|
|||
ОРТА МЕРЗІМДІ КЕЗЕҢДЕ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ4.2 . ОРТА МЕРЗІМДІ КЕЗЕҢДЕ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Орташа мерзімді алдын алудың мақсаты: жасөспірімдердің психикалық денсаулықтарына және тұлғалық дамуына максималды көмектесу, оқушылардың адаптивті мінез-құлқын қалыптастыру. Алдын алу міндеттері: - салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру; - мінез-құлықтағы ауытқуларға ықпал ететін себептерді ерте анықтау; - білім алушылардың тұлғалық дамуына кедергі келтіретін, мінез-құлықтағы ауытқуларға ықпал ететін факторларды азайту; - жасөспірімдерді конструкциялық мінез-құлық, ішкі өзін-өзі бақылау, психологиялық қорғау әдістеріне, әр түрлі өмірлік жағдайларда тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларына үйрету; - оқушыларды тұлғалық жанжалдарды шешу дағдыларына үйрету; - оқушыларға кәсіби және өмірлік өз тағдырын өздері шешуде көмек көрсету; - білім алушылардың өз мәселелерін сезіну, сондай-ақ мәселеге қатысты меншікті ұстанымын және қатынасын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау. Девиантты мінез-құлықты алдын алу бойынша білім беру мекемелеріндегі жұмыстың кезеңдері: 1) Алдын алу. Мыналар бойынша іс-шаралар өткізу: - салауатты өмір салтын насихаттау бойынша; - құқықбұзушылықтарды алдын алу бойынша; - мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру бойынша; - ата-аналардың, педагогтардың психологиялық сауаттылығын жоғарылату; - сынып ұжымдарында қолайлы психологиялық климат жасау бойынша жұмыс; - қиын өмірлік жағдайға душар болған отбасыларға балаларды оқытуда және тәрбиелеуде көмек көрсету; - отбасы және мектеп байланыстарын нығайту; - дағдарыстық жағдайлардың дамуын ескерту; - балада қорғалу, психологиялық жайлылық сезімдерін тудыру, өлшемдес талаптар қою; - білім алушылардың қызығушылықтарын анықтау, кәсіби өз тағдырын өздері шешуде, келесі білім жолын таңдауда көмек көрсету; - жасөспірімдердің құқықтарының сақталуын бақылау - рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие. 2) Диагностикалық: - жасөспірімдердің тұлғасының дамуына жағымсыз әсер ететін факторларды, мінез-құлықтағы ауытқулардың себептерін анықтау (мысалы: тұрғы үй-тұрмыстық жағдайларды тексеру, топтан тыс референтометрия, тәрбиелеу мәселелері бойынша сауалнамалар); - оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін, эмоционалдық-ерік аясының ерекшеліктерін анықтау; - баланың даму деңгейін зерттеу, қажет болса, кәмелетке толмағандарды одан әрі оқытудың бағдарламаларын және нысандарын анықтау үшін кешенді тексеруді ұйымдастыру; - түзету-дамыту жұмысында сүйенуге болатын қызығушылықтарды және жағымды қасиеттерді анықтау; - икемсізденудің басым синдромдарын анықтау; - баланың сыныптағы жағдайын зерттеу; - алдын алудың жеке бағдарламаларын түзету мақсатымен өзгерістерді аралық диагностикалау; - оқушылардың мәселелерін ерте анықтау мақсатымен білім беру мекемелерінде әлеуметтік-психологиялық мониторингтер. 3) Түзету-дамытушы: - оқушыға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, оқытуда дара келіс жүзеге асыру бойынша ұсыныстар дайындау; - жас ерекшеліктерін ескерумен, дамудағы және мінез-құлқындағы ауытқулар бар кәмелетке толмағандармен түзету-дамытушы жұмыс. 4) Оңалту: - оқушылардың, ата-аналардың мәселелері бойынша кеңес беру; - оқушылардың білім алуын бақылау; - баланың мәселелерін шешу үшін мүдделі мекемелермен өзара әрекеттесу. 5) Қорытынды: - жасалған шаралардың тиімділігін бағалау, кейінгі жұмысты жоспарлау, ұсыныстар әзірлеу; - оқушылардың мектеп өмірімен қанағаттануларын, СӨС сұрақтарына, өзекті мәселелерге қатынастарын зерттеу; - ата-аналардың білім беру мекемесінің қызметіне, баланың мектеп ұжымындағы жағдайына қанағаттануларын зерттеу.
|
|||
|