Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЖҰЛЫН НЕРВТЕРІНІҢ АРТҚЫ ТАРМАҚТАРЫ



ЖҰЛЫН НЕРВТЕРІНІҢ АРТҚЫ ТАРМАҚТАРЫ

Жұлын нервтерінің артқы тармақтары, rami dorsales nn.spinalium,  сегментті орналасатын, аралас нервтер: құрамында афферентті, эфферентті және симпатикалық талшықтар өтеді. Олар алдыңғы тармақтардан жіңішкелеу болып келеді, буындық өсінділерді бүйір жағынан айналып өтіп көлденең өсінділердің арасынан арқаға шығады. Жұлынның сегізкөздік нервтерінің артқы тармақтары  сегізкөзден foramina sacralia dorsalia арқылы өтеді. Олар  шүйденің, желкенің  және арқаның, сегізкөз аймағының терісі мен бұлшықеттерін нервтендіреді. Жұлын нервінің әр артқы тармағы өз алдына медиалды және латералды тармақтарға бөлінеді.Тек I мойындық, IV-V сегізкөздік және құйымшақтық жұлын нервтерінің артқы тармақтары медиалды және латералды болып бөлінбейді. I және II мойындық жұлын нервтерінің артқы тармақтары ғана алдыңғы тармақтарынан жуандау болады. Бірінші мойындық жұлын нервінің артқы тармағы шүйдеастылық нерв, n.suboccipitalis, деп аталады. Ол тек қозғалтқыш нерв талшықтарынан құралған. Нерв артқа жүріп, ауыз омыртқаның, atlas,артқы доғасы мен шүйде сүйектің арасымен өтеді де: бастың артқы тік үлкен және кіші бұлшықеттерін, mm.recti capitis posteriores major et minor; бастың жоғарғы және төменгі қиғаш бұлшықеттерін,mm.obliqui capitis superior et inferior,  нервтендіреді.

Екінші, артқы тармақтардың ішіндегі ең ірісі - шүйделік үлкен нерв, n.occipitalis major, бастың аса ұзын бұлшықетін, m.longissimus capitis, бастың және мойынның қайысты бұлшықеттерін, m.splenicus capitis et cervicis, және бастың жартылай қылқандық бұлшықетін, m.semispinalis capitis, және шүйде терісін нервтендіреді.

 

         ЖҰЛЫН НЕРВТЕРІНІҢ АЛДЫҢҒЫ ТАРМАҚТАРЫ

Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары ,rr.ventrales nn.spinalium, аралас, артқы тармақтарға қарағанда жуан және ұзын болып келеді. Тек жоғарыда аталғандай I-II мойындық жұлын нервтерінің артқы тармақтары жуандау болады. Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары бір-бірімен қосылып өрімдер түзеді. Жұлын нервтерінің ішінде сегменттік құрылымын ІІ-ХІ кеуделік жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары сақтайды, сондықтан олар өрім түзуге қатыспайды. Олар қабырғааралық нервтер деп аталады.

Басқа жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтарының талшықтары бір-бірімен қосылып, өрімдер құрайды. Бұл өрімдерде, әрбір жұлын нервінің алдыңғы тармағынан оның қасында орналасқан бірнеше басқа алдыңғы тармақтарға нерв талшықтары барып қосылады. Сондықтан өрімдерден кететін әрбір шеткі нервтің құрамында жұлынның көршілес жатқан бірнеше сегменттерінен шығатын талшықтар өтеді. Мойын, иық, бел, сегізкөз және құйымшақ өрімдері ажыратылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.