Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ИЫҚ ӨРІМІ. Иық өрімінің қысқа тармақтары.



ИЫҚ ӨРІМІ

Иық өрімін, plexus brachialis , төменгі 4 мойын нервтерінің (СY-CYII) , алдыңғы тармақтары , I кеуде нервінің (ThI)  басым бөлігі және IV мойын нервінің (СIY )  алдыңғы тармағының бір бөлігі құрайды.

Сатыаралық кеңістікте нерв талшықтары жоғарғы діңді, truncus superior, ортаңғы діңді, truncus medius, және төменгі діңді, truncus inferior, түзеді.Бұл діңдер иық өрімінің бұғанаүстілік бөлігін құрайды. Бұл діңдер сатыаралық кеңістіктен шығады да латералды буда, fasciculus lateralis, медиалды буда, fasciculus medialis, және артқы буда, fasciculus posterior, деп бөлінеді (53-сурет). Будалар иық өрімінің бұғанаастылық бөлігін түзеді. 

53 – сурет. Иық өрімінің нервтері.

1 – иық өрімі; 2 – бұғана; 3 –қолтық венасы; 4 – қолтық артериясы; 5 – кеуделік латералды және медиалды нервтер; 6 – қабырғааралық - қолтықтық нерв; 7 – кеуделік ұзын нерв; 8 – кеуде - арқалық нерв; 9 –қолтық нерві; 10 – иықтың терілік медиалды нерві; 11 – кәрі жілік нерві; 12 – шынтақ жілік нерві; 13 – білектің терілік медиалды нерві; 14 –орталық нерв; 15 – бұлшықет – терілік нерв; 16 – латералды буда; 17 – медиалды буда; 18 – артқы буда.

 

Бұл өрімнен кететін тармақтар қысқа және ұзын болып екі топқа бөлінеді. Қысқа  тармақтар негізінен өрімнің бұғанаүстілік бөлігінен кетеді.

Иық өрімінің қысқа тармақтары.

1. Жауырынның артқы нерві,n.dorsalis scapulae, (СY), жауырынның медиалды жиегін бойлай түсіп, жаурынды көтеретін бұлшықетті, m.levator scapulae, және ромбтәрізді бұлшықеттерді, mm.rhomboidei, нервтендіреді.

2. Кеуделік ұзын нерв,  n.thoracicus longusY-CYI), алдыңғы тісті бұлшықетті, m.serratus anterior, нервтендіреді.

3. Бұғанаасты нерві,  n.subclaviusY),бұғанаасты артериясыныңалдымен өтіп, бұғанаасты бұлшықетін, m.subclavius, нервтендіреді.

4. Жауырынүсті нерві,  n.suprascapularisY-CYII)  , жауырын тілігі арқылы қылқанүсті шұңқырына шығады. Одан кейін қылқанасты шұңқырына түседі. Қылқанүсті, m.supraspinatus, қылқанасты бұлшықеттерін, m.infraspinatus, және иық буынының қапшығын нервтендіреді.

5. Жауырынасты нерві, n.subscapularisY-CYII), жауырынасты бұлшықетін m.subscapularis, және үлкен дөңгелек бұлшықетті, m. teres major, нервтендіреді.

6. Кеудеарқа нерві,n.thoracodorsalisY-CYII), арқаның аса жалпақ бұлшықетін, m.latissimus dorsi,  нервтендіреді.

   7. Кеуделік латералды және медиалды нервтер,  nn.pectorales lateraliset medialis Y-Th),  , өрімнің бұғанаастылық бөлігінен кетеді, бұғананың артқы жағымен өтіп, медиалды нерв - кеуделік үлкен бұлшықетті, m.pectoralismajor, ал латералды нерв -кеуделік кіші бұлшықетті, m.pectoralis minor, нервтендіреді.

  8. Қолтық нерві,  n.axillaris ( - ),  қысқа тармақтардың арасындағы ең ірісі, жауырынасты бұлшықетінің алдыңғы бетімен жүріп, артқа қарай бұрылады да тоқпан жіліктің артқы айналма артериясымен, a.circumflexa humeri posterior, бірге төртжақты тесік, foramenquadrilaterium, арқылы тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының артына шығады. Нерв делтатәрізді, m. deltoideus, және кіші дөңгелек бұлшықеттерді m. teres minor, иық буынының қапшығын нервтендіреді. Қолтық нерві иықтың жоғарғы латералды терілік нервін, n. cutaneus brachi lateralis superior,  береді, ол делтатәрізді бұлшықеттің артқы жиегінен шығады да, иықтың латералды бетінің жоғарғы бөлігінің терісін нервтендіреді.

                                               



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.