Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Созбаны орау



Есу

 

Қабаттардың жолақтарын есу өнімнің жүрісі бойынша айналмалы қозғалыс жасайтын және көлденең бағытта қайтымды-үдемелі қозғалыс жасайтын есу жеңдерінің жұптарымен жүзеге асырылады. Әр жұптағы жоғарғы және төменгі жеңдер қайтымды-үдемелі қозғалыс жасай отырып, бір-біріне қарама-қарсы қарай жылжиды, яғни жеңдер қарсы фазада жұмыс істейді. Белдемшелерден шыққан кезде төсем жолақтары есу жеңдері арасындағы ара-қашықтыққа түседі (46-сурет). Ара-қашықтық жолақтар қалыңдығынан төмен болғандықтан, олар жеңдермен қысылады және түйісу аймағында үйкеліс күштері пайда болады. Жеңдермен бірге алға жылжи отырып жолақтар нығыздалады және дөңгелек қимадағы сызбаға түйіршіктеледі. Түйіршіктелу жеңдер жұптарының қайтымды-үдемелі қозғалысының нәтижесінде болады. Түйіршіктелудің айналу санын есудің қарқындылығы деп атайды.

Есудің нақтылы қарқындылығы мына формула бойынша анықталады:

                                     (1)

 

мұндағы  - созба және жеңдер арасындағы сырғуды есепке алатын бірден төмен коэффициент.

Созбаны орау

 

Есу жеңдерінен шығар кезде созбаның әрбір жібі жіп төсегіштің бағыттағыштары арасынан өтеді және орау білігінде жататын оқтауға оралады. Есу жеңдерінің әр жұбына бір орау білігі сәйкес келеді. Оқтауға оралған созба цилиндрлі формадағы бобинаны қалыптастырады. Бобина үйкеліс күшінің әсері нәтижесінде орау білігінен тұрақты шеңберлі жылдамдықпен айналмалы қозғалыс алады.

Жіп төсегіш орау біліктерін бойлай қайтымды-үдемелі қозғалыс жасайтындықтан, созба жіптері қиыстырылып айқаспа серіппелері түрінде оқтауға оралады. Мұндағы әр жіп айналма құрайды, ал барлық айналмалар бобинаны құрайды. Айқаспа орам өте ыңғайлы, өйткені ол жіптердің шатасып кетуіне мүмкіндік бермейді және иіруде жеңіл тарқатылады. Бобинадағы жіптер саны аппараттағы жұмыс белдемшелерінің және бобиналардың санына сәйкес келеді.

Созбаның оралу жылдамдығы  орау біліктерінің  шеңберлі жылдамдықтарының геометриялық қосындысына және жіп төсегішітің жылдамдығына  тең. Жіп төсегіш жылдамдығы орау білігінің жылдамдығына қарағанда төменірек және созбамен орау біліктерінің арасында кішігірім сырғанау пайда болады, онда  

Бобинаға созбаны ораудың қажетті тығыздығын қамтамасыз ету үшін, орау біліктері мен есу жеңдері арасында кішігірім созудың болуы қажет. Мұндай созудың шамасы 1,05-1,1 құрайды.

Созба кареткаларын жетілдіру бірнеше бағытта дамып жатыр. Тарау аппаратының өнімділігін жоғарылатуды ұстап тұрған себептердің бірі, әсіресе жіңішке созбаны өндірген кезде, есу аспабының жеткіліксіз қуаттылығы. Оны екі тәсілмен жоғарылатуға болады: есу жеңдерінің жұмыс аймағының ұзындығын жоғарылату есебінен, немесе эксцентрик білігінің айналу жиілігін жоғарылату есебінен.

Кейбір фирмалар есуге қабілеттілігі төмен қоспаларды қайта өңдеу үшін, екі есу жеңдері бірінен кейін бірі орналасқан кареткаларды шығарады. Бірақ мұның ең тиімді жолы эксцентрик білігінің жылдамдығын жоғарылату болып табылады, мұндай жағдайда жеңдері көлденең орналастыру механизмінің жетілдірілген кинематика және балансировканың болуы қажет, бөлшектерді дайындау дәлдігі де жоғары болу керек, сонымен қатар жеңіл және төзімді құймаларды пайдалану қажет. Заманауи жаңа аппараттарда есу жеңдерінің өз электрқозғағышынан алатын автономды жетегі болады. Жетекте эксцентрик білігінің жылдамдығын реттеуге мүмкіндік беретін баспалдақсыз вариатор орнатылған.

Былғарыдан жасалған бөлу белдемшелерінің және есу жеңдерінің кемшіліктері бар, яғни былғары материалдарының физика-механикалық қасиеттерінің біркелкісіздігімен байланысты. Қазіргі кезде былғарыдан жасалған есу жеңдері рәзіңке жеңдермен алмастырылған. Сонымен қатар аралас синтетикалық полимерлі материалдардан жасалған бөлу белдемшелерін жасау жұмыстары жүргізілуде.

Созбаны шығару жылдамдығын 25 м/мин жоғарылатса, жасалған бобиналарды түсіру және жаңа оқтауларды қолменен сабақтау қиын. Бұл мәселе екі бағытта шешіледі. Бефама аппараттарында бобина жасалып біткенде аппараттың жылдамдығын шамамен 40%-ға автоматты түрде түсіретін арнайы қондырғы қарастырылған, яғни бобина түсірілгеннен кейін және оқтауларды сабақтағаннан кейін жылдамдық автоматты түрде бастапқы қалыпқа келеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.