Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ. ҚОСПАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ. ТАЛШЫҚ ҚОСПАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ. ҚОСПАЛАРДЫҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ.



№4 ЛЕКЦИЯ. ҚОСПАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ. ТАЛШЫҚ ҚОСПАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ. ҚОСПАЛАРДЫҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ.

 

Жіңішке және тегіс иірімжіп алу - иіру өндірісіне қойылатын ең бір маңызды талаптар. Шикізатты дұрыс таңдау және иіру процестерін тиімді ұйымдастыру кезінде осы талаптар орындалуы мүмкін.

Технолог-иірушінің мақсаты қымбат бағалы шикізаттың қасиеттерін тиімді пайдалану және иіру мен тоқымашылықта минималды үзілгіштікті және жабдық пен еңбектің жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін сапалы иірімжіпті өндіру болып табылады.

Негізгі технологиялық қасиеттері бойынша компоненттер талшықтарының табиғи біртексіздігі – тегіссіз және әлсіз иірімжіп алудың бір себебі, ал қоспаға компоненттерді дұрыс таңдамағанда және араластыруды жақсы жүргізбегенде бұл біртексіздік күшеюі мүмкін.

Қоспаларды құрастыру және араластыру процесстері үзіліссіз байланысқан. Сондықтан алдымен талшықты қоспаларды құрудың негізгі принциптері, содан соң араластырудың әртүрлі әдістерінің мәні мен оларды тиімді жүзеге асыру шарттары қарастырылатын болады.

Талшықты материал қасиеттері тек әртүрлі партия ішінде ғана емес, сондай-ақ жүннің бір партиясы, киптер шектерінде де бірдей болмайды. Талшықтар қасиеттерін түзулеу үшінбіртегіс иірімжіп алу үшін және оның сапасын тұрақтандыру үшін фабрикадан келіп түсетін шикізаттан қоспа құру қажет.

Талап етілетін сападағы біртегіс иірімжіп алу үшін қоспа рецептін дұрыс құру қажет, сонымен қатар оның барлық компоненттерін жақсы араластыру керек. Қоспа рецептісі – қоспадағы әрбір компоненттің пайыз үлесі.

Араластыру мақсаты – компоненттер талшықтарын жақсылап араластыру және оларды қоспаның бар массасында біртегіс үлестіру. Бұл үлестіру былай болуы керек, яғни қоспаның азғантай үлгісіндегі компоненттер арасындағы қатынас берілген қоспа рецептісіне жақын болуы тиіс.

Құрамы бойынша біртексіз қоспадан алынған иірімжіп қасиеттері біртексіз болады, ал бұл иірімжіптен алынған маталар құрылысы, қасиеттері және сапасы бойынша біртексіз болады. Талшықтары біртексіз үлестірілген созбаны иірімжіпке өңдеу үлкен үзілгіштікпен өтеді, иіруде қалдықтар едәуір бөлінеді.

Осылайша араластыру мақсаты мыналардын тұрады, яғни қасиеттері бойынша бірқалыпты иірудің жартылай өнімдерін және иірімжібін алу.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.