Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Пайдаланылған дереккөздер тізімі



5. ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШЕҢБЕРІНДЕ БАЛАЛАРМЕН ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Девианттық мінез-құлықты алдын алу мақсатымен балалармен және жасөспірімдермен жұмыстың сәйкестігін анықтау үшін бақылау жасалады. Бақылау балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлық реакцияларын өзгерте отырып, көмектеседі, олардың уайымдарының жағдайлар мен күйлердің ерекшеліктерімен байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Бақылау баланың тұлғалық өсуінің, өз психо-эмоционалдық күйін, мінез-құлқын және олардың нормаға сәйкестігі бойынша жұмысының толықтығын қамтамасыз етеді. 2-Кестені қар.

 

Кесте – 2. Девианттық мінез-құлықтың алдын алу бойынша шаралардың нәтижелерін бақылау және бағалау

Алдын алу шаралары субъектілерінің функциялары Іс әрекеттер Бақылау және нәтижелерді бағалау: ең жоғары 9-7 балл, ең төмен 3-4 балл 0 – теріс нәтиже
отбасы және бала: - үндеу; - белсенділік; - уәждеме. - экологиялық өзара әрекеттесуге үйрету; - мінез-құлықты талдауға және бағалауға үйрету; - кәсіби көмекке жүгіну жоспарын әзірлеуді үйрету; - баланың өз қабілеттеріне қызығушылығын тудыру; - өмірге, оқуға, қызметке қызығушылықты тудыру; - әлеуметтік белсенділікке тарту және ынталандыру; - тиімді өзін-өзі таныту жағдайларын жасауға үйрету - отбасында қолайлы климат; - отбасында міндеттерді тұрақты және сапалы орындау; - өз мінез-құлықты және оның салдарларын талдай білу; - баланың ата-анаға және олардың қызметтеріне қызығушылығы, ата-ананың балаға және оның қызметіне қызығушылығы; - кәсіби көмекке жүгіну жоспарын әзірлей білу және, қажет болса, тікелей жүгіну; - өзін-өзі уәждемелей білу; - баланың және ата-ананың мектепке баруы, баланың тапсырмаларды орындауы; - баланың қоғамдық құпталатын шараларға қатысуы; - өзін-өзі таныту нәтижелерінің болуы.
баланың тұлғасы: - Кеңес беру -  Диагностика - Түзету. - Маманға жіберу (терапевт, психиатр) - Қостау - Психотерапия және психотүзету - кәсіби кеңес беру, диагностика, түзету, қажет болса – баланы маманға жолдау; - баланың өз мінез-құлық рефлексиялауы үшін жағдайлар жасау; - психогигиена жөнінде ағарту; - баладағы мәселелер бойынша баламен жүйелі және жоспарлы кездесулер-сұхбаттар жүргізу; - өзін-өзі реттеу, аутотренинг, өзін-өзі таныту әдістеріне үйрету. - өз мінез-құлық жөнінде білу, өз мінез-құлқын қабылдау, өз мінез-құлқымен жұмыс жасау, құрдастарымен өзара әрекеттесуде өзімен өзі жұмыс жасау тәжірибесін өзекті ету; - тұлғалық өсу: психикалық функцияларды озық жүзеге асыру– сөйлеу, есте сақтау, шешім қабылдау, ерікті және жауапты іс әрекеттер; - диагностиканың позитивті мәліметтері: өзін-өзі бағалау, мазасыздану деңгейі, субъектвті бақылау деңгейі, өзін, өз келбетін қабылдау деңгейі; - тұлғаның дамуының жоспарлары және перспективалары; - баланың білім алу ниеті және оған отбасы мүшелерін тарту; - баланың қиын жағдайға түскен басқа балаларға көмектесу және қолдау ниеті; - эмоционалдық күйді өзін-өзі реттеу.
педагог, полицияның мектеп инспекторы: - Ойын-сұхбат, тренингтер, кейстер түрінде ағарту; - Маңызды тапсырмаларды табыстау және т.б. түрінде түзету; - Позитивті паттерндерге үйрету. - девиантты мінез-құлық және оның салдарлары жөнінде ағарту; - балалар мен жасөспірімдерді қадағалау себептері жөнінде ағарту; - позитивті ұстанымдарды қалыптастыру және балалар мен жасөспірімдердің девиантық мінез-құлқы жөнінде теріс таптаурындарды бұзу бойынша жұмыс; - мінез-құлықтың позитивті паттерндеріне үйрету, өзін-өзі танытудың жағдайларын саналы және ерікті құру; - әлеуметтік маңызды тапсырмаларды, әлеуметтік рөлді, миссияны орындауға үйрету; - ынтамен білім алатын баланы позитивті қолдау; - баланы өзін-өзі танытудың кәсіпкерлік уәждерінде қолдау - девиантты мінез-құлық жөнінде білу; - девиантты мінез-құлық салдарларын білу; - девиантты мінез-құлыққа қарсы тұру әдістерін игеру; - сабақтарға бару, тапсырмаларды орындау; - девиантты мінез-құлықты алдын алу және эмоционалдық күйді реттеу тренингтеріне, шараларына бару; - мектепте және мектептен тыс қосымша сабақтарға бару - пән мұғалімдеріне қолдау және көмек үшін дербес жүгіну, педагогтарға және полиция қызметкерлеріне сену; - сыныптастарымен, оқушылармен әлеуметтік құпталатын ынтымақтастық - әлеуметтік құпталатын кәсіпкерлік қабілеттерді жүзеге асыру
медқызметкер: - ағарту; - диагностика, консультациялар; - ұсынымдар, жолдамалар, СӨС насихаттау. - физикалық және психикалық күйлер жөнінде ағарту; - гигиена, СӨС жөнінде ағарту; - балалар мен жасөспірімдердің жағдайын бағалау; - мазасыздану, дағдарыс, депрессия деңгейлерін бағалау; - баланың мамандарға жүгінуіне ұсыныс беру: эндокринолог, невропатолог, психотерапевт, невролог, дефектолог және т.б. - мазасыздық, дағдарыс, депрессия деңгейлерін реттеу бағдарламасын әзірлеу - ата-аналарды және педагогтарды баланың жағдайы жөнінде хабардар ету; - баланың өз жағдайын білуі; - балалардың девианттық мінез-құлыққа тәуекел тобын есепке алу; - баланың гигиена, СӨС қағидаларын және ережелерін білуі және ұстануы; - баланың жағдайымен тиімді жұмыс жасау жеке жоспары және бағдарламасы; - баланың жеке жоспарды орындауы; - баланың басқа мамандарға баруы

