|
|||
ші міндет: Девиантты мінез-құлық белгілерімен оқушыларды ерте диагностикалау.2-ші міндет: Девиантты мінез-құлық белгілерімен оқушыларды ерте диагностикалау. Шешімі: 1. Девиантты мінез-құлығы бар балаларды ерте диагностикалау механизмін анықтау. 2. Девиантты мінез-құлыққа бейім оқушыларды ерте анықтау үшін психодиагностикалық құралдарды анықтау. 3. Девианттық мінез-құлық түрлері, белгілері, ерте диагностикалау, девианттық білім алушылармен жеке сұхбат жүргізу бойынша әлеуметтік педагогтардың және педагогтар-психологтардың құзыреттіліктерінің деңгейін жоғарылату. 3. Құқық қорғау органдарының және медициналық мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен әлеуметтік-психологиялық мониторингті жүзеге асыру механизмін ендіру (комиссия құру, кездесулер жиілігін, алдын алу шараларын анықтау). 4. Мұғалімдердің, ата-аналардың және балалардың девианттық мінез-құлықты ерте диагностикалау және әлеуметтік-педагогқа жүгіну сұрақтарында хабардар етілу деңгейін жоғарылату. Девианттық мінез-құлық белгілері бар оқушыларды ерте диагностикалау келесі кезеңдерді қамтиды: 1) әлеуметтік-психологиялық мониторинг; 2) тәуекел тобына қосылған оқушыларды жеке психологиялық диагностикалау. Әлеуметтік-психологиялық мониторинг – тәуекел тобымен алдын алу құралдарын және түзету шараларын таңдау мақсатымен девианттық мінез-құлық көрсеткіштерінің жағдайын және өзгеруін қадағалау процесі. Ұсыныс: мектепте кәмелетке толмағандардың қараусыздығының және құқық бұзушылықтарының алдын алу кеңесі құрылады, оған директор, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, полицияның мектеп инспекторы, сынып жетекшісі, мектептің медициналық қызметкері кіреді. Әлеуметтік-психологиялық мониторинг оқу жылының ішінде 2 рет өткізіледі: қыркүйек-қазан және сәуір-мамыр. Тәуекел тобын және алдын алу шаралары жоспарын анықтау мыналардың: - оқушылардың оқу үлгерімдері мен сабаққа барулары бойынша сынып жетекшінің мәліметтерінің, ата-аналардың өтініштерінің және сұратуларының. - оқушының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктері және оның микроортасы, өмір жағдайлары жөнінде әлеуметтік психологтың мәліметтерінің. - оқушылардың құқықтық бұзушылықтары, ата-аналардың құқық бұзушылықтары бойынша полицияның мектеп инспекторының мәліметтерінің. - оқушылардың мектепте және жалпы тәжірибе дәрігеріне жүгінулерін талдау бойынша медициналық жұмыскердің мәліметтерінің - балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуларының бұзылуларын жоспарлық диагностикалау, жеке консультациялар негізінде педагог-психологтың мәліметтерінің негізінде жасалады. Балалар мен жасөспірімдердің «тәуекел тобына»: - сабақтарға бармайтын балалар; - үлгерімдері төмендеп бара жатқан балалар; - сыныптастарымен жанжалдасып қалған, төбелесте байқалған балалар; - алкоголь, темекі, есірткі заттарын тұтынатын балалар; - құқық бұзушылықтар үшін құқық қорғау органдарымен ұсталған және Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына немесе полицияның кәмелетке толмағандардың істері бөліміне есепке қойылған балалар; - қиын өмірлік жағдайға душар болған отбасылардың балалары; - бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатын отбасылардың балалар кіреді. «Тәуекел тобына» енгізілген оқушыларды жеке психологиялық диагностикалау. Тәуекел тобындағы оқушыларды жеке психологиялық диагностикалаудың негізінде осы оқушылармен, олардың отбасыларымен жұмыс жасау бағыттары анықталады: 1. Педагог-психологқа түзету жұмысына жіберу. 2. Жалпы тәжірибе дәрігеріне консультацияға жіберу. 3. Әлеуметтік педагогтың басқа мамандармен (әлеуметтік жұмыскермен, полицияның мектеп инспекторымен, педагогтармен) бірлескен түзету шараларын анықтау.
|
|||
|