Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





III. Педагогикалық көмек (сынып жетекшісі іск асырады)



III. Педагогикалық көмек (сынып жетекшісі іск асырады)

Отбасымен жұмыс жасау:

- оқу-тәрбие процесінде ата-аналардың педагогтармен өзара әрекеттесуі;

- жеке кеңестер, баланың теріс қасиеттерін жеңуде және тәрбиелеуде ата-аналарға көмек көрсету;

- баланың саналы қызметін ұйымдастыруда көмек көрсету (ойын, еңбек, шығармашылық, қоршаған әлемді тану, отбасыда қарым-қатынас жасау);

- баланың мәселелері бойынша мүдделі мекемелермен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру.

Білім алушымен жұмыс жасау:

- адекватты өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, білім алушылардың танымдық және адамгершілік-эстетикалық мәдениетін дамыту;

- мектеп бағдарламасын игеруде баланың жетістігін ұйымдастыру;

- тұлғаны зерттеу және білім алушыларды тәрбиелеуде түзету;

- өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру;

- баланың жағымды қызығушылықтарын және бейімділіктерін пайдалану негізінде белсенді оқудан тыс қызметке тарту;

- уәжсіздендірілуді, оқытуды теріс уәждеуді жеңу;

- тұлғаның жағымды қасиеттеріне сүйену негізінде баланың құрдастарымен қарым-қатынасын басқару;

- балалардың рухани-адамгершілік әлемін қалыптастыру бойынша жұмыс;

- салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс;

- жетістіктерді уәждемелеуді қалыптастыру бойынша жұмыс;

- білімдегі ақауларды жою үшін білім алушылардың пәндер бойынша қосымша жеке сабақтарға баруларын бақылау;

- баланың қызығушылықтарын, қиындықтарын және мәселелерін анықтау және оларға уақытылы педагогикалық көмек көрсету;

- сыныптың сабақтан тыс қызметін ұйымдастыру, сынып ұжымын дамыту бойынша жұмыс.

Осылайша, балалар мен жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтық алдын алу мәселелерін шешудегі нақты қадамдар қысқа мерзімді және орта мерзімді алдын алу бағдарламаларының міндеттерін іске асырумен ұштасады.

Қысқа мерзімді бағдарлама ретінде субъектілердің алдын алу жұмыстарының орта білім беретін мектептер базасында бір жыл ішінде іске асырылуы керек міндеттері мен бағыттары айқындалған. Қысқа мерзімді кезеңге арналған алдын алу іс-шаралары ерте диагностикалау үлгісін жасау және сынақтан өткізу және ведомствоаралық өзара ықпалдастық тетігіне негізделген мультикомпонентті алдын алу бағдарламаларын енгізу міндеттерін шешуді қамтиды. Ғылыми зерттеу шеңберінде іске асырылған осы міндеттердің шешімі орта мерзімді кезеңде бағдарланған алдын алу қызметінің тиімді үлгісін енгізуге мүмкіндік береді.

Орта мерзімді бағдарламалар іске асыру баланың мектепте оқу кезең ішінде жүргізіледі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.