Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тарақты өндіріс қоспаларының классификациясы



Тарақты өндіріс қоспаларының классификациясы

Қоспа

топтары                       Қоспа құрамы

 

А. Иірудің жіңішке тарақты жүйесі

І. 64с және одан жоғары жіңішке жабағылы тұқымды қойдың жүні (отандық  

және шет елдік)

Іа Бірінші топтағыдай, вискозалы талшықпен

Іб Бірінші топтағыдай, лавсанды талшықпен

Ів Бірінші топтағыдай, нитронды талшықпен

ІІ 60с жіңішке жабағылы тұқымды қойдың жүні, жіңішке поместі және 

кроссбредті (отандық және шет елдік)

ІІа Екінші топтағыдай, вискозалы талшықпен

ІІб Екінші топтағыдай, лавсанды талшықпен

ІІв Екінші топтағыдай, нитронды талшықпен

ІІІ Жіңішке жабағылы - дөрекі жүнді тұқымды қойдың жартылай жіңішке поместі 

  жүні, цигай және кроссбредті жүн (отандық және шет елдік)

ІІІа Үшінші топтағыдай, вискозалы талшықпен

ІІІб Үшінші топтағыдай, лавсанды талшықпен

ІІІв Үшінші топтағыдай, нитронды талшықпен

 

Б. Иірудің дөрекі тарақты жүйесі

І 56-58с жоғары сортты поместі және І, ІІ-ші сортты жартылай дөрекі жүн 48-58с, кроссбредті, цигай және теңестірілген жүннің басқа түрлері

ІІ Бірінші топтағы дай жүн химиялық талшықпен

III I-ші сортты поместі, III –ші сортты жартылай дөрекі жүн

IV Үшінші топтағы дай жүн химиялық талшықпен

V II -ші сортты поместі жүн, IV және V-ші сортты жартылай дөрекі жүн, I және II-ші сортты дөрекі жүн, 40-44с кроссбредті, цигай және теңестірілген жүннің басқа түрлері

VI Бесінші топтағыдай жүн химиялық талшықпен

 

 

№5 ЛЕКЦИЯ. АРАЛАСТЫРУ. АРАЛАСТЫРУ МӘНІ. АРАЛАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ, ҚОСПА МАШИНАЛАРЫНЫҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ.

 

Араластырудың мәні - әр компонентті өзінше араластыру және қоспа бойынша әр компонент талшықтарының бірқалыпты таралуы. Нәтижеде қоспа құрамы біртекті болады – қоспаның әр үлгісінде барлық компоненттердің талшықтары болады және де қоспа рецептісіне сәйкес қатынаста.

       Жүнді аппаратты иіру жүйесінде компоненттерді араластыру кезінде біртекті қоспа құру үшін тек әртүрлі компоненттерді өзара жақсы араластыру ғана емес, сондай – ақ жеке компоненттерді өз массаларында біртексіздігін төмендету қажет. Бұл мәселе және де көлемі және формасы бойынша әртүрлі және жабысқақтық қасиетті әртүрлі шүйкелер араласуымен қиындатылады, сонымен қатар бұл шүйкелердің формасы мен көлемі араластыру процесінде өзгереді. Жоғары сапалы араластыруға қиындықтың тууы үлкен талшықты материалдың үлкен массасының араласуымен түсіндіріледі (қоспаның бір партиясының жалпы массасы кейде 10 т құрайды).

       Кардты тарауға дейін талшықты материалды өндірудің бастапқы кезеңдерінде қоспа әр компонент талшықтарының толық араласуына қарсылық ететін шүйкелерден тұрады. Сонда да араластыруды өндірістің бастапқы кезеңдерінде бастайды, ал кейін шүйкелерді өңдеп болғаннан соң талшықтарды араластыруды жүзеге асырады.

Иіру өндірісінің әртүрлі кезеңдерінде араластыру келесі тәсілдермен жүргізіледі: қабаттармен, таспалармен, машина камерасында.

Иіруде қабаттармен араластыру барлық түрдегі талшықтарға қолдана береді. Бұл тәсілдің мәні мынадай: қоспаның компоненттері бір-біріне қабаттармен жатқызады, қабаттарға перпендикуляр бағытта материал партиялары бір уақытта барлық қабаттардан алынады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.