Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЫСҚА МЕРЗІМДІ КЕЗЕҢДЕ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ



4.1. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КЕЗЕҢДЕ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

 

Қысқа мерзімді алдын алу жұмысының негізгі мақсаты кәмелетке толмағанның мәселелерін шешуде алдын алу құрылымдарымен пәнаралық өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, жасөспірімдердің мінез-құлқына және қызметіне мақсатты педагогикалық, психологиялық, құқықтық әсер етуді қамтамасыз ету болып табылады.

Осы кезеңде келесі міндеттер шешіледі:

1-ші міндет: Оқушылармен және ата-аналармен алдын алу жұмысы.

Шешімі:

1. Алдын алу бағдарламасын әзірлеу: міндеттер, бағыттар, жүзеге асыру мерзімдері, нысандар, әдістер, тиімділігін мониторингілеу өлшемдері. Кәмелетке толмағандар арасында алдын алу жұмысын жүзеге асыратын мекемелердің қызметкерлерін қоса, барлық мамандардың қызметінің бағыттарын анықтаған маңызды.

2. Алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша мектеп қызметкерлерінің құзыреттіліктерінің деңгейін жоғарылату.

3. Алдын алу шараларын жүзеге асыруда ата-аналарды және оқушыларды тарту.

Оқушылармен және ата-аналармен алдын алу жұмыстары мыналарды қамтиды:

- мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру бойынша;

- ата-аналардың, педагогтардың психологиялық сауаттылығын арттыру;

- әлеуметтік педагогтардың, педагог-психологтардың, ата-аналардың девианттық мінез-құлық табиғаты, түрлері мәселелері, аддиктивті, бейәлеуметтік, суицидалды мінез-құлық факторлары және белгілері жөнінде хабардар етілуін жоғарылату;

- сынып ұжымдарында қолайлы психологиялық климат тудыру бойынша жұмыс;

- қиын өмірлік жағдайға душар болған отбасылардың балаларын оқытуда және тәрбиелеуде көмек көрсету;

-  - отбасының және мектептің байланыстарын нығайту;

-  - оқушылардың сабақтан қалуын бақылау;

- - оқушылардың қызығушылықтарын анықтау, кәсіби өз тағдырын шешуде, кейінгі білім алу жолын таңдауда көмек көрсету;

- - қызығушылықтар бойынша үйірмелердің және секциялардың, оқушылардың сабақтан тыс жұмыспен қамтылуын ұйымдасты.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.