|
|||
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ4. БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ Балалар және жасөспірімдер девиациясының алдын алудың отандық тәжірибесіне төмендегі әртүрлі елдерде қолданылатын балалар және жасөспірімдер девианттылығының әлеуметтік-педагогикалық жағынан алдын алуының даму бағыттарын енгізу қажет (Ұлыбританияда, Германияда, Францияда, Швейцарияда, Нидерландыда, Азия елдерінде, Африкада, Ресейде Streetwork – көшедегі әлеуметтік жұмыс бағдарламасы енгізілген; Швецияда мамандарды тарту – әлеуметтік жұмыскер, Польшада – жетекшілер, Ұлыбританияда – «Негізгі маман») [19;24]: - жасөспірімді әдеттегі әлеуметтік-мәдени ортасынан ажыратпай, барлық ескерту және оңалту шараларын жүргізуге бағдарлану; - осы саладағы азаматтық белсенділікті ынталандыру, оған қосымша қатысушылар мен қаржылық құралдарды жұмылдыру; - дәстүрлі отбасының өзегін нығайту, оның психологиялық-педагогикалық мәдениетін көтеру; - девианттық мінез-құлықтың алдын алу және түзетуге қатысты тәжірибелік жұмыстарды мамандандыратын әлеуметтік педагогтердің арнайы кадрлерін дайындау; - арнайы ескерту қызметтері мен құрылымдарының желісін құру; - тәрбиелеу-алдын алу және күзету-қорғау қызметінің психологиялануы; - жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын түзетудегі және оңалтудағы медициналық-психологиялық көмектің бастаушы рөлі. Үнемі әрекетте болатын бағдарламалар әлдеқайда тиімді – бұл белгілі бір орында үнемі әрекет ететін алдын алу үлгісі, мысалы, балаларға, жасөспірімдерге, мұғалімдерге тұрақты алдын алу сабақтары жүргізілетін белгілі бір мектеп негізінде үздіксіз алдын алу жұмыстарын жалғастыратын қосалқы мамандарды (құрдастарды, мұғалімдерді, психологтерді, ата-аналарды) дайындау жүзеге асырылады. Алдын алу жұмыстарына арналған әлдеқайда ыңғайлы орын бірнеше жылдар бойы жүйелі мақсаттылы үйрету іске асырылатын мектеп болып табылады. Үлгілік, кейде осындай мектептерге міндетті тұрақты сабақ курстары түрінде арнайы құрылатын алдын алу бағдарламалары жалпы оқу жоспарына енгізілуі мүмкін. Сонымен қатар алдын алудың барлық субъектілерінің мекеме аралық өзара әрекеттестігінің мектебі негізіндегі ұйым әлдеқайда тиімді болып көрінеді. Тұтастай алғанда, балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын алудың жүйелі шаралары төмендегі шарттарорындалғанда оң нәтиже көрсетуі мүмкін: 1. Қоғам (отбасы тәрбиесінің институттары, отбасы денсаулығының орталықтары, басыбайлы ұйымдар, мектептің полиция инстпекторы, отбасы және балалар мен жасөспірімдердің өзі): - девиантты мінез-құлықтың мәні мен формасы, салдары туралы ақпаратты уақытылы және қол жетімді түрде алуға; - девиантты мінез-құлықты неліктен талқыламай, жазаландырмай, бірінші кезекте тек айқындап, анықтайтын себепті қабылдауғе және түсінуге; - девиантты балалармен жұмыс жасау әдістерін психотерапия, терапия, түзету, тәрбиелеу және үйрету жолдарымен табуға; - балалар мен жасөспірімдерді және көмекке жүгінген олардың отбасыларын қолдау және көтермелеуге (ұқыпты, дұрыс қатынаспен, түсіністікпен және қамқорлықпен); - олардың оң дүниетанымын, өз-өзіне және ортасына сенімділігін, девиантты мінез-құлқы бар баланың жақындары мен қоғамға қажет екеніне және оның барлығы секілді маңызды, табысты болуға мүмкіндігі мен қабілетінің бар екеніне деген сенімділікті қалыптастыратын мақсаттылы жұмыстарды жүргізуге; - балалар мен жасөспірімдердің және олардың отбасыларының әлем картинасындағы танымдық мақсаттар мен қағидаларды көрсетуге деген оң алғышартын, беталысын қалыптастыруға міндетті. 