 

Девианттық мінез-құлықты алдын алу мәлімдеушісімен позитивті бағаланатын кестеде белгіленген әрбір тармақ бір балл ретінде бағаланады: егер бір-екі тармақ белгіленсе, онда алдын алу тиімсіз, егер 3-6 балл белгіленсе, онда алдын алу өзінің позитивті әрекетін бастады, егер 9-7 балл белгіленсе, онда девиантты мінез-құлықты алдын алуды баланың мінез-құлқына тиімді, позитивті әсер ететін ретінде бағалауға болады.

Осылайша, девианттық мінез-құлықтың алдын алу мақсатында балалармен және жасөспірімдермен жұмыс жасау нәтижелерін бағалау ересектерге, мамандарға, балаларға және жасөспірімдерге тұлғалық өсу, баланың өзінің психо-эмоционалдық жағдайымен, мінез-құлқымен жұмыс жасау әдістері мен тәсілдері, іс әрекеттері қаншалықты дәрежеде меңгерілгендігін немесе меңгерілмегендігін анықтауға мүмкіндік береді. Девианттық мінез-құлықты алдын алу нәтижелерін бағалау алдын алу нәтижелерінің оның мақсатына сәйкестігін және оның қаншалықты қол жеткізілгендігін анықтауға мүмкіндік береді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚР ДСМ бастамашы болған девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептерін, девиацияны туғызатын тәуекел факторларын зерттеу және олардың алдын алу бойынша жүйелі шараларды әзірлеу девиантты мінез-құлықтың таралу деңгейі туралы ресми статистика деректерін талдау тұрғысынан, сол сияқты девиантты мінез-құлықтың себептері мен факторларын және оның алдын алу жүйесін теориялық-эмпирикалық зерттеу тұрғысынан өзектілік критерийлеріне сай келеді.

