Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ



2. ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

     

     Осы оқу құралында девиантты мінез-құлықтың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы отандық және шетелдік зерттеу талдауларына [15-33] сондай-ақ осы зерттеудң нәтижелеріне негізделеді [34-36].

Зерттеу көрсеткендей, баланың девиантты мінез-құлқы туралы 9-10 жасар баладан бастап 18 жастағы адамға қатысты айту қажет. Себебі осы жастан бастап ол өздігінен әлеуметтік ережелерге ілесе алады, есейіп, әлеуметтенеді, бірақ тек 18 жастан кейін ғана адам қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне ақылға қонымды түрде қарсы тұра алады.

Барлық зерттеулер мен әдеби дереккөздерде девиантты мінез-құлық – бұл психикалық ауру емес және патологиялық жағдай емес екені, оның түзелетіні белгіленген. Девиантты мінез-құлықты, психоэмоциялық жағдайды және баланың тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық түзеу процесінде оны қолдау керек, баланың ата-атасына және педагогтарға көмек көрсету керек. Оның ішінде тәуелді мінез-құлық және кәсіби депривация тәуекелінің алдын алу мақсатында ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен психологиялық кеңес өткізу керек.

Зерттеулер көрсеткендей, девиантты мінез-құлық кез келген жағдаятта көрінеді, ал стандартты емес, дағдарыстық жағдаят салдарынан және өзін-өзі қорғау салдарынан бір рет көрінген ерекше мінез-құлық – девиантты мінез-құлық емес. Девиантты мінез-құлық кәдімгі қарапайым адамдармен қатар, психикалық ауруы және патологиялық жағдайы бар адамдардан да көрінеді.

Девиантты мінез-құлық деликвентті формаға, психопатияға ауысуы мүмкін, егер уақытылы білікті шараларды қолданбаса, онда девиантты мінез-құлқы бар адам қаңғыбастық, үйден қашу, үйді өртеу, ішімдікке және есірткіге салыну, т.с.с. әрекеттерін жасауы мүмкін. Яғни, девиантты мінез-құлық міндетті түрде әлеуметтік бейімсізденуді күшейтуі әбден мүмкін, сонымен қатар бейімсіздену жағдайының нәтижесі бола алады.

Барлық зерттеулерде девиантты мінез-құлық – бұл әртүрлі жолмен байқалатын бала өмірінің өзі арқылы көріну нәтижесі зияны жоқ әрекеттерден: әдепсіздік, ұятсыздық, өзін-өзі оқшаулаудан бастап жеке тұлғалылықты толықтай бұзуға: есірткіге салыну, жезөкшелік, ойынға құмарлық, өз-өзіне қол жұмсауға дейін қарастырылады.

Девиантты мінез-құлық әркімге әртүрлі әсер етеді, бала өзінің ауытқыған мінезіне төмендегідей қарауы мүмкін: қажетсіз, жартылай қанағаттанарлық, қарапайым және жағымды түрде. Баланың өзінің девиантты мінез-құлқына қарауына оның алдағы өмірі, оған қанағаттануы тәуелді болады.

Осылайша, осы зерттеуде балалар мен жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлық – бұл ең алдымен, баланың өздігінен жеңе алмайтын физиологиялық, эмоциялық және когнитивтік қиындықтарды басынан өткеруі, соның салдарынан ол әлеуметтік нормаларды, қағидаларды қабылдамауы және сақтай алмауы, позитивті дамыған ортада толыққанды өмір сүре алмауы мүмкін. Баланың өз мінез-құлығына қарым-қатынасын ата-аналар, кәсіпқойлар және немқұрайды емес жақын ортасы түзеуге міндетті.

