Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Араластыру машиналарының классификациясы



Араластыру машиналарының классификациясы

Қазіргі уақытта араластырудың қолданылып жүрген жүйесіне сәйкес жеке компоненттер қопсытып-майлау машиналарының екі немесе үш машиналарынан тұратын топтарынан пневмоқұбырмен араластыру машинасына беріледі, әрі қарай одан басқа араластыру машинасына қайта араластыру үшін беріледі, ал ол жерден шығынды лабаздарға жатқызуға және тарау аппараттарын қоректендіру үшін жіберіледі.

Араластыру машинасының кез-келген түрі едені қозғалатын камерадан, камерада қоспа компоненттерін себуге немесе төсеуге арналған құрылғыдан, вертикаль бойынша төсемді іріктеуге және компоненттерді араластыруға арналған құрылғыдан тұрады.

Төсем құратын және іріктейтін құрылғылардың жұмыс істеу принципіне және араластыру камерасының формасына байланысты араластыру машиналары келесі топтарға бөлінеді:

- төсегіш тасымалдаушылармен немесе пневматикалық төсегіш құрылғымен;

- тік бұрышты және цилиндрлі камерамен;

- шанышқылы тор және іріктейтін шанышқылы білікшелер түріндегі іріктейтін құрылғылармен.

Қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан шұғалы фабрикаларда және жаңаларын құру кезінде типтік ретінде дөңгелек камералы араластыру машиналары С-12-1 (араластырудың жабық циклымен) және тік бұрышты камералы араластыру машиналары УСВМ-1 және МСП-8-Ш қабылданған. Бұл машиналарда вертикаль бойынша іріктеп болған соң қоспа қосымша араластыру үшін және ары қарай үшін басқа құрылғыларға беріледі (мысалы, компонентті лабаздардан араластыру машиналарына, одан әрі шығынды лабаздарға).

Соңғы уақыттары әртүрлі компоненттерді араластырудың қоспаның аудармайтын тәсілі қолданылады. Қоспаны құру және оны сақтау бойынша барлық операциялары бір камерада жүзеге асырылады. Қоспаны дайындаудың бұл тәсілі «Жабық циклда араластыру» атауын алды және камерада горизонталь бойынша орналасқан компоненттерді қосымша араластыру мен вертикаль тормен іріктеу сол камераға қоректендіру жағынан қоспаны қайтадан қайтару, жолымен жүзеге асырылады. Горизонталь торды жылжыту нәтижесінде босатылған камераның бөлігін қайтарылатын қоспамен толтырады.

Камерадан вертикаль бойынша іріктелген және одан шығарылатын талшықтар массасы камераға қайтарылатын қоспа массасына тең, осының арқасында камераны тиімді пайдаланады және онда талшықтар жақсы араласады.

Тарақты иіруде компоненттерді араластыру алдымен түйдектермен, кейін кардты тараудан соң талшықтармен машиналардың келесі өткелдерінде көп қайтара қайталанады. Осыған байланысты тарақты иіруде әдетте күрделі араластыру машиналар орнына механикаланған лабаздар ЛРМ-40-Ш1қолданылатын кардты тарау алдына компоненттерді бір рет араластыру қолданылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.