Осы зерттеуде девиантты мінез-құлық балалар мен жасөспірімдер өздігінен жеңе алмайтын, соның салдарынан әлеуметтік нормаларды, қағидаларды қабылдай алмайтын және сақтай алмайтын физиологиялық, эмоциялық және когнитивтік қиындықтарды басынан өткерген балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлығы ретінде қарастырылады.

Девиантты мінез-қүлық анықтамасы осы проблеманы зерттеу және балалар мен жасөспірімдердің ауытқушылық мінез-құлығын зерттеу және алдын алу бойынша отандық және шетелдік тәжірибелерді талдау нәтижелері негізінде тұжырымдалды. Зерттеу нәтижелері девиантты мінез-құлықтың пайда болуының негізгі себептері депривация салдарынан ұлғайған үрей, күйзеліс, депрессияның жоғары деңгейі екенін көрсетті. Девиантты мінез-құлық оның пайда болуының теріс жағдайларының нәтижесі болып табылады және медицина, психология, педагогика, әлеуметтану, заң салаларында зерттеледі.

Отандық және шетелдік зерттеулерді талдау және 2018 жылғы қыркүйек-желтоқсанда жүргізілген, балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлығының пайда болуына ықпал ететін себептер мен тәуекел факторларын зерттеу негізінде балалар мен жасөспірімдерд девиантты мінез-құлықтың алдын алудың жүйелі шаралар үлгісі және оларды бақылау мен бағалау жүйесі ұсынылды.

Осылайша, оқушылардың арасында девианттық мінез-құлықты алдын алу қызметінің үлгісін әзірлеу шеңберінде келесі міндеттерді шешу ұсынылады:

1. Мектептердің тәжірибесінің негізінде девианттық мінез-құлықты ерте диагностикалау үшін психодиагностикалық база құру.

2. Девианттық мінез-құлықты диагностикалау үшін сәйкес келетін психодиагностикалық құралды әзірлеу.

3. Девианттық мінез-құлықты алдын алудың тиімді бағдарламасын жүзеге асыратын мектептердің тәжірибесінің негізінде алдын алу бағдарламаларын әзірлеу. Пилотаждық ендіру, олардың тиімділігін бағалау.

4. Қиын өмірлік жағдайға душа болған отбасылармен, бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатын отбасылармен мекемеаралық комиссиялардың қызметінің бағдарламасын жасау.

5. Оқушыларда девианттық мінез-құлықты және тәуекел факторларын анықтау сұрақтары бойынша оқушыларды, педагогтарды, ата-аналарды оқыту бағдарламасын әзірлеу.

6. Тәуекел тобындағы оқушыларды ерте диагностикалау және түзету-дамытушы қызметі саласында әлеуметтік педагогтың және педагог-психологтың құзыреттіліктерін жоғарылату.

 

Пайдаланылған дереккөздер тізімі

1. «Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы.

2. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591-ІІ Заңы.

3. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271 Заңы.

4. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңы.

5. "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан.

6. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 ж. 15 шілдедегі №3058 өкімімен мақұлданған «Қазақстан Республикасындағы этномәдени құрылымдардың тұжырымдамасы».

7. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы білім алушы жастарды құқықтық оқыту тұжырымдамасы».

8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысымен мақұлданған «Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы».

9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 қарашадағы № 1500 қаулысымен мақұлданған «Қазақстан Республикасындағы адамгершілік-жыныстық тәрбилеу тұжырымдамасы».

10. «Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана 2017 ж.

11. «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығы.

12. Қазақстан балалары. Статистикалық жинақ. ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ). - Астана, 2017.

13. 2016 жылғы TransMonEE деректер базасы: Данные по странам ЦВЕ / СНГ https://www.unicef-irc.org/databases/transmonee/index_rus.html.

14. 2017 жылы Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама. - Астана, 2017. – 148б. // http://www.bala-kkk.kz/sites

15. Кунаева Д.А., Жатканбаева А.Е., Карибаева А.А. Оценка ситуации в сфере ювенальной юстиции. – Астана, 2017. – 390б.

16. Клейберг Ю.А. Социальная психология девиантного поведения. – М.: ТЦ Сфера, 2000.

17. Гоголева А. В. Аддиктивное поведение и его профилактика. - М.: Мәскеу психологиялық-әлеуметтік институты, 2003. — 240 б.