 

3. БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН СЕБЕПТЕР МЕН ФАКТОРЛАР

Осы зерттеудің нәтижелері бойынша [34-36] девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептерін, девиацияны туғызатын тәуекел факторларын зерделеу балалар мен жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың пайда болуының маңызды себептері олардың келесі жай-күйінің жоғары деңгейі болып шықты: депривация салдарынан туындаған үрей, күйзеліс, депрессия. Сондай-ақ, осы себептер отандық және шетелдік зерттеулердің жұмысында белгіленді [15-33], олар депривацияны адамды оған ерекше қажетті, осы адамның өмірінің қандай да бір бұрмалануына (бұзылуына, құлазуына) әкеп соғатын нәрседен айыру деп көрсетеді. Бұл ерекше қажетті нәрсе дене, моральдық, материалдық әл-ауқат жағынан, яғни әл-ауқат жағдайынының кешенінен болуы мүмкін. Девиантты мінез-құлық оның көрінісінің жағдай жиынтығының нәтижесі болып табылатындықтан, ол ғылымның әртүрлі салаларында зерттеледі: медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, заңдық.

Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептерін және девиацияны туғызатын тәуекел факторларын зерттеу нәтижелерін талдау негізінде келесілерді қарастыруды ұсынамыз:

- әлеуметтік факторлар (психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, заңдық);

- биологиялық факторлар (медициналық, психологиялық).

Әлеуметтік факторларданбалалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары көрінісінің жалпы және жеке факторларын бөліп шығарады.

Жалпы әлеуметтік факторларға төмендегілер жатады:

1. Қоғамның және оның нормаларының жетілмегендігі, мысалы: агрессивті мінез-құлық қалыпты бола бастайды, себебі балаға агрессиясыз бәсекелесу, басқару, басшы болу, табысты болу өте қиын, ғалымдар баланың агрессияға «қатаңдығын» белгілейді.

2. Қоғам шынайы қарым-қатынас пен сөйлесім әдістерінің орны виртуалды өмірде, интернет қоғамдастықтарда, ойындарда, қызметтердегі қарым-қатынаспен толтырылады.

3. Қоғам девиантты мінез-құлықты насихаттайды, себебі мұндай мінез-құлық қоғамды дамытатын өзгерістерге себепші болады.

Жеке әлеуметтік факторларға мыналарды жатқызады:

1. Ата-ана мен баланың арасындағы байланыстың жоқтығы немесе оның аз ғана, формальды түрде ғана көрінуі;

2. Қолдаудың жоқтығы. Ата-аналар және басқалары балаға көмек көрсеткісі келмейді, көрсете алмайды немесе көрсетпейді. Анасы балаға сезімін білдірмейді, ашық сөйлеспейді, дерттеспейді. Әкесі әкелік кеңес, ұсыныстар көмегімен әрекетке шақырмайды.

3. Қауіпсіздікті сезінбейді. Бала үшін қауіпсіздікті сезіну – бұл оның ата-ана тарпынан қалайтын қажеттілігін түсіну, сол арқылы бала психикасының артықшылығы мен ерекшеліктерін тану, ата-ананың саналы түрде оның өміріне араласуы. Бала үшін қауіпсіздікті сезіне алмау дегеніміз – бұл ата-ана түсіністігінің жоқтығы.

4. Қажеттіліктің, ақпарат құралдарының әртүрлілігі тұлғааралық байланыстың бұзылуының орнын толтыратын тәуелділіктің қол жетімді потенциалды объектілері болып табылады;

5. Баланың жасөспірімдік қосалқы мәдениеттің бір бөлігі болғысы келетін қалауы. Бала ата-анасына өзінің жеке өмір сүру дәстүрінің бола алатынын, ересек екенін және сәйкес әлеуметтік рөлді орындай алатынын дәлелдегісі келеді. Мұндай баланың ата-анасы бұған дұрыс жауап қайтара алмайды немесе баланың қалауы мен тәрбиесін мүлде елемейді, яғни баланың өмір сүру дәстүріндегі нақты, сендіре алатын және қанағаттанарлық бағдары жоқ. Қосалқы мәдениет – баланың өзін «жақын» сезінетін тобы, көңіл-көтеру ортасы;