2. Мектептердің, медициналық және басқа да мекемелердің психолог-педагогтері: - девиантты мінез-құлықтың экспресс-диагностикасының әдістері мен тәсілдеріне ие болуға; - клиникалық әңгіме, терапевтік сынақ техникаларына ие болуға; - девиантты мінез-құлықты неліктен талқылауға және жазалауға болмайтыны туралы идеяны насихаттауға; - девиантты мінез-құлық себебін және жеке тұлға жағдайына келтірілетін зиян дәрежесін анықтауға; - баланың жеке тұлғалығын жасампаздық пен өзін-өзі дамытуға деген күшті потенциалы бар бірегей және альтруистік құбылыс ретінде қабылдауға; - баланың бойынан байқалатын девиацияның бала төтеп бере алмаған жағымсыз тәжірибенің салдарынан туындағанын түсінуге; - баланың жеке басының тәжірибеде іске асыру маңызды болатын жағымды қырлары мен қасиеттерін ашуға міндетті. Гуманистік және түзету ережелерін және балалар мен жасөспірімдерді мектеп және т.б. білім беру мекемелерінің психологтеріне (баламен, баланың отбасымен диагностика, әңгіме, кеңес беру және т.б. психологиялық жұмыстарды жүргізетін), психотерапевтке және мектептен, т.б. білім беру мекемелерінен тыс басқа да мамандарға жіберу тәртібін құруды ұсынамыз. 3. Педагогтер, мектептің полиция инспекторлары, әлеуметтік жұмысшылар: - ұқыпты, зақым келтірмейтін, бірақ «қиын балалармен», яғни жалпы балалардан өз мінез-құлқымен ажыратылатын балалармен тиімді коммуникация орнату әдістері мен тәсілдеріне ие болуға; - баланың жеке басын талқыламауға, бірақ бала мінез-құлқындағы ауытқушылықты көтермелемеуге; - бала өзін-өзі дамыта алатын жағдайларды (ұйым, орталық, үйірме) қалыптастыруға, өзінің жақсы адами қасиеттерін табуға, беделді, маңызды азаматтар секілді ересектермен қатар өзімен жастылардың да тарапынан қолдау мен құптауды сезіндіруге міндетті. Ересектердің мектеп психологінің көмегіне себептердің жеткілікті сипаттамасымен, осы әрекет пен оның нәтижелерінің құпиялылығы, дұрыстығы, адамгершілігін сақтаудың міндетті шарттарымен бірге уақытылы жүгіну жағдайлары мен ережелерін нақты белгілеуді ұсынамыз. Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» курсының сабақ жоспарына девиантты мінез-құлықтың себептері, оның салдары мен алдын алу туралы ақпаратты ойын-әңгіме, тренинг, кейс түрінде енгізуге; девиантты мінез-құлықты маңызды тапсырмалар мен есептерді және т.б. табыстау көмегімен түзетуге; балалар мен жасөспірімдер үшін әртүрлі жағымсыз жағдаяттардағы мінез-құлықтың оң паттерндеріне үйретуге кеңес береміз. Мұндай көмектің негізгі мақсаты – балаларды әлеуметтік жағынан ақталған шешімдерді қабылдауға үйрету, олардың адамгершіліктік-құқықтық әлеуметтенуіне әсер ету. Ата-аналардың сынып сағаттарын және балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын алу шараларын қолдану үшін сынып жетекшімен, психологпен және т.б. қызметкерлермен кездесуді елемеушіліктерін белгілеп алу дәстүрін енгізу. 4. Мектептің медициналық қызметкері, аймақтық терапевт, жалпы тәжірибе дәрігері: - балалар мен жасөспірімдердің болашақтағы денсаулығы үшін девиантты мінез-құлық салдарымен танысуға олармен кездесуді жүйелі түрде өткізуге; - мамандардың көмегіне уақытылы жүгіну бұл ауруды, жалғыздықты, түсініспеушілікті, агрессияны және қоғам тарапынан талқылауды болдырмаудың жалғыз сенімді әдісі екеніне белсенді түрде нандыруға; - білім беру мекемесінің әкімшілігіне хабар бере отырып, девиантты мінез-құлыққа тез ауысатын және девиантты мінез-құлқы бар балаларды және жасөспірімдерді психотерапевтке, наркологке, гинекологке және басқа да мамандарға жіберуге міндетті. Анонимдік өзара әрекеттесу мен кәсіби психологиялық медициналық-психотерапиялық қолдауды қамтамасыз ететін девиантты мінез-құлықтың алдын алудың медициналық орталықтарын құруды ұсынамыз. Девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік-педагогикалық жақтан алдын алу төмендегідей негізгі қағидаларға негізделуі керек: - баланың көңілін гуманистік жолмен табу, отбасын маңызды алдын алу институты ретінде мойындау; - микроортадағы барлық тәрбиелеу-алдын алу қызметтерінің әрекеттер үйлесімі; - социумдағы максималды дараландыру мен алдын алу әрекеттерінің дұрыстығы; - баланың жеке дара резервтерін құрылымдық жағынан қолдану; - когнитивті, мәселелік және әлеуметтік-мәдени