Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Екі түрлі түсініктеме күнделігі.



Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

     

Бөліктің оң жағына Сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткеүзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

 

Рефлексия парағы
Үйге тапсырма

БАҚ-тан тіл туралы мақала оқып,өз пікірін дайындау  

         


                                                                   

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Географиялық карталар көмегімен бір мезгілде бүкіл ғаламшарымызды көз алдымызға келтіріп, тіпті оның жекелеген бөліктерін жан-жақты көре аламыз. Сондықта да географиялық карталар адамзат ақыл-ойының үздік жемістерінің бірі ретінде өзінің қолданбалы мәнін күннен-күнге арттырып келеді. Географиялық карта өзінде кескіндеген құбылыстың сандық және сапалық қасиеттерін көрсететін кеңістік бейнесін жасайды; берілген объектілердің координаттарын, ұзындығын, ауданын, биіктігі мен көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Олардың өзара үйлесімін, байланысын, орналасу заңдылықтары мен ерекшеліктерін көрсетеді. Осы аталған қасиеттер географиялық картаның мәні мен маңызының қаншалықты зор екенін түсіндіреді.

Дипломдық жұмыс негізінен 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Карта-географияның «әліп-биі», яғни географиялық зерттеулердің бастапқы және соңғы сәті.

Егер адамзат өркениетінің дамуының басында карталарды негізінен географтар мен саяхатшылар қолданса, қазіргі уақытта картография қоғамның әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, әскери, саяси өмірінің кез-келген саласында қолданылады. Әскери-өнеркәсіптік кешен жоспарлау үшін де, белсенді әскери операцияларды жүргізу үшін де карталарды пайдаланады, картографиялық дағдыларды игеру оқушының географиялық мәдениетіне қажетті талап болып табылады.

Қазіргі таңда мектептегі географиялық карталарды жеңіл және тиімді оқып-тануда заманауи әдістер пайдаланылуда. Жоғары оқу орындары мен орта білім беретін мекемелерде электронды оқулықтар мен интерактивті карталар кеңінен қолданысқа ие.

Мектеп географиясындағы картаның маңыздылығына ерте бастан мән беріліп келеді. Орыс географтары географияны еш уақытта картасыз оқуға болмайтынын ерте кезден-ақ түсінді. Өйткені олар:

- біріншіден, карта географиялық мәліметтерді есте жақсы ұстап, оны анықтауға қажет;

- екіншіден, картада жер бетінің үлкен бөліктері кішірейтіліп көрсетіледі;

- үшіншіден, карта белгісіз жерлермен таныстырып, оны тексеріп білуге мүмкіндік береді дейді.

Қорыта келе, география пәнін оқып-тануда, зерттеуде картаның атқаратын маңызы зор.

Географиялық карталардың қолдануының мынадай басты бағыттары бар:

1. Карта бойынша кез-келген жерге, ауданға немесе елге бармай-ақ саяхат жасау, сол жердің ерекшеліктерімен карта арқылы кешенді түрде танысу.

2. Карта бойынша бағдар жасау, яғни оның құрлық пен мұхиттағы жол қатынастарындағы басты бағдар ретінде пайдалану.

3. Карталарды әр түрлі инженерлік жобалау (көлік, энергетика, өндіріс, ауыл шаруашылығы) жұмыстарын жүргізу барысында негіз ретінде қолдану.

4. Карталар көмегімен мектепте және мектептен тыс оқушылардың білімі мен мәдени деңгейін көтеру, дүниежүзінің елдері туралы мәліметтерді кеңінен пайдалану.

5. Карталардың қолдану аясы кез-келген мемлекеттің негізгі тірегі болып саналатын әскери іс барысында да кеңеюде. Әскери істе топографиялық карталардың рөлі зор.

6. Географиялық карталардың ғылыми зерттеулер жүргізу барысындағы, әсіресе география салаларындағы маңызы күннен-күнге артуда. Қазіргі заманғы ғылымның даму бағыттарына сәйкес географиялық карталарды алдын-ала болжау мен модельдеу барысындағы рөлі аса зор.

Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен теңіз және құрлық үсті маршрут-сызбаларын анықтауда қолданылып келсе, бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навигациялық қызметті атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инженерлік құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен қалалар және басқа да елді-мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен қолданылады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.