18. Олиференко Л.Я., Шульга Т.И., Дементьева И.Ф. Социально-педагогическая поддержка детей группы риска. – М.: «Академия» баспа орталығы, 2000.

19. Ершова И.А. Подготовка педагога к профилактике девиантного поведения подростков в отечественном и зарубежном социально-педагогическом опыте: на материале Англии и США: Автореф….с.ғ.к. – Калининград, 2005. – 25б.

20. Галич Г.О., Карпушкина Е.А., Корчагина Л.Н., Морозова Н.Л., Тупарева Н.В. Профилактика девиантного поведения детей и подростков // Известия Пензенского государственного педагогического университета им. В.Г. Белинского //https://cyberleninka.ru/article/n/profilaktika-deviantnogo-povedeniya-detey-i-podrostkov.

21. Атикова Л.П., Лыков А.Ф., Шулепов В.В. Отклоняющееся (девиантное) поведение, как причина преступности несовершеннолетних // Оқу-әдістемелік құрал, Алматы, 2003ж. – 33б.

22. Шалгимбаев Т.М. Особенности личностных свойств и межличностных отношений подростков с дезадаптивным поведением и их учет в реабилитационной работе: дис. аворефераты. Алматы, 2004- 31 б.

23. Бекмуратова Г.Т. Особенности самосознания личности современных подростков с нарушениями поведения: психол. ғылымдары канд. авторефераты Алматы, 2008 – 30 б.

24. Кузубова М, Сидорова Л., Бекмамбетова С. Основные направления работы с учащимися девиантного поведения» // Әдістемелік оқу құралы, Алматы, «A.Media Consulting» ЖШС, 2008 – 82 с.

25. Акажанова А.Т., диссертация по теме исследования «Психолого-педагогическая коррекция девиантного поведения несовершеннолетних» (2009) – 32 б.

26. Арымбаева К.М. Научные основы проектирования содержания социально-педагогической реабилитации подростков девиантного поведения: пс.ғылымдары канд. авторефераты. - Алматы, 2010. – 45 б.

27. Акажанова А.Т. Психология девиантного поведения несовершеннолетних: теория и практика: монография. – Алматы, «Ценные бумаги» баспасы, 2011. – 304 б.

28. Турдалиева Б.С., Аимбетова Г.Е., Абдукаюмова У.А., Байсугурова В.Ю., Мусаева Б.А. Здоровье детей и подростков Республики Казахстан: проблемы и пути решения // ҚазҰМУ жаршысы. – Алматы, 2012.

29. Курбаналиева М.К. Психолого-педагогическое сопровождение воспитанников с делинквентным поведением в закрытых учреждениях: Дисс. … доктора философии (PhD). – Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2016. – 405б.

30. Хрущёв В.А., Чашев И. Психолого-педагогические аспекты проблемы трудновоспитуемости школьников // М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жаршысы. – 2016. - №1(30). - 172-177б.

31. Жигампар А.М. Отечественный и зарубежный опыт исследования девиантного поведения // Инновациялық Еуразиялық университеттің жаршысы, 2011 // https://articlekz.com/article/13538.

32. Первушина Е. Это страшное время: новый опаснейший наркотик становится популярным среди школьников в Алматы // https://www.caravan.kz/news/ehto-strashnoe-vremya-novyjj-opasnejjshijj-narkotik-stanovitsya-populyarnym-sredi-shkolnikov-v-almaty-474695.

33. Садвакасов Н. Молодежь и наркомания // http://mysl.kazgazeta.kz/?p=10627

34. Валиева А.Б., Изакова А.Т. К вопросу совершенствования профилактической работы с обучающимися по проблеме девиантного поведения // Психология в школе. Практические вопросы психологии. №11 (125), 2018ж. 14-20 б.

35. Валиева А.Б., Изакова А.Т. О проблеме превенции девиантного поведения детей и подростков // Сборник Неспубликанского научно-методического семинара на тему «Подготовка будущих специалистов в рамках «Рухани жаңғыру»: инновация и практика». Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университті, әлеуметтік ғылымдар факультеті.19 қазан, 2018 жыл. 295-300 бет.

36. Изакова А.Т., Валиева А.Б. Актуальные аспекты превентивной деятельности по проблеме девиантного поведения детей и подростков // Білімдегі жаңалықтар №4 (64), 2018 ж. 37-43 б.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.