|
|||
Мектеп мамандары жұмысының бағыттарыМектеп мамандары жұмысының бағыттары I. Психологиялық көмек (бағытты педагог-психолог жүзеге асырады) Отбасымен жұмыс: - отбасы қатынастары, отбасылық тәрбиелеу стилі сұрақтары бойынша ата-аналарға кеңес беру, - ата-аналармен және отбасының басқа мүшелерімен байланысты баланың қиындықтарын диагностикалау, - психологиялық ағарту, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін жоғарылату, -ата-аналармен ынтымақтастыққа және өзара әрекеттесуге негізделген алдын алу жұмысының бірлескен шараларын әзірлеу. Отбасымен өзара әрекеттесу жеке және топтық кеңестер, ата-аналар жиналыстары, Алдын алу кеңесі, отбасы клубтарының жұмысы арқылы жасалады. Отбасыға бағдарланған бағдарламалар ретінде отбасы дағдылары тренингі, өзіне-өзі көмек көрсетудің отбасы топтарын құру ұсынылады. Білім алушылармен жұмыс жасау: - тұлғалық өсуде көмек көрсету, оқушыларда әлеуметтік икемсізденудің туындауын алдын алу бойынша шаралар, оқушылардың психикалық, соматикалық және әлеуметтік амандықтарын сақтау бойынша жұмыс: - оқушылардың тұлғаларының дамуына теріс әсер ететін және олардың құқықбұзушылықтарды жасауларына ықпал ететін факторларды анықтау және қажетті психологиялық көмек көрсету; - оқушылардың адекватты өзін-өзі бағалауларын қалыптастыру, танымдық және адамгершілік-эстетикалық мәдениеттерін дамыту; - баланы психологиялық тексеруді ұйымдастыру: мінезінің акцентуацияларының типін, танымдық даму деңгейін анықтау, баланың қызығушылықтарын анықтау; - оқушыларға уақытылы психологиялық көмек көрсету, психологиялық-педагогикалық тұзету, зияткерлік, тұлғалық, эмоционалдық-ерік саласында кемшіліктерді тегістеу бойынша жеке жұмыс; - психологиялық жайсыздық күйін шешу; - өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру; - коммуникативті және мінез-құлықтық дағдыларды дамыту; - кәсіби өзін-өзі анықталуда, кейінгі білім алу жолын таңдауда көмек көрсету; - жетістіктерді уәждемелеуді қалыптастыру бойынша көмек; - нақты мәселелерді, атап айтқанда мектептегі жанжалдарды шешуде консультативтік көмек көрсету; - тұлғаның жағымды қасиеттеріне сүйену негізінде баланың құрдастарымен қарым-қатынасын басқару; - мәселелерді ерте анықтау мақсатымен білім беру мекемесінде әлеуметтік-психологиялық мониторингтер; - СӨС сұрақтары бойынша алдын алу жұмысы. Білім алушылармен жұмыс консультациялар, тренингтер, сынып сағаттарындағы сұхбаттар, психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумдар арқылы жасалады. Білім беретін бағдарламалар ретінде мыналар ұсынылады: 1. Аффективті оқыту бағдарламалары. Осы бағдарламалардың мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді эмоцияларды реттеуге, оларды сезінуге және бақылауға, өзін-өзі бұзатын мінез-құлық нысандарына жүгінбей, оларды бір эмоционалдық модальділіктен басқасына ауыстыруға үйрету. Аффективті және интерперсоналды оқыту бағдарламалары Мен-тұжырымдамасын дамыту, өз сезімдерін, басқа адамдармен қатынастарын сезіну, шешімдерді қабылдау және коммуникативті құзыреттілік дағдыларын үйрету мақсатымен жасөспірімдерде ішімдікке және есірткі қолдануға салынуды ескерту амалы болып табылады. 2. Мінез-құлықтық оқыту бағдарламалары жасөспірімдерде темекі, алкоголь, есірткі тұтынуға, әлеуметке қарсы компанияларға қосылуға төзімділікті жоғарылату мақсатымен мінез-құлықтық дағдылар тренингіне негізделеді. 3. Әлеуметтік баламаларды қалыптастыру бағдарламалары ішімдікке салынуға, есірткі қолдануға және т.б. балама позитивті қызмет жасөспірімдерді қайта бағдарлауға ықпал ететіндігі жөнніде идеяға негізделеді. 4. Әлеуметтік қолдау топтарын құру бағдарламалары. Егер балада оны қолдайтын әлеуметтік орта болмаса, онда осындай ортаны жасанды түрде құру керек: құрдастар арасында өзіне-өзі және өзара көмек көрсету топтарын құру.
|
|||
|