6. Өмірінің алғашқы екі жылындағы азапты уайымдар түріндегі зақымның болуы. Мүұндай зақымның себебі баланың төмендегідей өмір фактілері болуы мүмкін: анасынан айырылу, баланың өмір қажеттіліктерін қанағаттандыруға ананың қабілетсіздігі, бала мен ана темпераментінің сәйкес келмеуі, сәбидің шектен тыс әсершілдігі, ата-ананың сәбиге психологиялық зақым келтіретін әрекеттері (зорлықпен тамақтандыру, қырсықтығын өзінше түсіну және т.б.);

7. Ата-анасы баланы өзін-өзі жақсы көруге үйретпейді. Бала өзінің жаман, түкке тұрғысыз, пайдасыз екеніне көзі жеткен, ешкімге сенгісі келмейді;

8. Ата-анасының өз сезімін керегінше білдіруіне, түсінуіне және оны көрсетуіне мүмкіндік бермейтін көңіл-күй ауытқушылықтарының болуы. Соған байланысты бала өз эмоциясымен, сезімімен бөліспейді, оларды ішінде тұншықтырып, тіпті жоққа шығарады;

9. Ата-анасына эмоционалдық, психологтялық жағынан тәуелділік. Бала ата-анасының пікірі мен бағалауына тәуелді болады, үнемі олардың алдында өзін кінәлі сезінеді. Кез келген отбасылық мәселелерді осындай балалардың девиантты мінез-құлқы күшейте түседі.

10. Ата-аналардың баланың ортақ тәуелді мінезін көрсетуге әкеп соғатын әртүрлі психологиялық мәселелері болады. Бірақ баланың жеке басының ерекшеліктері оның ата-ана мінез-құлқының жағымсыз әсеріне ұшырамайтындай болуы мүмкін екенін ескеру керек.

11. Егер төмендегі қасиеттерге ие болса, бала тәуелді мінез-құлыққа тап болғыш болып келеді:

жаңа жағдаяттарға бейімделгіштік, ішкі мазмұндық құрылымның жоқтығымен бейімделу;

- көңіл-күй сапасы;

- сезімталдық;

- тіл тапқыштық, қарым-қатынас орнатудағы әлеуметтік шектеулердің жоқтығы;

- мінездің эпилептоидтық және гипертимдік акцентуациясы;

- ызақорлық;

- кіналау сезімінің санадан тыс қысым көруі;

- өзінің ерекшеліктері мен стандартсыздығын тану;

-  күйзелісті жеңу қабілетінің төмендеуі.

Баланың әлеуметтік депривацияны бастан өткеруі девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік факторы, яғни ауытқушылық мінез-құлықтың пайда болу аясы болып табылады, бұл баланың мамандандырылған көмектің және алдын алу шараларының іргетасы болып табылатын бейімдеу, әлеуметтендіру, өзін-өзі жетілдіру қажеттіліктеріне қанағаттандыруға негізделеді.

Биологиялық факторларға төмендегілерді жатқызады:

1. Басынан зақым алу. Бас зақымы ағзалық психикалық ауытқушылықтың және бастағы мидың қалдықтық ағзалық жеткіліксіздігінің себептері болып табылады;

2. Балалар мен жасөспірімдердің соматикалық шағымдарының болуы;

3. Темекі өнімдерін, алкоголді сусындар мен есірткіні жүйелі түрде тұтыну;

4. Депрессияның, үрейдің және күйзелістің жоғары дәрежесі;

5. Эмоцияналдық тұрақсыздықтың жоғары дәрежесі;

6. Өз-өзіне қол жұмсаудың отбасылық тарихы және психикалық денсаулық ауытқушылығының таралуы;

7. Ойлаудың бұзылуы;

8. Зақым келтіретін уайымдар.

Жағымсыз психология-эмоционалдық жағдай және зақым келтіретін уайым девиантты мінез-құлыққа себепші болатын биологиялық фактор болып табылады, сондықтан ол мамандандырылған көмек пен алдын алу шаралары қосымшаларының негізгі мақсаттарының бірі болу керек.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.