|
|||
Педагогтармен жұмыс жасауПедагогтармен жұмыс жасау - білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету сұрақтары бойынша психологиялық құзыреттілікті жоғарылату; - балаға дара тәсілдемені жүзеге асыру бойынша ұсыныстар, білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін зерттеу бойынша жұмысты үйлестіру; - білім алушылардың ата-аналарымен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын үйрету; - сыныптың балалар ұжымын дамыту, қолайлы микроклимат жасау бойынша ұсыныстар; - педагогтың балаға қатынасын түзету, онымен жұмыс жасау әдістерін ұсыну, баланы позитивті ынталандыру әдістемесін пайдалану, баланың психологиялық артық жүктемелерін шешу; - рефлексивті ойлауды, педагогтардың мінез-құлқын дамыту; - педагогикалық шындықты адекватты қабылдау шарты ретінде мұғалімнің эмоционалдық артық жүктемелерін алып тастау. Жұмыс консультациялар, педагогикалық кеңестер, тренингтер арқылы жүзеге асырылады. Тренинг бағдарламалары ретінде мыналар ұсынылады: 1. Мұғалімдер мен оқушылар арасында өзара әрекеттесуді жақсарту бағдарламалары мектепте әлеуметтік-қолдайтын климат тудыру мақсатымен мұғалімдердің тренингтерін, мұғалімнің өзін-өзі бағалауымен және мен-тұжырымдамасымен жұмыс жасауды, тұлғалық бақылау және әлеуметтік дағдылар тренингтерін енгізеді. 2. Мұғалімдер тарапынан балаларға әлеуметтік қолдау көрсету топтарын құру бағдарламалары. II. Әлеуметтік көмек (әлеуметтік педагог іске асырады) Отбасымен жұмыс жасау: - оқу-тәрбиелеу процесінде ата-аналардың педагогтармен өзара әрекеттесулерін ретке келтіруде көмек көрсету; - отбасыда өмір жағдайларының және жағдайдың өзгерістерін зерттеу және қадағалау мақсатымен ішкі істер органдарының есебінде, мектепішілік есепте тұрған және әлеуметтік қауіпті жағдайдағы оқушылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру - бала үшін режимнің ұйымдастырылуын бақылау, оның бақылаусыздығын жою; - бала үшін режимді ұйымдастыруды бақылау, оны бақылаусыздықты жою; - әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасыларды анықтау, балаларды оқытуда және тәрбиелеуде оларға көмек көрсету, осы отбасыларда жағдайды сауықтыруға ықпал ету; - әлеуметтік жәрдемақыларды, жеңілдіктерді ресімдеуде көмек көрсету (құзыреттілік шектерінде) - баланың сабақтан тыс қызметін ұйымдастыруда көмек көрсету (ойын, еңбек, шығармашылық, қоршаған әлемді тану, отбасындағы қарым-қатынас); - «тәуекел» тобындағы, қиын өмірлік жағдайға душар болған отбасылардан шыққан білім алушыларға бақылау істерін жүргізу. Білім алушылармен жұмыс жасау: - мекемелерде, ұйымдарда және білім алушылардың мекен ету жерлері бойынша тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру: - баланың құқықтарын қорғау, тұлғаға әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қорғау; - білім алушылардың тұлғаларының ерекшеліктерін, олардың микроорталарын, өмір сүру жағдайларын зерттеу; - кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру; - әлеуметтік қауіпті жағдайдағы, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі сабақтарға дәлелсіз себептермен бармайтын немесе жүйелі түрде өткізетін кәмілетке толмағандарды анықтау және есепке алу, оларды тәрбиелеу және олардың негізгі жалпы білім алулары бойынша шаралар қолдану; - әлеуметтік бейімделуде қиындықтар сезінетін балалар жөнінде мәліметтер базасын жасау; - «тәуекел» тобындағы білім алушыларды үйірмелерге, спорт секцияларына, жасөспірімдер клубтарына, қызығушылықтар бойынша клубтарға қатысуға тарту; - кәмелетке толмағандардың заңға бағынушылық жүріс-түрісін қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру, сабақтарды өткізу; - салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс, білім беру процесі барысында білім алушылардың өмірін қорғауды және денсаулықтарын қамтамасыз ету; - білім алушыларға психологиялық жайлылық және қауіпсіздік жағдайын құруға, әлеуметтік ортада адамгершілікті, салауатты қатынастарды орнатуға жәрдемдесу; - баланың қызығушылықтарын және мұқтаждықтарын, қиындықтарын және мәселелерін, мінезіндегі ауытқуларын анықтау және әлеуметтік көмек пен қолдау уақытылы көрсету; - баланың жағымды қызығушылықтарын және бейімділіктерін пайдалану негізінде баланы белсенді қызметке қосу; - білім алушылардың әлеуметтік маңызды қызметінің әр түрлі түрлерін, әлеуметтік бастамаларды дамытуға, әлеуметтік жобаларды және бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру; - отбасының, баланың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін басқа мекемелермен өзара әрекеттесу. Педагогтармен жұмыс жасау– әлеуметтік бейімделу мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілікті жоғарылату.
|
|||
|