеу;

- халықаралық рыноктарды зерттеу;

Зерттеудің негізгі әдістері:

· Қадағалау;

· Тәжірибе (эксперимент);

· Жалпы шолу (сауалнама).

Қадағалау- компьютерлік өңдеуге негізделген видео камера көмегімен және бақылау

көмегімен супермаркетке келушілер ағымының уақытша ауытқуын барлау.

Экспериментті зерттеу-жаңа тауарды тесттен өткізуде, сауда және жылжыту әдістерін өзгерткенде, сонымен қатар, қандай-да бір гипотезаны дәлелдеу үшін қолданылады. Эксперимент әдісі негізінде бақыланатын шарттарды салыстыру жатыр.

 Көбіне-көп пошта арқылы анкета көмегімен, телефон арқылы сауалнама, Internet көмегімен персоналды интервью алу сауалнамалары қолданылады. Қандай болмасын анкета ұқыпты өңдеуді және іріктеуді талап етеді. Сұрақтар формасы жауаптарға әсерін тигізеді. Сондықтан сұрақтардың екі типі қолданылады:

· Ашық-жауап өз-еркімен қалыптасады;

· Жабық-сұрақ өзіне мүмкін болатын жауаптардың тізімінде кіргізеді.

Интернет көмегімен зерттеу салыстырмалы түрде қарағанда бірінші ретті ақпаратты жинаудың арзан әдісі болып танылады. Тәжірибеде диалогтық режимде (on-line) зерттеу қарапайым сауалнама алдында екі артықшылыққа ие: жылдам және пайдалы. Сонымен қатар, тұтынушыларға арналған пассивті, сәйкес келмейтін маркетинг моделінен айырмашылығы. Интернет тұтынушылар мен жабдықтаушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады, нәтижесінде тұтынушы өзінше жабдықтаушыға айналады. (Мысалы: өз қажеттілігі жөнінде ақпарат). Бұл ұстаным “grassroots” (шөп тамыры) атына ие болды. Хоффман және Новак, профессорлар, көрсеткендей, электронды коммерция шартында маркетинг концепциясы өзгереді және дамиды. Жаңа шартта маркетинг мамандары жаңа идеялар мен қағидаларды дайындауды көздеу қажет, себебі, Интернеттік ортаға ескі формаларды “механикалық” көшіру тиімсіз болы мүмкін.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.