саналылық, жалпы танымның механизмдері мен феномендеріне тірек болу. Девианттық мінез-құлықтың алдын алу ұсыныстарының мазмұнында алдын алудың келесі нысандарымен объектілеріболып табылады, оларды осы зерттеуде қарастыру ұсынылады: - отбасы және бала; - бала тұлғасының даму деңгейі; - баланың әлеуметтену деңгейі; - бала жай-күйінің деңгейі. Алдын алудың бұл нысандары мен объектілері төмендегі талдау жүйесінің көмегімен зерттеледі: 1. Отбасы және бала талдау үдерісінде зерттеледі: - демографиялық деректерді; - отбасындағы психологиялық жағдайды; - бала тәрбиесінің үлгісін; - отбасы үлгісін. 2. Баланың жеке басы үдерісінде зерттеледі: - анамнез деректерін талдау; - психологиялық-педагогикалық тестілеу әдістері. 3. Баланың әлеуметтенуі талдау үдерісінде зерттеледі: - үлгерімін; - мектептегі сабақтарға баруын; - қоғамдық іс-шараларға қатысуын; - баланың қосымша білім алумен айналысуын. 4. Баланың жағдайы талдау үдерісінде зерттеледі: - баланың физиологиялық ерекшеліктерін; - баланың психо-соматикалық ерекшеліктерін; - баланың анатомиялық ерекшеліктерін. Төмендегілер девиантты мінез-құлықтың алдын алу мәселелерін шешудегі субъектілер мен қызметтер болып табылады: 1. Отбасы мен бала мәселесін шешудегі субъектілер: қызметі уақытында көмек сұрай алатын, белсенділік көрсететін және бала тәрбиесіндегі ауытқушылық мәселесін шешуге бағытталу болатын бала, ата-ана, баланың өкілі болып табылады. 2. Баланың жеке басының даму мәселелерін шешудегі субъектілер: қызметі іс-шараларды, кеңес беруді; диагностиканы; түзетуді кәсіби түрде өткізу, маманға (терапевт, психиатр) жіберу, психикалық түзетулер жүргізу болып табылатын педагог-психолог, әлеуметтік педагог. 3. Баланың әлеуметтену мәселелерін шешудегі мубъектілер: қызметі ойын-әңігме, тренинг, кейс түріндегі ағартушылық жұмыстарды; маңызды тапсырмалар мен есептерді, еңбек тәрбиесін, көңілді паттерндерге үйретуді және т.б. табыстау түріндегі түзетулерді жүргізуге негізделетін сынып жетекшісі, тәрбиешісі, мектептің полиция инспекторы. 4. Баланың психо-соматикалық жағдайының мәселелерін шешудегі субъектілер: қызметі білім беру, диагностика, кеңес беруді жүргізу, тар бейінді мамандарға жіберу, СӨС насихаттау болып табылатын мектептегі медициналық қызметкер, аймақтық терапевт, жалпы тәжірибе дәрігері. Девиантты мінез-құлықтың алдын алудың жүйелі шараларын іске асыру үшін балалар мен отбасылардың девиантты мінез-құлқын алғашқы сатыларынан-ақ анықтау қажеттігіне сенушілікті қалыптастыратын шаралар жиынтығын қолдану керек. Мұндай жағдайларда девиантты мінез-құлқы бар нақты балалар, жасөспірімдер, отбасыларға қатысты қажетті шешімдерді қабылдау барысындағы қажетті мәдениетті, әдептілікті және анонимділікті қалыптастыра отырып, адами, гуманистік тұрғыдан, максималды түрде дұрыс әрекет ету қажет екенін білген маңызды. Мемлекеттік және қоғамдық сипаттағы шаралардың қайта жасалған жиынтығын қолдану нәтижесінде балалардың, жасөспірімдердің, отбасылардың және осыған қызығушылық танытқан тұлғаның өзін анықталған мәселелер мен оларды шешу жолдары арқылы ақпараттандырумен қамтамасыз ету қажет. Девиантты мінез-құлықтың байқалған кезінде, нормадан ауытқудың ең алғашқы сатысынан-ақ қандай да бір ойластырылған сақтанусыз туындаған қиындыққа байланысты тез арада психотерапевт, психолог, медициналық қызметкер, заңгер немесе полиция қызметкері, әлеуметтік қызметкер және педагогтің көмегіне жүгіну қажеттігі аса мақсаттылы болып табылатыны туралы қоғамдық пікір қалыптастыру да өте маңызды. Барлық мамандарға психологиялық психодиагностика мен кеңес беру саласындағы құзыреттіліктің жоғары деңгейі қажет. Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуының алдын алуда психологиялық білім маңызды рөлге ие болады. Соның негізінде девиантты мінез-құлықтың табиғаты зерттеледі және оның көрінуін ескертуге қатысты тәжірибелік шаралар қолданылады.
|
|||
|